1-сынып оқушыларының бейімделу кезеңі » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
сентябрь
2023

1-сынып оқушыларының бейімделу кезеңі

1- сынып оқушыларының мектепке бейімделуі 

Әдетте мектепке бейімделудің 4 деңгейі болады: жоғары, орта, төмен және өте төмен.
      Бейімделуі жоғары деңгейдегі бала мектепті жақсы көреді, оқушы болғанына қуанышты. Ол үшін оқу жеңіл, жаңа білімді қызығушылықпен қабылдайды және айналасындағылармен қуана бөліседі, тапсырманы мектепте де, үйде де ынтамен орындайды,сабақта мұғалімді ынтасымен тыңдайды,өзі белсенділік танытып «бағдарламадан тыс» бір нәрсе істеуге не жаттауға қабілетті, «қоғамдық тапсырмаларды» абыроймен орындайды, сыныптастарымен оңай тіл табысады.
      Бейімделуі орта деңгейдегі бала да мектепке баруға қарсы емес,сабақтарға да кет әрі емес, сыныптастарымен және мұғалімдермен жақсы қарым - қатынаста,сабақта берілген материалды меңгеруге қабілетті,бірақ мектепте де,үйде де ересектердің бақылауында, солардың бұйрығымен ғана жұмыс істеуді қалайды. Өз бетімен жұмыс мұндай балаларда «жүрмейді».Мектепте бұл балаға білім емес,оқушы дәрежесі маңыздырақ, сондықтан оны жаңаны меңгеру емес,«бәрін ереже бойынша істеу» қызықтырады.Қызықты болған нәрселерді – жақсы орындайды – егер бір нәрсе шықпай қалса не «көңілсіз» болса – оқу процесі тоқырауға ұшырайды және тек ересектердің көмегімен ғана алға жылжиды. Бір сөзбен, мұндай балаларға үздіксіз бақылау қажет, білім алуға құлшыныс білдірмейді, тікелей мүддесіне қажет емес істерді өз бетімен істеуі нашар дамыған. Мұндай бірінші сынып баласына үйде қарап, сабақ қарауы бірнеше сағатқа созылып кетпеуін қадағаласа, ал мектепте мұғалімнен «балаға аса көңіл бөлуді» өтінсе–бәрі де жақсы болады.
     Бейімделуі төмен деңгейдегі балалар бұдан да көп назар аударуды қажет етеді. Мұндай балалар мектепке теріс көзқараста немесе немқұрайлы болады,сабақта бұйығы, немесе, керісінше, жиі тәртіп бұзады, оқу материалын толық меңгермейді, жұмысты өз бетімен қиындықпен және көңілсіз орындайды, үй тапсырмаларын анда - санда орындайды( соның өзінде жақындарының бақылауы және қысымы арқылы). Жаңа материалды меңгеру үшін оған мұғалімі мен ата - аналарының көмегі қажет: бірнеше рет толық түсіндіру және қайталау, басқаларға қарағанда көп уақыт бөлу сияқты. Қоғамдық жұмыстарды бұл балалар ынтасыз орындайды, көбінесе сыныпта жолдастары - достары болмайды, керек десе балардың есімдерін де жыл аяғына дейін білмеуі мүмкін.
      Төртінші деңгей «қатерлі» деп аталады, бұл расында да бала үшін де, ата - ана үшін де, мұғалімдер үшін қатерлі. Ең ауыр жағдайда баланың жұмысынан не талап етілгенін мүлдем түсінбейтінін көруге болады.Ондай балалар жеке жұмыста үлкендермен қарым - қатынасқа түсіп,оның нұсқаулықтарын түсіне алады,осыны ескеріп,бастапқы кезде мұғаліммен жеке жұмыстар жасалады. 
 Егер сіздің балаңыздың бейімделу деңгейі төмен болса, – оған көмектесіңіз, әйтпесе баланы алда «мектеп неврозы» күтіп тұр.Егер сіз баланың бойынан бейімделудің төмен деңгейі белгілерін байқасаңыз, балаға да, сізге көмек керек екенін білгеніңіз дұрыс! 
Көмек сұраудан ұялмаңыз! Мұғалімдер мен психологтардың сізге көмектесе алатынына сенімді болыңыздар!
 
 

Ата-аналарға  кеңес

1. Баланы жайлап оятыңыз: оянғанда ол сіздің күлімдегеніңізді көріп, еркелеткен дауысыңызды естісін. Таң атпай оны ұсақ - түйекпен асықтырмаңыз, кеше ескерткен болсаңыз да, қателіктері мен жаңсақтықтары үшін кінәламаңыз.

2. Баланы мектепке таңғы ассыз жібермеңіз: мектептегі тамақтануға дейін оған көп жұмыс істеу керек болады.

3. Қоштасарда ескерту, ақыл айтыңыз: тентек болма, өзіңді жақсы ұста, бүгін жаман бағалар болмасын және т. б. Балаға сәттілік тілеңіз.

4. БҮГІН ҚАНДАЙ БАҒА АЛДЫҢ деген сөзді ұмытыңыз. Мектептен кейін баланы байыпты қарсы алыңыз, оған көп сұрақтар қоймаңыз, босаңсуға мүмкіндік беріңіз.

5. Егер балаңыздың ренжулі, бірақ үндемейтінін байқасаңыз, сұрап қинамаңыз, саябырланған соң өзі айтады.

6. Мұғалімнің ескертуін ести сала, ұрсысуға асықпаңыз,мұғаліммен баланың қатысуынсыз сөйлесуге тырысыңыз.

7. Мектептен келе балаға сабақ орындауға асықтырмаңыз, күш жинауға 2 - 3 сағат қажет (1 сыныпта 1, 5 сағат ұйықтап алғаны жақсы). Сабақ дайындауға тиімді уақыт - 15 - 17 сағат аралығында.

8. Бір отырғаннан барлық сабақты орындатпаңыз, 15 - 20 минут сабақтан кейін 10 - 15 минут үзіліс қажет.

9. Сабақ орындағанда үстінен төніп тұрмаңыз, өзіне жұмыс істеуге мүмкіндік беріңіз, бірақ сіздің көмегіңіз керек болғанда сабырлық сақтаңыз. Байыпты сөйлеп, қолдау, мақтау қажет.

10. Баланың бас ауруына, шаршауына, көңіл - күйінің нашарлауына шағымданса, назар салыңыз. Бұл көбінде қажудың, сабақтағы қиналудың басты көрсеткіштері болады.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив