"Баланың бас ұстазы-ата-ана"
2024 жылдың 31 қаңтар күні Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназия ата-аналары арасында «Баланың басты ұстазы-ата-ана». «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, буллингтің, кибербуллингтің, зорлық-зомбылықтың, лудоманияның алдын алудағы отбасының рөлі» тақырыбындағы ата-аналар жиналысы семинар-практикум түрінде өтті. Шараға мектеп-гимназия ата-аналар комитетітінің төрағасы А.Сырманаева, қамқоршылық кеңесінің төрағасы С.Усенова, 1-11-сыныптардың ата-аналар комитеттерінің төрағалары, сынып жетекшілер, ТІЖО Г.Мейрбекова, Г.Кусманова, педагог-психологтар Ғ.Белгібаева, М.Майкенова қатысты. Барлығы 33 ата-ана, 10 мұғалім қатысты.
Педагог-психолог Ғ.Белгібаева семинарға қатысушылар арасында жағымды көңіл-кдомқалыптастыру мақсатында психологиялық тренинг ұйымдастырылды.
ТІЖО Г.Мейрбекова оқушыларға қатысты зорлық-зомбылықты, жәбірлеуді (буллингті), кибербуллингті анықтап, алдын алу, қорғауды ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №386 бұйрығымен және оқушыларды мектепішілік есепке алуды ұйымдастыру 2023 жылғы 28 желтоқсандағы №398 бұйрықпен, Жетісу облысында кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарыс қылмыстардың жолын кесу және азайту жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған кешенді жоспарымен, «Зорлық-зомбылыққа, буллингке,кибербуллингке ұшыраған немесе оған куә болған кәмелетке толмағандарды ерте анықтау және көмек көрсету әдістемесін бекіту туралы ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №917 бірлескен бұйрығымен таныстырып, аталған бағыттағы жұмыстарды іске асырудағы ата-аналардың жауапкершілігін атап өтті.
Сынып жетекшілер ӘБ жетекшісі Ж.Абишева ата-аналармен «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, буллингтің, кибербуллингтің, зорлық-зомбылықтың, лудоманияның алдын алудағы отбасының рөлі» тақырыбында топтық жұмыс ұйымдастырды.
Шара барысында ата-аналарға бала тәрбиесіне қатысты бейнефильмдер көрсетіліп, талқылау ұйымдастырылды.