«Мен оқыған ертегі» кітап мұқабасы көрмесі
2025 жылдың 9 қазаны күні Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназияда «Өзің оқып, өзгеге ұсын» READx форматында «Мен оқыған ертегі» кітап мұқабасы көрмесі өтті. Іс-шараны мектеп кітапханашылары Ж.Самажанова мен Э.Калибаева ұйымдастырды.
Шараның мақсаты – оқушылардың кітапқа қызығушылығын арттыру, ертегілер әлемі арқылы рухани және эстетикалық тәрбие беру, шығармашылық ойлау қабілетін жетілдіру. Оқушылар өздері оқыған ертегілер бойынша өз қиялымен кітап мұқабаларын жасап, таныстырды. Әрбір жұмыс ерекше идея мен креативтілік танытты.
Көрме барысында оқушылар ертегілердің тәрбиелік мәнін талқылап, кітап оқудың маңыздылығын түсінді. Үздік жұмыстар анықталып, мектеп кітапханасында арнайы көрмеге орналастырылды. Іс-шара оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытты.