«Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында 22 қыркүйек-25 қазан аралығында «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы өтті.
Акция мақсаты: балаларды білім беру ұйымдарына тасымалдауды ұйымдастыру барысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп автобустарымен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын-алу, жол жүру ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Қауіпсіз мектеп ортасын қалыптастыру бойынша арнайы комиссия құрылып, оқу сыныптарының, мектеп асханасының, спорт залының, медициналық кабинеттердің, су құбырларының, жылу жүйесінің жұмысқа дайындығы, ғимараттың өртке қарсы және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай болуы, мектепке келетін жолдың қауіпсіздігі тексерілді. Мектеп-гимназия алдында «Балалар» белгісін орнатылған, «Жаяу жүргіншілер» жолағы бар өткелдер, арнайы жасалған «жатқын полицейлер» жасанды жол кедергісі бар. Мектеп-гимназия маңында қолданыстағы бейнебақылау камералары жұмыс істейді.
Мектепке балаларды тасымалдайтын автобус техникалық дайындығы тексеріліп, жүргізуші А.Балапанов жүргізуші міндеттерімен таныстырылды. Оқушы таситын автобустың қозғалыс кестесі бар, бекітілген. Мектеп- гимназия оқушыларын үш маршрут бойынша тасиды.
Барлық сыныптарда оқушылармен өмір қауіпсіздігі туралы әңгімелер жүргізіліп, мектеп-домсызбалары сызылған. 22-30 қыркүйек аралығында 1-4-сынып оқушылары арасында «Қауіпсіз жол» атты суреттер байқауы ұйымдастырылып, көрме безендірілді. 1-6 қазан аралығында 0-2-сынып оқушылары арасында «Жолда жүру ережесі» бойынша мультфильмдер көрсетілімі ұйымдастылылды. 2 қазанда бірыңғай «Жолда жүру ережелері» сынып сағаттары өтті. 7 қазанда БҰ ұйымдастырумен жол қозғалысына қатысушыларды жолда абай болуға шақыру мақсатында «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!» үгіт-насихат жұмысы жүргізілді.