Мен және менің полицейім!
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында «Мен және менің полицейім» акциясы өтті
Мектеп-гимназияның барлық сыныптарында «Қоғамдық орындар мен жүргінші жолдардағы қауіпсіздіктің негізгі ережелері»тақырыбында дәріс оқылып, оқушылардың жолдағы қауіпсіздік ережелері туралы білімдері тереңдетілді. 0-4 сынып оқушылары арасында «Мен және менің полицейім» суреттер байқауы ұйымдастырылып, көрме безендірілді.8-11-сынып оқушылары арасында «Мен және менің полицейім» тақырыбында эсселер байқауы өтті. 5-7-сынып оқушылары «Мен және менің полицейім» тақырыбында өткен қабырға газеттер байқауына белсене қатысып, 5ә,6а,7а сыныптарының қабырға газеттері үздік деп танылды. 1-11-сынып оқушылары арасында «Танымайтын адамдарға жолығып қалған кезде өздерін ұстау ережесі» тақырыбы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге «Ересек адамдармен қарым – қатынас» тақырыбында дәріс ұйымдастырылды. Д.Айтахунованың ұйымдастыруымен 3-4-сынып оқушылары арасында «Полицей - дос және қорғаушы» тақырыптық ойын өтті. 1-2-сынып оқушылары арасында АІІБ-не «Мен және менің полицейім»тақырыбында экскурсия ұйымдастырылды.
Мектеп-гимназияның барлық сыныптарында «Мен және менің полицейім» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
В средней школе-гимназии имени Кадыргали Косымулы Жалаири прошла акция «Я и мой полицейский»
Среди учащихся средней школы-гимназии проведена лекция на тему «Правила поведения в общественных местах и правила безопасности на дорогах». Учащиеся начальных классов организовали выставку рисунков «Я и мой полицейский».Среди учащихся 8-11классов прошел конкурс сочинений и стенгазет на тему «Я и мой полицейский». Проведены профилактические мероприятия на тему «Правила поведения с незнакомыми взрослыми людьми» . Под руководством учителя начальных классов Д.Айтахуновой среди учащихся 3-4классов прошла тематическая игра «Полиция – друг и защитник».Учителя 1-2классов провели экскурсию «Я и мой полицейский» в РОВД Коксуского района.
Во всех классах проведены классные часы на тему «Я и мой полицейский».