«Абайлаңыз,балалар!» акциясы » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
сентябрь
2019

«Абайлаңыз,балалар!» акциясы

Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында 2019 жылдың 1-10 қыркүйек  аралығында   «Абайлаңыз, балалар!»   республикалық акциясы өтті.

1 қыркүйек    күні  «Абайлаңыз,балалар!» атты республикалық алдын алу  акциясы  туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Шара барысында  1-11 сынып оқушылары мен мұғалімдер  қамтылды.  Оқу жылының басталуына байланысты Алматы облысы ПД ӘПБ әкімшілік тәжірибе аға инспекторы полиция капитаны  Саят Сайлаубайұлы Ибраимов мектеп-гимназия оқушылары мен ата-аналарымен жолда жүру ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

2 қыркүйекте жүргізуші-ата-аналарға жолдағы оқыс оқиғалардың  алдын алу мақсатында  үнпарақтар мен  жаднамалар таратылды. Мектеп-гимназияның «Қалқан» жас инпекторлары  бала бақшалар мен ауыл көшелерінде  алдын алу шаралары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

3-7 қыркүйек   аралығында   барлық сыныптарда акцияға байланысты «Бағдаршам» атты сынып сағаттар өткізіліп, жол ережелері туралы түсінік берілді. Акция аясында «Абайлаңыз,балалар!» атты ата-аналар жиналысы өткізіліп, жаңа оқу жылы басталуына байланысты ата аналарға оқушылардың жолдағы қауіпсіздігі жайлы кеңестер беріліп, «Балалар-жаяу жүргіншілер» тақырыбында әңгімелесулер ұйымдастырылды.

1-4 -сынып оқушылары    «Жүргізуші, менің өмірімді сақта!» суреттер көрмесін безендіріп,суреттер мен жапсырмалар байқауын өткізіп акцияға белсенді түрде өз үлестерін қосты.

6 қыркүйек күні   күні  8-9- сыныптар арасында «Есіңе ал және ойлан!» атты дөңгелек үстелді 9ә сынып жетекшісі А.Даутова өткізді. Шара   барысында балаларға жолда жүру ережелерін білу мен сақтаудың адам өміріндегі маңызы жайлы сөз қозғалды.






Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив