«Нашақорлық пен құмар ойындардың зардабы» бірыңғай тәрбие сағаты өткізілді.
Оқушыларды оқушыларды патриоттыққа, ұлттық тәрбие, адамгершілікке, тұлға болып қалыптасуға ықпал ету;
құндылықтарды білім, тәрбие, білік және дағды түрінде оқу-тәрбие процесінде ұйымдастыру мақсатында 2024 жылдың 18 қараша күні сағат 11.00 де 1-11-сыныптарда «Нашақорлық пен құмар ойындардың зардабы» бірыңғай тәрбие сағаты өткізілді.
Бірыңғай тәрбие сағаты Қазақстан Республикасының гимнін орындаумен басталды.
Кіріспе сөзде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында сөйлеген сөзінде балалар арасында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңызын атап, білім беру ұйымдарындағы тәрбие ісіне ерекше назар аударуды тапсырып,
осыған орай 2023 жылы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы әзірленіп, барлық білім беру ұйымдарына енгізілгені туралы айтылды.
Оқушылар арасында "Нашақорлық деген не? Құмар ойындары дегенді қалай түсінесіздер?" тақырыбында қысқаша пікір алмасу ұйымдастырылды.
- Нашақорлықтың зардаптары: денсаулыққа зияны, отбасы мен қоғамға әсері, адам өміріне әкелетін қауіптері.
- Құмар ойындарының зардаптары: қаржылық қиындықтар, отбасы мен жеке өмірге әсері, психологиялық тәуелділік түсіндірілді.
Оқушылар "Нашақорлық пен құмар ойындарына қарсы қандай алдын алу шараларын ұсынар едіңіздер?"
"Өмірде өзіңізді қорғаудың қандай жолдарын қолданасыз?" тақырыптарында өз ойларын ортаға салды.
1-11-сыныптар арасында бірыңғай тәрбие сағаты сынып кабинеттерінде өтті. Сынып сағаттарына мектеп әкімшілігі және пән мұғалімдері қатысты.

