10
сентябрь
2020
«Қауіпсіз жол ережелерін сақтайық» суреттер көрмесі
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында 10 қыркүйекте 4ә сынып жетекшісі Д.Бектемисованың ұйымдастыруымен «Қауіпсіз жол ережелерін сақтайық» суреттер көрмесі өтті. Осы іс-шара барысында түсіндіру жұмыстары өткізіліп, жол ережелері туралы түсінік берілді. Жаңа оқу жылы басталуына байланысты ата аналарға оқушылардың жолдағы қауіпсіздігі жайлы кеңестер беріліп, «Балалар-жаяу жүргіншілер» тақырыбында әңгімелесулер ұйымдастырылды. Өткізілген іс-шаралар әлеуметтік желілерде жарияланды.
https://www.instagram.com/tv/CFtr7JpnjWL/?igshid=bke9chgi22wh