ЖЖЕ және балалар арасында жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы мәлімет » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЖЖЕ және балалар арасында жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы мәлімет
29
октябрь
2021

ЖЖЕ және балалар арасында жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы мәлімет

Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы бойынша ЖЖЕ және балалар арасында жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар  туралы мәлімет 

2021-2022 оқу жылы   (І тоқсан)



Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы  орта мектеп-гимназиясы бойынша оқушылардың белсенді өмірлік бағыт-бағдарларын қалыптастыру, көшелер мен жолдардағы қауіпсіздік ережелерін оқып-үйрену, жол қауіпсіздігі ережелерін  насихаттау, оқушылар арасында ЖҚЕ-не байланысты шараларды ұйымдастыру, жол-көлік оқиғаларын (ЖҚО) зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету ісіне машықтану мақсатында ЖЖЕ және балалар арасында жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша жүргізілетін жұмыс жоспары жасалып, бекітілді.

Мектеп холында ЖЖЕ ауыспалы стендін безендірілді. Әр сыныпта «Жолда жүру ережесі» атты ауыспалы стенд бар. Оқушыларды көлікте, жол бойында, аулаларда өзін-өзі ұстау тәртібімен таныстырды. «Мектепте қауіпсіз жол» тақырыбында ата-аналармен, оқушылармен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мектеп-гимназия кітапханасында ЖЖЕ бойынша және оқушылардың жолдағы қауіпсіз тәртібі туралы әдеби, оқу-әдістемелік әдебиетімен қамтамасыз етілген. 

Балаларды білім беру ұйымдарына тасымалдауды ұйымдастыру барысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп автобустарымен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жол-көлік оқиғаларының  алдын-алу, жол жүру ережесін сақтауға тәрбиелеу және қауіпсіз мектеп ортасын қалыптастыру бойынша  мектеп әкімшіліг оқу сыныптарының, мектеп асханасының, спорт залының, медициналық кабинеттердің, су құбырларының, жылу жүйесінің жұмысқа дайындығы, ғимараттың өртке қарсы және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай болуы, мектепке келетін жолдың қауіпсіздігі тексерілді. Мектеп-гимназия алдында «Балалар» белгісін орнатылған, «Жаяу жүргіншілер»   жолағы бар өткелдер, арнайы жасалған «жатқын полицейлер» жасанды жол кедергісі бар. Мектеп-гимназия маңында қолданыстағы бейнебақылау камералары жұмыс істейді. 

Мектепке балаларды тасымалдайтын автобус техникалық  дайындығы тексеріліп, жүргізуші А.Балапанов жүргізуші  міндеттерімен таныстырылды. Оқушы таситын       автобустың қозғалыс кестесі бар, бекітілген. Мектеп- гимназия оқушыларын үш маршрут бойынша тасиды. Әр маршрутқа еріп жүруші бұйрық  бойынша бекітілді. Олар: Ғ.Белгібаева, М.Иманбекова, Ф.Бидайбекова,Ж.Суюнбаева, А.Абдильданова,Д.Сагиева. Осы еріп жүрушілермен алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша нұсқаулықты мектеп медбикесі Ж.Құрманғалиева жүргізді.

Мектеп-гимназияның әлеуметтік педагогы Д.Жунусов мен сынып жетекшілері біріге отырып автобуспен тасымалданатын оқушылардың тізімін анықтап, бекітілген. Сонымен қатар ауылдан келетін оқушылардың тізімі бекітіліп, олардың барып-қайту кезіндегі өмір қауіпсіздігі ата-аналарға жүктелген.

10 қыркүйек «Жолда жүру ережесі» бойынша сынып сағаттар өтті.

https://www.instagram.com/p/CTpdkrhMke9/?utm_=copy_link

https://www.instagram.com/p/CUKDrYML03q/?utm_=copy_link

Жыл сайын жаңа оқу жылы басталғанда дәстүрлі түрде «Абайлаңыз, балалар!» акциясы өткізіледі.Акцияның мақсаты-оқушылар арасында жол ережелері және жолдағы қауіпсіздік туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жолдағы оқыс оқиғалардың алдын алу.Осы мақсатта  қыркүйек айында «Жолда жүру ережелері» тақырыбы аясында сынып сағаттары, суреттер көрмесі безендірілді.Оқушыларға тақырыпқа сай презентациялар мен бейнероликтер көрсетілді. 

13 қыркүйекте мектеп-гимназияға Көксу АПБ-нің аға мемлекеттік көлік автоинспекторы , полиция аға лейтенанты Нұрым Нұртілеуов және Көксу АПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция лейтенанты Әділхан Маржан келіп, «Абайлаңыз, балалар!» акциясы аясында оқушылар арасында жолда жүру ережелері және жолдағы қауіпсіздік ережелері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға жол ережелері туралы сұрақтар қойылды. Оқушылар жолда жүру ережелері туралы білімдерін ортаға салып, полиция инспекторларына өздерінің сұрақтарын қойды. Өткізілген іс-шаралар туралы анықтама әлеуметтік желілерде жарияланды.

https://www.instagram.com/p/CTxHEFnsGZT/?utm_=share_sheet

https://www.instagram.com/p/CTxHEFnsGZT/?utm_=copy_link

Мектеп табалдырығын жаңа аттаған 1-сынып оқушыларымен «Жолда жүру ережелері» 

сынып сағаттары өтті.

https://www.instagram.com/p/CTd-pK6iZdw/?utm_=copy_link



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив