"Менің Отаным-Қазақстан" тақырыбында сынып сағаттар өтті
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп – гимназиясында 2024 жылдың 2 қыркүйек күні «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтті.
Сынып сағаттары аясында педагогтер білімге деген ұмтылыс, патриотизм және еңбекқорлық, жаңа оқу жылында рухани құндылықтарды қалыптастыру мен дамыту туралы бірлескен талқылау ұйымдастырып, достық қарым-қатынастың, жауапкершілік пен бір-біріне деген құрметтің маңыздылығын ашуға тырысты.
Сынып сағатының шеңберінде ұлттық құндылықтардың, патриотизмнің, адалдықтың, адам өміріндегі бір-біріне деген құрмет пен сенімнің рөлін талқылауға ерекше назар аударылды, Қазақстан Республикасынвң мемлекеттік рәміздері насихатталды, оқушылардың білімдері пысықталды.
Сынып сағатында 10 минуттық қауіпсіздік сабақтары өткізілді.Қауіпсіздік сабақтары бекітілген күнтізбелік тақырыпқа сай өткізілді.
Сонымен қатар, бірыңғай сынып сағатын өткізу кезінде оқушылардың жас ерекшеліктері мен олардың дайындық деңгейінің ескеріліп, балалардың жазғы демалыстан алған әсерлері талқыланып, мұражай, кітапхана ресурстары пайдаланылды, заманауи интерактивті технологиялар, қосымша көрнекі құралдар қолданылды.