«Бәрі менің қолымда!» тренингі » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
декабрь
2020

«Бәрі менің қолымда!» тренингі

Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясының педагог-психологы Белгібаева Ғ.


Қатысушылар: 8-9 сынып оқушылары

Ұйымдастыру формасы: зум платформасы арқылы

Мақсаты:


Білім алушылардың өзіндік тұлғасына сенімділік орнату, өз бойындағы қорқыныш, сенімсіздік стереотиптерін жойып, «Мен» концепциясын жоғары ұстауға машықтандыру.

Барысы:

«Менің есімім» жаттығуы.

Оқушылар өз аттарын айтып, бойындағы жақсы қасиеттерін айтады.

Психолог сөзі:


- Құрметті білім алушылар қазіргі қоғамда тұлға болып қалыптасу үшін, алдымен өзіңді-өзің танып, түрлі жағдайларда жаман-жақсыны ажырата алу керек. Бүгінгі тақырып «Бәрі менің қолымда!» осы тақырыптың мағына төркінін ашып алайық.


Пікірталас ережесі:

  • Тыңдау әдебін сақтау;
  • Өз пікірін ашық білдір;.


  • Ашық, көңілді болу;
  • Белсенділік таныту;
  • Сыйластықта болу;
  • «Мен»принципін ұстану;
  • «Мұнда және қазір» болу.


1 сөз – Бәрі

2 сөз – менің

3 сөз – қолымда! Осы пікірді талқыға салайық .

Мысал «Бәрі өз қолыңда!» шығыс ертегісін айту.


Жан – жағымызға мұқият қарасақ, айналамызда күйбең тіршілік жүріп жатыр. Адамдар еңбек етуде, жұмысқа бара жатады, жұмыстан қайтып жатады. Демалады, қонаққа барады, алға қойған мақсаттарына жетіп, басқа бір мақсаттар қойып жатады. Кейбіреулер болса қайғы - мұңды бастарынан өткеріп жатады. Ал, кейбіреулер не үшін өмір сүріп жүргендерін, қиындықтардан қалай құтылу керектігін білмей өмірден түңіліп жатады. Бұл – өмір. Қалтарыстары мен қиындықтары көп осынау өмірде адамдар бір – біріне және өздеріне мейіріммен қарап, ізгі ниетпен жақсылық жасай білу керек. Сол қиындықтарды жеңу жолдарын іздеп, алға қойған мақсаттарына жете білулері әркімнің өзіне байланысты екен. Олай болса, бүгінгі тренингіміз осы өзіміз таңдаған өмірімізде мәнді де, мағыналы өмір сүру әрқайсысымыздың өз қолымызда. Бүгін, тренинг барысында өзіміз сүріп жатқан өмірді танимыз, өзімізді танимыз деп ойлаймын.


Релаксациялық жаттығу: «Менің қолымнан барлығы келеді»


Мақсаты: Ғажайып баққа саяхат жасау арқылы дүниенің бірлігін, біртұтастығын, әр адамның қайталанбас тұлға екенін сезінуін қамтамасыз ету, өзін бағалай білуге жетелеу. Қазір мен мәтіндерді оқимын сіздер оны естіп, елестеп, сезінулерің керек. Ыңғайлы отырып, терең дем аламыз. Көзімізді жұмамыз. Көз алдыңыз қараңғыланып кетті. Қараңғылық ішінен әдемі өрнекті түрлі-түсті қақпа пайда болды да, жарқ етіп ашылып кетті. Әрі қарай өтіңіз. Сіз тамаша бақтың ішіңдесіз. Алуан түрлі гүлдер тобы сізге қарап,сүйіспеншілікпен иіліп, тербеліп сәлем бергендей болды. Кенет гүлдер тез көбейе бастады, жүздеген мыңдаған қызылды жасылды гүлдер жер бетін жауып кетті. Шеті мен шегі жоқ… Самал жел таза ауа мен гүлдердің иісін жеткізеді. Сізді жеңілдік пен еркіндік, қуаныш сезімі билейді. «Әр гүлдің өзінше бір исі бар, өзіне тән сұлулығы бар екенің ұмытпаңыз!» Өзіңізді бағалай біліңіз. Өзіңізді де, айналаңдағылардың бәріне де сүйіспеншілікпен қарауға тырысыңыз! Сіз өзгелерге қалай қарасаңыз, сізге де өзгелер солай қарайды. Сіз өзіңізді қалай сыйласаңыз, сізді де өзгелер солай сыйлайды. Маған іштей қосылып қайталаңыз: «Мен – ол — мен» бүкіл әлемде маған ұқсайтын жан жоқ. Менің барлық жеңісім мен табысым тек маған ғана тиесілі. Менің барлық жеңілісім мен қателігім өзімдікі. Менде бәрі жеткілікті. Мен өте тамаша адаммын. Мен өмірдегі ең бақытты адаммын. Менің қолымнан бәрі келеді!


Талдау:

  • Елестеу кезінде қиындықтар болды ма? қандай сезімде болдыңыздар?

«Ойланып көрейік» жаттығуы.


Мақсаты: Өмір туралы ұғымдарын дамыту.


Нұсқау: Төменде берілген сұрақтарға жауап таңдап алып, дәлелдеңдер. Адам не үшін өмір сүреді?

  • Үлгілі отбасын құру үшін.
  • Білім алу үшін.


  • Қоғамға және өз ортасына пайда келтіру үшін.
  • Үлкен дәулетке қол жеткізу үшін.
  • Өзін өзгелерге таныту үшін.
  • Адал достар көп болу.
  • Өзі сүйген адамының сүйіктісі болу.

Өмірде үлкен табысқа жету үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?


  • Еңбекқор, адал, әділ болу
  • Қабілетті, дарынды болу.
  • Өзін және өз мүмкіндіктерін жақсы білу.
  • Адамдармен тіл табыса білу.


Қорытынды: Өміршеңдік ережелер.


Өз күшіңе деген сенімсіздікпен қалай күресуге болады? Кез келген іске төмендегідей көңілмен кірісейік: иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен, іштей табысқа жетуге талаптанып:

  • Жігер деген  Мен.
  • Күш деген  Мен.


  • Махаббат деген  Мен.
  • Кешірім деген  Мен.
  • Құдірет деген  Мен.
  • Жасөспірім деген  Мен.


  • Даналық деген  Мен.


  • Денсаулық деген  Мен.
  • Жарқындық деген  Мен.
  • Бар ғажайып деген  Мен.
  • Бәрі маған байланысты.
  • Бәрі менің қолымда!!!  деп өзіңізді сендіріңіз.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив