Кітап оқу туралы сауалнама
Анықтама
8 қазанда кітап оқу бойынша сауалнамалар жүргізілді.Сауалнамаға ата-аналар, мектеп-гимназия ұжымы,оқушылар қатысты.
Ата‑аналарға арналған сауалнамаға 84 ата-ана қатысты.
Сіздің балаңыз кітап оқуда қызыға ма?-деген сұраққа жауап төмендегідей болды.
а) иә, өте қызығады-10
б) кейде оқиды, бірақ үнемі емес-70
в) мүлдем қызықпайды-4
Сіз балаңызға кітап оқып бересіз бе?- деген сұраққа жауап төмендегідей болды.
а) күнделікті оқып беремін-6
б) аптасына бірнеше рет-20
в) сирек, уақыт болғанда ғана-58
Үйде баланың оқуына арналған кітап бұрышы бар ма? - деген сұраққа жауап төмендегідей болды
а) бар, толық жабдықталған-10
б) бар, бірақ аз кітаппен-64
в) жоқ-10
Балаңыз қандай жанрдағы кітаптарды жақсы көреді? - деген сұраққа жауап төмендегідей болды
а) ертегілер мен шытырман оқиғалы кітаптар-39
б) ғылыми‑танымал кітаптар-5
в) өлеңдер мен әңгімелер-40
Сіздің ойыңызша, баланы кітап оқуға қалай ынталандыруға болады? - деген сұраққа жауап төмендегідей болды
а) үлгі көрсету (өзіңіз оқу)-42
б) сыйлықтармен марапаттау-8
в) бірге оқу және талқылау-34
Мектеп-гимназия ұжымына арналған сауалнамаға 30 сынып жетекші қатысты.
Сіздің сыныбыңызда оқуға қызығушылығы жоғары оқушылар қаншалықты көп?
а) көп, басым бөлігі қызығады-5
б) жартысы шақты қызығады-18
в) аз, бірнеше оқушы ғана-7
Мектепте оқушыларды кітап оқуға ынталандыру шаралары жүргізіледі ме?
а) жүйелі түрде өткізіледі-27
б) кейде өткізіледі-3
в) жүргізілмейді-0
Оқушылардың мектеп кітапханасына бару жиілігі қандай?
а) аптасына бірнеше рет барады-16
б) айына бір‑екі рет-24
в) сирек барады-0
Қандай әдістер оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттырады деп санайсыз?
а) пікір алмасу және талқылау сабақтары-9
б) электронды форматта оқу мүмкіндігі-17
в) оқу байқаулары мен конкурстар-4
Сіздің ойыңызша, қазіргі заманда кітап оқудың маңызы қандай?
а) білім мен мәдениеттің негізі-15
б) бос уақытты өткізу тәсілі-8
в) ескірген дәстүр, цифрлық ақпарат алмастырады-7
3. Оқушыларға арналған сауалнамаға 250 оқушы қатысты
Сіз кітап оқиға қызығасыз ба?
а) өте қызығамын, жиі оқимын-50
б) кейде оқимын, егер қызықты болса-190
в) мүлдем қызықпаймын-10
Кітап оқуды қай жерде жақсы көресіз?
а) үйде тыныштықта-85
б) мектепте кітапханада-25
в) телефон/планшет арқылы электронды форматта-140
Сіз қандай жанрдағы кітаптарды жақсы көресіз?
а) шытырман оқиғалы және фантастика-29
б) тарихи және танымдық кітаптар-134
в) ертегілер мен әңгімелер-87
Кітапты оқығаннан кейін оны басқалармен талқылайсыз ба?
а) әрқашан талқылаймын (достармен, отбасымен)-87
б) кейде талқылаймын-109
в) талқыламаймын, өзім оқимын-54
Сізді кітап оқуға не ынталандырады?
а) қызықты сюжет-108
б) мұғалімнің немесе ата‑ананың ұсынысы-118
в) сыныптастарымның пікірі-24