Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
октябрь
2023

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс

Оқушылардың арасында мектеп бағдарламасын орташадан төмен деңгейде игерудің бірден-бір факторы- қоғамдағы болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен білім беру деңгейіне қойылатын талаптардың үнемі артуы.

Нәтижесінде  үлгерімі немесе уәжі төмен оқушыларға төмендегідей  анықтама беріледі: олар баяу әрекет етеді, жалпы сыныпқа ілесе алмайды. Егер осыларды есепке алмасақ, оқуға деген қызығушылықтары төмендейді, сыныптастарынан қалып қояды. Бұл оқушылар үшін өткен материалдардан тапсырмалар берілуі керек және тапсырмалардың көлемі шағын болуы тиіс. Осы жолда ұстазға қойылатын талап-үлгерімі төмен оқушының сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын ояту, жоспарларды құрып, сол бойынша тақырыпты меңгерту. Оқушылардың  артта қалуы мен нашар оқуын болдырмау және алдын алу жұмыстары мұғалімнен көп уақытты, ынта-жігерді қажет етеді. Осы қиыншылықтардың себебі – баланың ақыл-ой ерекшеліктерінің, ақыл сапаларының қалыптаспағаны. Олар таным компоненттерінің қалыптасуының әр түрлі деңгейіне байланысты, яғни бұл артта қалудың әр түрлі себептері бар екенін көрсетеді.Оқушылардың негізінен білімді меңгеру үрдісі мына компоненттерден тұрады: қабылдау, түсіну, есте сақтау, қорыту және жүйелеу. Оқу үрдісінде бұл компоненттер өте тығыз байланысты. Таным әрекетінің нәтижелілігі – ақыл-ой әрекетінің даму дәрежесіне байланысты. Оның негізгі компоненттерінің қалыптаспауы үлгерімнің төмен болуының басты себебі болып табылады.

Мектеп балаға жалпы білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, сөйлеу, оқыту, талдау жасауға үйрету, өз ойын дұрыс жеткізе білуге, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Оқу еңбегінің қаруы – ой. Логикалық жеке пікірі мен өзіндік талдау – біртұтас. Бұл талаптар ой мен іс әрекеттің негізгі өзегі болып табылады.Оқушы меңгеретін тақырыптың қиындығын сезінгенде  ғана өз бетінше шешім қабылдап, қорытынды жасай алады. Осыдан кейін ғана оқушы  тақырыпты толық меңгереді. Қабылдау қарқыны баяу оқушылар әрбір сабақ кезінде қажетті көрнекі құралдармен, дидактикалық материалдармен, таратпа материалдармен қамтамасыз етілуі қажет. Сонда ғана өткізілген сабақтар өз мақсатына толық жетеді.

Нашар оқудың алдын алу үшін артта қалу мен үлгерімнің төмендеуінің себептерін анықтау керек.

Нашар оқушылардың кемшіліктері төмендегідей:

-мәтінді оқығанда әріп, буын немесе сөз қалдырып оқу;

-кейбір буындарды сөздерді қайталап немесе ежіктеп оқу.

Мұндай кемшілігі бар оқушыға оқулықтан арнайы тапсырмалар жазылған қима қағаздардар  беріледі. Бұндай  жұмыс оқушыны жалықтырмайды, оқуға деген ынтасын арттырып отырады.

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері:

Мақсаты-пән бойынша қажырлы, жүйелі жұмыс барысында оқушыларда жалпы және нақты ақыл-ой әрекеттерінің әдістерін қалыптастыру.

Сабақтан тыс жұмыс жүйесін, оқушыларға қосымша білім беру жүйесін құру.

Сыныптан тыс жұмыстардың топтық және жеке түрлерін дамыту.

Жаңа ақпаратқа деген қажеттілікті қанағаттандыру (ауқымды ақпарат).

Тақырыпқа деген  терең, тұрақты қызығушылықты қалыптастыру.

Оқушылардың ой-өрісін, қызығушылығын кеңейту.

Оқушылардың зейінін, логикалық ойлауын, дәлдігін, өзін-өзі тексеру дағдыларын дамыту.

Уәжі төмен оқушылардың белсенділігін арттыру.

Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері:

Қазіргі кезде оқушыларды толық, жан-жақты білім алуы үшін барлық жағдайлар жасалған деп айта аламыз. Алайда «бес саусақ бірдей емес». Оқушылардың физиологиялық, психологиялық тұрғыдан даму деңгейлері, отбасылық жағдайлары, әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз етілуі т.б. әртүрлі дәрежеде. Әрине,әр ата- ана өз баласының қатарынан кем қалмауына барынша көңіл қойып, қолынан келгендерін аямайды. Дегенмен оқушылардың арасында түрлі дәрежедегі артта қалушылықтың белгілері байқалып, сабақ үлгерімі төмен деңгейде қалып қоятын оқушылар жоқ емес. Бұндай жағдайда қол қусырып қарап отырмай, оның алдын алу қажеттігі анық. Сонау ХІІ ғасырдың өзінде Жүсіп Баласағұн « Әр бала жұлдыз, оның жарқырауына көмек ет»,- деген екен. Психологтардың айтуы бойынша қабілетсіз оқушы болмайды. Ендеше сыныптағы сабақ үлгерімі төмен деп саналатын оқушылармен жүйелі жұмыс жүргізу арқылы белгілі дәрежедегі нәтижиеге қол жеткізуге болады.

Үлгерімі төмен оқушыларды байқаған бетте, ең алдымен, дер кезінде оның себебін анықтау өте маңызды. Өйткені, өзімізге мәлім болғандай, адам бойында түрлі науқастар пайда бола қалса да, ең алдымен оның пайда болу себебін анықтайтыны белгілі. Себебін білмей тұрып, оған дұрыс ем де қолданылмайды.Міне осы себепті, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізудің педогогика- психология ғылымында өзіндік қалыптасқан жүйесі бар. Сол жүйемен жұмыс жүргізу оң нәтижие береді. Сабақ үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізудің негізгі бағыттарын төмендегідей шартты түрге бөліп қарастырамыз.

Үлгерімі төмен оқушыларды анықтау: педагогикадағы түрлі әдіс- тәсілдер арқылы, мұғалімнің күнделікті бақылауы арқылы.

Оқушы үлгерімінің төмен болу себебін анықтау: ата- ана, мектеп психологі және медбикесімен бірлескен жұмыс нәтижиесі.

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспарын құру.

Жоспар негізінде жүйелі жұмыс атқару.

«Үлгерімі төмен оқушы бойынан байқалатын қасиеттер қандай?»,- деген орынды сауал туындайды.

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізудің негізгі мақсаты:

Оқушылардың артта қалуын, нашар оқуын болдырмау;

Үлгермеушіліктің алдын- алу;

«Әр оқушы- жеке тұлға» қағидаты бойынша, барлық оқушының өз дәрежесінде дамуын қалыптастыру;

Барлық оқушының бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету.

Оқушы үлгерімінің төмен болуына ықпал ететін басты факторлар:

-баланың дене кемістіктерінің болуы;

-ақыл-ой дамуының әлсіздігі;

-зейінінің тұрақталмауы;

-күн тәртібінің қадағаланбауы, яғни ата- ана қамқорлығының жоқтығы;

-тұрмыс жағдайының ауыр болуы;

-еркеліктің басым болуы;

-оқушы тәрбиесінің жетіспеушілігі, яғни жалқаулық, тәртіпсіздік істеріне бой алдыруы;

-бойындағы ұяңдық, ұялшақтық қасиеттердің болуы;

-сабаққа жүйелі дұрыс қатыспау;

-белгілі бір пәнге деген қызығушылығының болмауы;

-оқудағы бақылаусыздық;

-үй тапсырмасын жүйелі орындамау және оны қажет деңгейінде тексерудің болмауы;

-оқудағы қиындықтарды жеңе білмеу, яғни ерік-жігерінің  әлсіздігі;

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс істеуге қойылатын талаптар:

Мұғалім пән бойынша артта қалудың себептерін анықтауы керек;

Мұғалім оқушылардың біліміндегі олқылықтарды жою бойынша дәптер жүргізуі керек, онда ол оқушылардың қателіктерін ескереді және оларды түзету жұмыстарын көрсетеді;

Оқу үлгерімі жағынан қалып қалған оқушыны күшті оқушыға бекітіңіз, олардың бірлескен жұмысын бақылайды;

Мұғалімнің өзі сабақта және одан тыс уақытта үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жүргізеді;

Мұғалім оқушыларға өз пәні бойынша үй тапсырмасын қалай дайындау керектігін үйретеді;

Мұғалім өз пәні бойынша мүмкін болатын қиындықтарды болжап, оларды жеңу жолдарын үйретеді.


 "Үлгерімі төмен оқушылармен" жұмыс істеудің он ережесі: 

● "Үлгерімі төмен" оқушының қабілетіне сеніңіз және оған осы сенімді жеткізуге тырысыңыз.

● Есіңізде болсын," үлгерімі төмен оқушы " үшін материалға" өмір сүру " кезеңі қажет. Оны асықпаңыз. Күтуді үйреніңіз.

● Әр сабақ- алдыңғы сабақтың жалғасы. Әркім зерттелетін тақырыпқа өз үлесін қосады. Негізгі материалды бірнеше рет қайталау- үлгерімі төмен оқушылармен  жұмыс жасаудың бір әдісі.

● Үлгерімі төмен оқушыға  есте сақтайтын нәрсеге сену, түсіну, оларға бірдей тапсырмаларды жиі ұсыну (мұғаліммен, сыныппен, өз бетінше).

● «Үлгерімі төмен» оқушыларға  жұмысты жеңіл-желпі түсіндірмеңіз. Мұнда есте сақтаудың үнемі дамуы жүреді:  ойлау,  сезімдер, оқуға деген қызығушылық.

● Жаңа ақпаратты көп беруге тырыспаңыз. Зерттелетін нәрседен ең бастысын таңдай біліңіз, оны баяндаңыз, қайталаңыз және бекітіңіз.

● Қарым-қатынас кез-келген техниканың негізгі компоненті болып табылады. Сіздің балалармен арадағы қарым қатынасыңыз дұрыс құрылмаса, сіз ойлағандай жағымды оқу нәтижелерін ала алмайсыз.

● Сыныпты басқаруды үйреніңіз.

 ● Уәжі төмен оқушылармен  мақсатты түрде жұмыс істей бастағанда, есіңізде болсын: қысқа уақыттан кейін олардың ортасы қайтадан бөлінеді - қабілетті, орташа және ... "үлгерімі төмен".

● Үлгерімі жақсы оқушы мен үлгерімі төмен оқушының арасында байланыс орнатыңыз.

Білімнің мазмұнымен, үрдісімен байланысты уәждерді дамыту барлық жалпы білім беру пәндері бойынша оқыту нәтижелігін көтеруге мүмкіндік береді. Заманауи педагогикалық технологиялардың әдіс- тәсілдерін  оқу қызметінде пайдалану балалардың оң уәжін қалыптастырады, негізгі ойлау операцияларының, коммуникативті құзіретінің, шығармашылық белсенді тұлғаның дамуына себепші болады. Педагог қандай білімі бар болса да, қандай әдісті білсе де, оң уәжсіз, сабақта жетістік жағдайын жасамаса, ол оқушылардың санасында ешқандай да із қалдырмай, тыс қалады.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив