03
сентябрь
2020
«Қауіпсіз жол» суреттер көрмесі
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында 3 қыркүйек күні 4а сынып жетекшісі М.Иманбекованың ұйымдастыруымен ЖЖЕ бойынша «Қауіпсіз жол» суреттер көрмесін безендіріп, суреттер көрмесі өтті. Көрмеге 1-4 сынып оқушылары қатысты.Осы іс-шара барысында барлық сыныптарда «Бағдаршам» атты түсіндіру жұмыстары өткізіліп, жол ережелері туралы түсінік берілді. Жаңа оқу жылы басталуына байланысты ата аналарға оқушылардың жолдағы қауіпсіздігі жайлы кеңестер беріліп, «Балалар-жаяу жүргіншілер» тақырыбында әңгімелесулер ұйымдастырылды.