02
сентябрь
2024
"Абайлаңыз,балалар!"
Жаңа оқу жылының басталуына орай жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында «Абайлаңыз,балалар!» акциясы аясында жол көлік полициясының қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жетісу облысы Патрульдік Полиция Батальонының кызметкерлері және ППБ взвод командирі полиция капитаны Бақытжан Берікұлы Джапаров келіп, мектеп-гимназия оқушылары арасында " Жолда жүру ережелері" тақырыбында ақпараттық-насихат жұмысын ұйымдастырды.