"Қарттарым-асыл қазынам" бірыңғай тәрбие сағаты өтті
Оқушыларды оқушыларды патриоттыққа, ұлттық тәрбие, адамгершілікке, тұлға болып қалыптасуға ықпал ету;
құндылықтарды білім, тәрбие, білік және дағды түрінде оқу-тәрбие процесінде ұйымдастыру мақсатында 2024 жылдың 18 қазан күні сағат 11.00 де 1-11-сыныптарда «Бала тәрбиесі – басты құндылық» бірыңғай тәрбие сағаты өткізілді.
9-10-сыныптар үшін бірыңғай тәрбие сағаты мәжіліс залында өткізілді.
Бірыңғай тәрбие сағатына Әжелер алқасының мүшесі Балабекова Аңсабала Асылбекқызы, Ата-аналар кеңесінің төрағасы Асықбаева Анар Саятқызы қатысты.
Бірыңғай тәрбие сағаты Қазақстан Республикасының гимнін орындаумен басталды.
Кіріспе сөзде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында сөйлеген сөзінде балалар арасында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңызын атап, білім беру ұйымдарындағы тәрбие ісіне ерекше назар аударуды тапсырып,
осыған орай 2023 жылы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы әзірленіп, барлық білім беру ұйымдарына енгізілгені туралы айтылды.
4-сынып оқушылары Ата, Әже туралы өлеңдер оқыды, қазақ халқының бала тәрбиесіне қатысты даналық ұстанымдары насихатталды.
«Мақал-мәтелдер мен тыйым сөздер бойынша аудиториямен жұмыс ұйымдастырылды.
Әжелер алқасының мүшесі Балабекова Аңсабала Асылбекқызы өзінің алғы сөзінде бала тәрбиесіне қатысты ойларын айта келіп, оқушыларымызды білімді, саналы азамат болуға, аға буын өкілдерін сыйлауға, қамқор болуға шақырды.
«Атаңа не көрсетсең, алдыңа сол келер» бейнеролигі талқыланды.
Оқушылар 3 топқа бөлініп, берілген тақырыптар бойынша постер қорғады.
Тәрбие сағаты «Әжетайым» әнімен аяқталып, қорытынды жасалды.
1-11-сыныптар арасында бірыңғай тәрбие сағаты сынып кабинеттерінде өтті. Сынып сағаттарына мектеп әкімшілігі және пән мұғалімдері қатысты.
«Қарттарым-асыл қазынам» бірыңғай тәрбие сағатының өткізілуі бойынша әлеуметтік желілерде бейнеролик орналастырылды.