«Су – тіршілік көзі» тақырыбында сынып сағаттар өтті
«Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігімен бекітілген және Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісілген 2024–2026 жылдарға арналған Су үнемдеу жөніндегі Жол картасының 5.2 тармағын орындау мақсатында, сондай-ақ «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мен сапалы өткізу мақсатында 9 желтоқсан күні «Су – тіршілік көзі» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Сынып сағаттарының өзектілігі: Жыл сайын ауыз су қорының мөлшері күрт азайып келеді. Ішуге жарамды су мәселесі – ең өзекті әрі жаһандық мәселелердің бірі, себебі әрбір адамның өмірі мен әл-ауқаты судың қолжетімділігіне байланысты. Жаһандық мәселелер әлемдік деңгейде шешіледі, алайда әрбір адам табиғатты қорғауға өз үлесін қосуы қажет.
Сынып сағатын өткізудің мақсаты: судың маңызды табиғи ресурс екендігі жөніндегі білімдерін жүйелендіру, оларда тіршілік көзі ретінде суды тұтыну мен суды үнемдеу мәдениетін қалыптастыру.
Жұмыс тобы: 1-11 сынып оқушылары.
Өткізілген сынып сағаттар туралы анықтама әлеуметтік желілерде #БіртұтасТәрбие – СуЭкологиясы, #СудыңПайдасы хэштегтермен жарияланды.
https://www.instagram.com/p/DDW3cNfud6X/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== https://www.instagram.com/p/DDW3RDEuOyb/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== https://www.instagram.com/p/DDW26c5OZxu/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== https://www.instagram.com/p/DDWnYdQCT5z/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==