"Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының" салтанатты ашылуы өтті
2024 жылдың 14 ақпан күні Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп –гимназияда «Ата-аналарды қолдау орталығының» жұмысын таныстыруға арналған салтанатты іс-шара өтті.
Шараға аудандық білім бөлімінің маманы Н.Қ.Талипова, аудан мектептерінің директорлары мен ТІЖО,Әжелер мен Әкелер алқасының мүшелері, мектеп-гимназия оқушыларының ата-аналары қатысты. Шара барысында мектеп-гимназия директоры М.Б.Тулекенов 2023 жылдың қазан айынан бері жұмыс жасап келе жатқан «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» жұмысымен және жұмыс тобымен таныстырды.
Орталықтың сабақтарына қатысып келе жатқан Әкелер, Әжелер алқасының мүшелерінің пікірі тыңдалды.
https://www.instagram.com/reel/C3U5U66tczO/?utm_source=ig_web_copy_link"Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының" арнайы кабинетінің тұсаукесері өтті.
Сонымен қатар, үш алаңда: 1-4, 5-9,10-11- сынып оқушыларының ата-аналарына арналған кезекті бесінші сабағы өтті.
«Ата-аналар мектебі» жобасы аясында 1-4 -cынып оқушыларының ата-аналарымен «Құмар ойындары – тәуелділік қақпаны. Балалардың компьютерлік ойындарға тәуелділігін қалай еңсеруге болады» тақырыбында бесінші сабағы өтті. Сабақты "Адамның үйлесімді дамуы" институтының " Ата-аналарды педагогика-психологиялық ағартудың ғылыми-әдістемелік негіздері" тақырыбындағы курсының сертификат иегері,3 Б сынып жетекшісі А.Досанова өткізді.
https://www.instagram.com/p/C3U4sKmtngG/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA5-9 -сынып оқушыларының ата-аналарымен 5-сабақ «Информациятан ақ-қараны ажырату өнері» тақырыбында өтті. Сабақты "Адамның үйлесімді дамуы" институтының " Ата-аналарды педагогика-психологиялық ағартудың ғылыми-әдістемелік негіздері" тақырыбындағы курсының сертификат иегері, 9 А сынып жетекшісі Б.Төлеубай және 7 А сынып жетекшісі М.Жапарова өткізді.
https://www.instagram.com/p/C3U7pXGN6Fa/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
10-11- сынып оқушыларының ата-аналарымен 5-сабақ «Әлеуметтік желілер және интернет кеңістігі: жоғары сынып оқушыларының қауіпсіз мінез-құлқы» тақырыбында өтті. Сабақты "Адамның үйлесімді дамуы" институтының " Ата-аналарды педагогика-психологиялық ағартудың ғылыми-әдістемелік негіздері" тақырыбындағы курсының сертификат иегері, 11 Ә сынып жетекшісі С.Жапсарбаева және 10 Б сынып жетекшісі Ж.Тулендинова өткізді.
https://www.instagram.com/reel/C3VOyqwt1dp/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA