31 мамыр күні сынып сағаттар өтті.
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы мектеп – гимназиясында 2023 жылдың 31 мамыр күні кесте бойынша соңғы сабақта сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарында оқу жылының қорытындысы айтылып, үздік оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
4 маусым-Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні аясында мемлекеттік гимн орындалды. Оқушылар арасында мемлекеттік рәміздер туралы викториналық сұрақтар қойылып, рәміздер туралы білімдері тереңдетілді.
31 мамыр-саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні туралы мәлімет берілді. Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған тарихи тұлғалар туралы айтылды.
Сонымен қатар, «Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері» таныстырылды.
«4 маусым-Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні», «31 мамыр-саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні», «Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыптарында презентациялар мен бейнероликтер көрсетілді.