«Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
октябрь
2020

«Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы

Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында  22 қыркүйек-25 қазан аралығында  «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы өтті.

Акция мақсаты: балаларды білім беру ұйымдарына тасымалдауды ұйымдастыру барысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп автобустарымен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жол-көлік оқиғаларының  алдын-алу, жол жүру ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Қауіпсіз мектеп ортасын қалыптастыру бойынша  арнайы комиссия құрылып, оқу сыныптарының, мектеп асханасының, спорт залының, медициналық кабинеттердің, су құбырларының, жылу жүйесінің жұмысқа дайындығы, ғимараттың өртке қарсы және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай болуы, мектепке келетін жолдың қауіпсіздігі тексерілді. Мектеп-гимназия алдында «Балалар» белгісін орнатылған, «Жаяу жүргіншілер»  жолағы бар өткелдер, арнайы жасалған «жатқын полицейлер» жасанды жол кедергісі бар. Мектеп-гимназия маңында қолданыстағы бейнебақылау камералары жұмыс істейді. 

Мектепке балаларды тасымалдайтын автобус техникалық  дайындығы тексеріліп, жүргізуші А.Балапанов жүргізуші  міндеттерімен таныстырылды. Оқушы таситын       автобустың қозғалыс кестесі бар, бекітілген. Мектеп- гимназия оқушыларын үш маршрут бойынша тасиды. 

Барлық сыныптарда оқушылармен өмір қауіпсіздігі туралы әңгімелер жүргізіліп, мектеп-үй сызбалары сызылған. 22-30 қыркүйек аралығында 1-4-сынып оқушылары арасында «Қауіпсіз жол» атты суреттер байқауы ұйымдастырылып, көрме безендірілді. 1-6 қазан аралығында 0-2-сынып оқушылары арасында «Жолда жүру ережесі»  бойынша мультфильмдер көрсетілімі ұйымдастылылды.   2  қазанда  бірыңғай «Жолда жүру ережелері» сынып сағаттары өтті. 7 қазанда  БҰ ұйымдастырумен жол қозғалысына қатысушыларды жолда абай болуға шақыру мақсатында «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!» үгіт-насихат жұмысы жүргізілді.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив