14
февраль
2020
«Қауіпсіз мектеп автобусы » республикалық акциясы
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында 15 қаңтар-15 ақпан арасында «Қауіпсіз мектеп автобусы » республикалық акциясы өтті.
Акцияның мақсаты: балалардың ауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Мектеп аумағында, «Балалар» белгісі, жаяу жүргіншілерге арналған өткелдер, «жатқын полицейлер» жасанды жол кедергісі бар. Оқушы таситын автобустың қозғалыс кестесі жасалып бекітілген. Маршруттар мен оқушылар автобус тосатын аялдамалар оқушылар мен ата-аналарға таныстырылды. 17 қаңтар күні педагог-ұйымдастырушы А.Жұмабек балалар ұйымымен бірлесе «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!» флеш-моб өткізді. Осы күні барлық сыныптарда «Жолда жүру ережелері» сынып сағаттары өтті.