Отбасылық құндылықтар » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
октябрь
2022

Отбасылық құндылықтар

Тақырыбы: «Үйде құт болса қазына керек емес»
 Формасы: әңгімелесу, топтық, жеке жұмыс.
 Мақсаты: Бақытты жанұяның моделін дайындау,жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. 
 Көрнекілігі: слайд, видео – ролик

Барысы:
 1. «Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя»
 2. Сұрақ - жауап
 3. «Адамгершілік» видеоролигі
 4. «Жеті ата» (шығармашылық жұмыс)
 5. М.Әлімбаев «Ата-ананың үміті» (қорытынды)
 
 Мұғалім:

І. Кіріспе. Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс – тіршілік әкеледі. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі жан - жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым - қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық, адамгершілік қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек.Отбасын құрғанда адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата - бабасының салт - дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – ата - ананың ең маңызды міндеті.«Отан оттан басталады» дейді халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпы адамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады. Толыққанды тәрбие алған баланың келешегі кемел, болашағы жарқын болары айдан анық.

IІ.Сұрақ –жауап.Отбасының қоғам мен мемлекет тіпті, күллі адамзат алдындағы орны тым бөлек. «Отан –от басынан басталады», «Отбасы– шағын мемлекет» деген сөздер де бекер айтылмаса керек. Сонымен сіздерге сұрақ : Қазіргі қоғамда  отбасы мүшелерінің орны қандай, соларға лайықты көңіл аударып жүрміз бе? 
 

 ІІІ. «Адамгершілік» (Видеоролик)
 
Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: « Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көргенді бала екен, өнегелі жерден шыққан ғой», — деп мадақтайды. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей, отбасында ұлдар әкелері немесе аталарының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп өскен. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейтін қазақ қыз балаларының тәрбиесіне аса үлкен назар аударды.
 
 ІV. «Сызат» (Видеоролик)
 
Бала тәрбиелеуде асқан тәлімгер ата-бабаларымыз «Баланы бақырып үйретпе, ақырын үйрет» деп талап қояды. Баламен шындап сөйлесу үшін орын мен уақытты таңдай біліңіз. Кіре берістегі жол-жөнекей айтылған ақыл бала көңіліне керекті із қалдыра алмайды. 5 саусақ бірдей емес, ол баланың жаратылысы «көршінің баласынан» мүлдем өзгеше. «Көршінің баласында» жоқ жақсы қасиеттер мүмкін сіздің балаңызда бар болар. «Дәл сондай бол !»,- деген шектен шыққан талап. «Балаңыз қандай, сол қалпында қабылдаған оңайырақ»,- деп кеңес береді психолог ғалымдар.
  VІ. Сұрақтар:  Сіздер жауаптарыңызды алдарыңыздағы «келісемін», « келіспеймін» деген карточкалар арқылы берулеріңізге болады.
 1. Бала сағат 10-нан кейін ұйқыға жатуы керек.
 2. Бала қандай жағдайда болса да ата-ана тапсырмасын мүлтіксіз орындауға міндетті.
 3. Таңертең тамақ ішіп үлгермесе де, сабақтан кешікпеуі керек.
 4. Балаға өз жағдайыңды, жұмысыңдағы қиыншылықтарды айтып, шағыну артық нәрсе.
 5. Баланы қатарынан қалдырмау үшін қалағанын сатып әперу керек.
 6. Бала кіммен дос болып, кіммен бірге жүретінін өзі шешеді.
 
7. Отбасында өз ойын толық айтуға құқылы.
 8. Өтпелі кезеңде баламен мүлде сөйлеспеген жөн.
 9. Үйде сабағын қадағалаған дұрыс.
 10. Сынып жетекшісіне жиі хабарласып тұрған дұрыс.

Мұғалім: Біз сіздермен жанұядағы ата - ана мен балалар арасындағы қарым - қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан - жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя - жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Жүргізуші: Мен бүгінгі тәрбиелік іс-шарамызды Мұзафар Әлімбаевтың мына өлеңімен аяқтағанды жөн көріп отырмын.
 Қипақтайды қит етсе анаң, әкең,
 Қайтсем ғана осыны адам етем,
 Басқалардың осындай балалары,
 Тап осындай жаңғалақ шала ма екен
 Ойым емес, оллаһи, біздікінің...
 Енжарлығы елде жоқ алабөтен
 Туа сала тұлпардың жалын тартқан;
 Қырғиларға қызығып қарап өтем.
 Жарық сыйлап маңына жылу сыйлап,
 Бұ да бір күн алаудай жана ма екен?
 Ел қатарлы елеулі еңбек етсе - ау
 Болмаса да топ жарған дара бөтен.
 Мүше тістеп мықтылар той жасаса,
 Жерге қарап мен сорлы қалар ма екем?
 Үміт пен күдіктің ортасында
 Ата - ананың үміті талады екен!
 Міне, осылайша өз баласының болашағына алаңдап, «Қайтсем де баламды адам етем» деген ата - ананың арманы баласымен бірге жасайды екен. Аман-сау болыңыздар!
Бар үмітті арқалап отырған балаларыңыз жақсы азамат болсын


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив