«ҚАТЫГЕЗДІК ПЕН ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» ақпараттық науқаны өтті. » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72838) 2-01-16
Бухгалтерия
+7(72838) 2-01-16
Версия для
слабовидящих
» » «ҚАТЫГЕЗДІК ПЕН ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» ақпараттық науқаны өтті.
19
ноябрь
2020

«ҚАТЫГЕЗДІК ПЕН ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» ақпараттық науқаны өтті.

Мектеп-гимназия бойынша 9-20 қараша аралығында «ҚАТЫГЕЗДІК ПЕН ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» атты ақпараттық науқаны өткізілді.

Жоспар бойынша  9 қарашада қазақ тілі пәнінің мұғалімдері А.Даутова мен Г.Ахметованың ұйымдастыруымен 7-11-сынып оқушылары арасында  «Зорлық-зомбылықсыз әлемді қалай құруға болады» атты үздік эссе   байқауы өтті.

10-13 қараша аралығында ата-аналар қауымы үшін «Зорлық-зомбылықтың алдын алу. Отбасы, мектеп, қоғам мәселесі» тақырыбы аясында онлайн семинар өтті.

10-15 қараша аралығында қыздар және ұлдар кеңесінің жетекшілері Г.Шайза мен А.Рамазановтың басшылығымен «Түнгі қаладағы бала» рейдтері жүргізілді.

БҰ ұйымдастыруымен Кәмелетке толмағандар арасында қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу бойынша АПБ қызметкерлерімен онлайн кездесу ұйымдастырылды. 10-сынып оқушылары арасында «Мектеп-қатыгездік пен зорлық – зомбылықтан азат аумақ» тақырыбында пікір алмасу ұйымдастырылды.

Мектеп-гимназия психологтары Ғ.Белгібаева мен М.Майкенова «Психологиялық қызметтің және отбасын қолдау қызметінің тиімділігін арттыру мәселелері» бойынша  психологиялық   онлайн кеңес ұйымдастырды.

1-11-сыныптарда «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында сынып сағаттар өткізіліп, тақырыпқа сай презентациялар мен бейнероликтер көрсетілімі ұйымдастырылды.

7-11-сынып оқушылары арасында "Жасөспірімдің қауіпсіз жыныстық дамуы» тақырыбы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша тәрбиелік шаралар ұйымдастырылды.

Информациятық науқан аясында өткізілген шаралар туралы анықтамалар әлеуметтік желілерде жарияланды.

Әлеуметтік желілерде мектеп-гимназияның «Сенім» телефоны және психологтары мен әлеуметтік педагогтың байланыс телефондары жарияланды.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив