«Ата-ана мен бала арақатынасы» бойынша ата-анаға жаднама » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
октябрь
2019

«Ата-ана мен бала арақатынасы» бойынша ата-анаға жаднама

Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясының

педагог-психологы  Ұ.Әдібаева




Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясының педагог-психологы Ұ.Әдібаева 2019 жылдың 10 қазаны күні   суицидтің алдын-алу мақсатында ата-аналарға кеңес берді. Адамның қиын да қызықты өмір жолындағы кездесетін қуанышты сәттер мен қайғылы оқиғалардан баланы қалай аман алып шығу керек? Ол үшін ата-ана тарапынан балаға қандай көмек көрсетуіміз қажет? Өмірде кездескен қиындықтарды жеңе білуге табандылық қажет екені белгілі.Ата-аналар бала алдынан шыққан шыққан қиындықты өз өмірінен өз  тәжірибесі арқылы, саналы түрде ұғынып, өзі жіберген  қателіктерін балалары  қайталамайтындай етіп ғұмыр кешуге бейімдесе, сонда мәнді де мағыналы өмір кешкені. Мұндай кезде барлық нәрсе адамның ерік-жігеріне және психикалық дағдарыс кезінде өзін қалай ұстай білуіне байланысты болады. Жас ұрпақты тәрбиелеуде, үлгі-өнегелілікке жетелеуде шақырды.

Отбасындағы тәрбиенің мақсаты- баланың жасын, жас ерекшелігін, психикалық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақ тәрбиелеу. Отбасында баланың өсіп жетілуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, нығайту, бекіту. Тазалық дағдыларын қалыптастыру және отбасы мүшелерінің өзара дұрыс қарым – қатынасын, тіл табысып түсінісуін, бірін – бірі тыңдап, ата – ананы, туған – туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету, баланың икемділігі мен қабілетін байқап, кәсіптік жағынан бағдарлау.

Дегенмен отбасында ата-аналар мен бала арасында көптеген қайшылық, түсінбеушілік кездесіп тұратыны анық. Осы түсініспеушіліктік нәтижесінде балалар арасында келеңсіз жағдайлар орын алып, көптеген опық жегізетін жағдайларға соғады.Осы жағдайлар болмас үшін не істеу керекпіз?

Қиын да қызықты өмір жолында қандай жағдайлар болмайды, адам ғұмыры қуанышты сәттер мен қайғылы оқиғаларға толы. Өмірде кездескен қиындықтарды жеңе білу табандылықты қажет етеді. Адам алдынан шыққан қиындықты өмір тәжірибесі арқылы, осыдан мен сабақ алуым керек деп саналы түрде ұғынса, жіберілген қателіктерін екінші рет қайталамайтындай етіп ғұмыр кешуге бейімделсе, міне сонда мәнді де мағыналы өмір кешкені. Мұндай кезде барлық нәрсе адамның ерік-жігеріне және психикалық дағдарыс кезінде өзін қалай ұстай білуіне байланысты болады. Жас ұрпақты тәрбиелеуде, үлгі-өнегелілікке жетелеуде, ересектер, міне осыны ұмытпағандары жөн.

Ата-ана мен баланың қарым қатынасы іс жүзінде шамадан тыс психологиялық араласумен сипатталады. Бұзылулардың көрінісі мынадай болуы мүмкін: ата-анасы мен отбасының басқа мүшелері баланың мінез құлқын қатаң бақылауға алады және реттеп отырады, оның нені және қалай істеуі тиіс екенін үнемі айтып отырады, оның дербестігіне және өз тілектерін жүзеге асыруына кедергі болады, оның жасы мен ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін талаптар қояды және көп тыйым салады. Егер бала ата – анасының талаптарына бағынбаса ол үнемі ескерулердің,  ақыл айтудың, тыйымдардың, жазалаудың, соның ішінде дене жазасының астында қалуы мүмкін. Ата-анасы тарапынан эмоциялық бас тартудан туындаған жай күйлер дене тұлғасына қатысты қатыгездіктің болмауы және баланы қабылдамауы мен агрессиясын білдірудің басқа нысандардың байқалуы түріндегі ата-анасының мінез құлқынан туындаған баланың мінез құлқындағы бейімделмеушілік көріністерді білдіреді. Эмоциялық сыртқа тебудің себептері әртүрлі болуы мүмкін. Оларды үш топқа бөлуге болады: бірінші топта баланы эмоциялық сыртқа тебу  ата-ана тұлғасына тән  ерекшеліктерден болады. Баламен қатысқанда бұл ерекшеліктер эмоциялық суықтығынан, балаға мейірімділік және еркелету сезімдердің болмауынан көрінеді. Мұндай ата-ана әдетте бала күтімі бойынша барлық қажетті гигеникалық және әлеуметтік тәртіп талаптарының бәрін жүзеге асырады, бірақ баламен тікелей эмоциялық қатысуы жоқ дерлік немесе  бейтарап тынық эмоциялық қалпында өтеді. Бірге эмоциялық ойындар ойнау және т.с.с. өзара ықпалдастық нысандарының көріну мөлшері мен сапасы айтарлықтай төмен. Мұндай жағдайларда баланың жай күйімен мінез құлқының алуан түрлі белгілері (соның ішінде соматикалық бұзылулар) болады, дәрігер  саралайтын психопотологиялық бұзылулар деңгейіне жетуі мүмкін. Екінші топта: баланы сыртқы тебу оның өмір сүру фактысының өзіне байланысты: мысалы, баланың дүниеге келуі күтпеген жағдай, қалаулы емес немесе нақ осы уақытта баласының болуы ата-ананың жеке өміріне кедергі келтіреді.

Үшінші топты құрайтын ата-аналар баласын сыртқа тебуі оның ата – ананың күткеніне сәйкес келмеуі салдарынан пайда болғандар: мысалы баланың психикалық немесе дене тұлғасының кемісітігі немесе жынысының қүткеннен басқа болуы (қызды күткен еді ұл болды). Эмоциялық сыртқа тебу айқын көрінбеуі де мүмкін.

Ата – анасының қатыгездікпен қарауынан туындаған жай күйлер баланың дана тұлғасына зорлық зомбылық көрсете отырып, оған деген дөрекі, жауығушылық қатынасынан туындаған баланың мінез құлқындағы және өміріндегі бейімделмеушілік көріністерді білдіреді. Қатігездікпен баланың тілектері мен негізгі мұқтаждықтарын сезінбестік және қайырымсыздық, оның тиісінше дене күтімінің болмауы түрінде көрінуі мүмкін. Мұндай отбасында тәрбиеленген бала көбінесе үркек, алаңдаулы немесе тежеулі болып көрінеді, үркектік мазасыздың және қашқақтау мінез құлқын танытады басқа да мінез құлық нұсқасы болуы мүмкін бала қызба немесе қатыгез болады, бағынбастық немесе қарсылық танытады.

Сонымен, отбасындағы тәрбие мен қоғамдық тәрбие өзара тығыз бірлікте, халықтық педагогикадан бастау алып, ғылымда дәлелденген нәтижелерге сүйеніп, тәрбие құралдары мен әдістері дұрыс таңдалып жүргізілсе, ізгілікті тәрбиенің негізі қаланбақ. Бала — әр жанұяның бақыты. Олай болса өз бақытымызды бағалай білейік. 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив