«Өмір ғажап» шығармалар байқауы » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
февраль
2021

«Өмір ғажап» шығармалар байқауы

«Өмір ғажап» шығармалар байқауы

Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында 8-10 ақпаны арасында 4-9 сынып оқушылары арасында «Өмір ғажап» тақырыбында шығармалар байқауы өтті. Байқауға 4-9 сыныптың 18 оқушысы қатысты. Жас ерекшеліктерін ескере отырып 4-5,6-7,8-9 сыныптар арасынан ең үздік үш оқушы шығармасы ерекшеленді. Олар:  Нартаева Айдана 4ә сынып оқушысы, қушысы  6а сынып оқушысы Алмабай Арлан, оқушысы  8ә сынып оқушысы Құдайберген Жасмина.






Бақытты балалық шақ



Балалық шақ, адамның ең бір қызықты шағы. Балалар неліктен бақытты, себебі олар өтірік айтуды білмейді, білгенінен білмегені көп болған соң, әрбір жаңадан үйренген әрекетіне қуанады.

 Мен бақытты баламын, әкешім мен анашымның еркесімін. Олар маған өз бойындағы барлық жақсы қасиеттерін сіңіруге күш салуда. Олардың тәрбиесінен мейрімділік пен қатар қаталдықты аңғарамын. Мен оған ренжімеймін, тәртіпке бағынған құл болмайды. 

Тәртіп адамды жауапкершілікке баулиды. Ал, жауапкершілікті сезінген адамның ісі әруақытта тындырымды болады. Мен, мен барлық жағдай жасап отырған ата-анама ризамын, ал, ата-анам менің жетістіктеріме риза. Олай болса мен бақытты баламын.



Қадырғали Қосымұлы Жалайыри 

атындағы орта мектеп-гимназиясының 

 оқушысы  Нартаева Айдана 4ә сынып







Бақытты болу - өз қолында


Бақытты болу әр адамның өз қолында. Егер жетістіктерімізді қанағат тұтып, әр ісімізді ізгілік жолымен атқаратын болсақ, өзімізді бақытты сезінетін боламыз. «Қанағат қарын тойғызады»-дейді халық философиясы. Ендеше, қанағат болған жерде бақыт та болады.

Бақыт – бір адамға ғана тән емес, ол өзгелерге ортақ болуы керек. Біздің бақытымыз өзгелерге шуағын төге білсе, нағыз бақытқа айналады. Өмірдің қызығы да сонда!

Бір күні сіздің бөлмеңіздің терезесінен көк құс бөлмеңізге ұшып келді. Бұл адасқан құс сізді қызықтырды, және сіз оны өзіңізге қалдырғыңыз келді. Сіз ол құсты торға салып қойдыңыз. Бірақ сізді таң қалдыратыны бұл құс келесі күні көк түстен сары түске айналды. Бұл құстың басқа құстардан ерекшелігі — әр түні өзінің түсін өзгетуінде еді. Үшінші күні таңертеңгісін ашық қызылға, төртінші күні мүлдем қара түске айналды.

Біздер қазір бақытты болып өсіп келеміз. Алдымызда не керек болса, сол тұр. Білімге керек нәрсені ізденбей жатып-ақ, компьютер, ұялы телефон, интернеттен табамыз.

Ал өткен ғасырлардағы әже-аталарымыз тіпті оқи алмай, балалықтың бал дәмін тата алмады. Әрине, өкінішті.

Ал біз  әлі балалығымызды қимаймыз. Бара-бара, есейген кезде сол балдәурен балалық шағымызды сағынатынымыз белгілі. Кейбіреулер өздерін балалық шақпен ерте қоштасқандай сезінеді. Олар қателеседі. Себебі, олар балалық шақтың құдіретін сезіне алмай жүр. Сондықтан да менің достарыма айтарым, балалық шақтың бал дәмін сезінген бұл кездің ең бақытты шақ екенін ұмытпайық, абзал достар!

Әр адам өз өмірінің бақытты болғанын арман етеді. Ол үшін алдына мақсат қойып, көптеген игілікті істерді жүзеге асыруға ұмтылады. Ондай адамның жүрегін рмзашылық сезімі билеп, жаны рахатқа бөленеді. Бақытты болу әркімнің өзіне байланысты. Өз өмірін аялап, барды қанағат тұтқан адамның құшағы бақытқа толы болады. Қасыңда жүрген адамдардың қуанышын, бақытын, жақсылығын өзінің табысындай көре білген адам бақытқа кенеледі. Әрбір атқан таң мен батқан күннен бақыт тілеген адам мұратына жетеді.

Қадырғали Қосымұлы Жалайыри 

атындағы орта мектеп-гимназиясының 

 6а сынып оқушысы Алмабай Арлан

Мен- бақытты баламын

Бақытын – мен, бақытым деп біл мені,

Мені білсең, бақытыңды білгенін.

Ал мен үшін ең бақытты күндерім –

Балам, саған бақыт іздеп жүргенім

        Біз еліміздің тәуелсіздігінің арқасында бақытты балалық шақты өткізудеміз. Біздің алаңсыз білім алуымызға, бақытты балалық шағымызға жағдай жасап отырған Елбасымызға алғыс айтамыз. Мен  осындай бейбітшілік орнаған елде туып-өскеніме ризамын. Қазіргі заманда көріп жүрміз, қатігез ата-аналар, бақытсыз балалар. Ата-аналарының кесірінен көптеген балалар балалықтың бал дәмін тата  алмай жүр. Зорлық-зомбылық көрген баланың келешегі не болмақ? Адамдар бала кезінде балалық шақтың бал дәмін татуы тиіс. 

   Біздер қазір бақытты болып өсіп келеміз. Алдымызда не керек болса, сол тұр. Білімге керек нәрсені ізденбей жатып-ақ, компьютер, ұялы телефон, интернеттен табамыз.   Ал өткен ғасырлардағы әже-аталарымыз тіпті оқи алмай, балалықтың бал дәмін тата алмады. Әрине, өкінішті.  Ал біз он үш жасқа келгенімізбен әлі балалығымызды қимаймыз. Бара-бара, есейген кезде сол балдәурен балалық шағымызды сағынатынымыз белгілі. Кейбіреулер өздерін балалық шақпен ерте қоштасқандай сезінеді. Олар қателеседі. Себебі, олар балалық шақтың құдіретін сезіне алмай жүр. Сондықтан да менің достарыма айтарым, балалық шақтың бал дәмін сезінген бұл кездің ең бақытты шақ екенін ұмытпайық.  Әр адам өз өмірінің бақытты болғанын арман етеді. Ол үшін алдына мақсат қойып, көптеген игілікті істерді жүзеге асыруға  ұмтылады. Ондай адамның жүрегін ризашылық сезімі билеп, жаны рахатқа бөленеді. Бақытты болу әркімнің өзіне байланысты. Өз өмірін аялап, барды қанағат тұтқан адамның құшағы бақытқа толы болады. Қасыңда жүрген адамдардың қуанышын, бақытын, жақсылығын өзінің табысындай көре білген адам бақытқа кенеледі. Әрбір атқан таң мен батқан күннен бақыт тілеген адам мұратына жетеді. Бәрінен де керемет кез ол біздің бақытты балалық шағымыз.



Қадырғали Қосымұлы Жалайыри 

атындағы орта мектеп-гимназиясының 

  8ә сынып оқушысы Құдайберген Жасмина

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив