Жасөспірімдер суицидінің алдын алудағы отбасы тәрбиесінің маңыздылығы » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
январь
2021

Жасөспірімдер суицидінің алдын алудағы отбасы тәрбиесінің маңыздылығы

Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясының педагог-психологы Ғ.Белгібаева

Жасөспірімдер суицидінің алдын алудағы  отбасы тәрбиесінің маңыздылығы
 
 

Қазіргі өмір сүріп отырған қоғамдағы бізді алаңдататын өте өзекті пробеламалардың бірі – оқушылардың өз-өздеріне қол жұмсауы. Бұл жалпы ғалымдардың пікірінше, «суицид» (латын тілінде sui caebere – «өзін өлтіру», суицидент-суицидтік әрекет жасаған немесе суицидтік мінез-құлық байытқан адам) деген термин XVII ғасырда пайда болған. Бертін келе XX ғасырдың алғашқы кезеңінен бастап, адамдардың өз-өзіне қол жұмсауы кең етек ала бастады. Осылайша ғылымда «суицидология» (суицид туралы ілім) атты дербес зерттеу саласы қалыптасты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 10 қыркүйек – Дүниежүзілік суицидті болдырмау күні деп белгіледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша 20% балалардың жеткіншек және жасөспірім кезеңдерінде өз- өзіне қол жұмсау көптеп кездеседі.

Жасөспірімділік кезең – алуан түрлі қарама-қайшылыққа толы, ата-аналардың көпшілігін алаңдататын, уайымға түсіретін күрделі шақ. Себебі осы шақта жеткіншектер өздерін отбасының, сыныптың, қоғамның тең құқылы мүшесі, яғни тұлға ретінде сезіне бастайды. Олар өздерін қоғамдық қарым–қатынастар жүйесінде сезінумен бірге, болашақтағы ересек өмірге жоспар құра бастайды. Олардың бұл жоспары тәжірибесінің аздығынан көмескі болып келеді. Әлі ақыл тоқтатпаған шалалық пен балалық аңғалдықты аңғартады. Бірақ осы жоспар өздері үшін өте маңызды, сондықтан ересек адамдардың араласқанын жақтырмайды, қызғанады себебі олар өз қиялдары жетегінде өмір сүреді.

Бұл жастағы балалар ересектер қатарына да жатпайды,бірақ олар бала болғысы да келмейді. Сондықтанда жеткіншекке ересек адамның тығыз байланысы мен өзара терең түсіністігі аса қажет.

Суицидтік іс-әрекетке итермелеудің тікелей себебі – дау-дамайдың пайда болуы. Бұл дегеніміз – белгілі бір адамның маңызды, құнды ұстанымына әсер етуші жағымсыз әрекет, күйзеліс тудыратын жағдай. Суицид қаупі туатын жеткеншектерде жалғыздықты сезіну, ешкімнен көмек күтпеушілік, қайғырушылық, менмендік көріністерінің тереңдеуі басқаның қуанышы мен қайғысына ортақтасуға құлқы болмаушылық жиі кездеседі. Сондықтан кез-келген шағын түсінбеушілік дау-дамайдың өзі суицидтік әрекеттің алғы шарты болуы мүмкін. Осындай жағымсыз түсінбеушілік әрекеттердің алдын алу үшін ең бірінші бағыт тек дұрыс тәрбие беру болып табылады. Ендеше отбасы құндылықтарынан бастау алатын тәрбие діңгегінің негізі –тұлға қауіпсіздігі деп айтуға болады. Олай болса ата-аналар балалардың жабығуының алдын алуда үлкен рөл атқарады. Егер жасөспірімнің көңіл-күйі күрт құлазыса немесе жабығудың басқа да белгілері байқалса, төмендегі шараларды орындау қажет:

Баламен сөйлесу қажет, көңіл-күйінің неліктен түсіңкі болу себебін анықтау үшін сұрақтар қойып, оның арман-тілектері жайында сөз қозғап, болашаққа жоспар құруға бағыттайтын әңгімелерге жетелеу қажет. Балаға оптимистік серпін беріп, жарқын 




болашаққа «сендіру», алдына қойған мақсаттарына қол жеткізе алатынына қабілетті екенін, жүрегіне сенімділік отын қондыруға барынша әрекет жасау қажет. Оның «өкпелегіштігін», «күңкілдектігін» кінәламай, керісінше, оның тұлғасындағы жақсы жақтарын көрсетуге тырысу керек. Оны табысты, ақкөңіл, кішіпейіл және сергек балалармен салыстыруға болмайды, себебі бұл онсыз да төмен бағалауын тереңдетіп жібереді. Атасы мен әжесіне, туыс- туғандарға қонаққа, ауылға бару, дала жұмыстырына көмектесу. Сонымен қатар, ит, мысық, алақоржын, тотықұс, балық сияқты жануарларды қолға үйрету, оларға қамқорлық жасау. Қорғансыз үй жануарына қамқорлық жасау баланы іске жұмылдыртып, позитивті күйге шақырады. Жеткіншек күн тәртібін сақтауы қажет. Оның жақсы, мезгілімен демалуын, дұрыс тамақтануын, таза ауада жеткілікті уақыт өткізуін, спорттың қандай да бір түрімен айналысуын қадағалау қажет. Балаға дұрыс ұстаным беру, оның өз-өзіне сенімді болуына көз жеткізу және алдына қойған мақсаттарына қол жеткізуге қабілетті екендігіне сендірген абзал. Ата-ана баланы үнемі «қабағын ашпай, нашар мінез көрсеткендігі» немесе шектен тыс жиіркеншектігі үшін сөкпей, оның жақсы жақтарын көбірек атап, жеке басы мүмкіндіктерінің бар екендігіне сендіре алғаны дұрыс.

Сонымен қатар психолог-маман мұғалімдер мен ата-аналарға суицидтің не екендігін, оның көрініс беру факторларын, күйзелісте, жабығуда жүрген балалардың қандай күйде болатындығын жете түсіндіруде қажет. Баланың болар-болмас психикалық ауытқуы байқала бастаған сәтте-ақ ата-ана өзара ақылдасып, психиатрдың кеңесін алған жөн.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив