02
сентябрь
2024
Апталық жиын өтті
Бүгін 8-11 сынып оқушылары арасында апталық жиын өтті. Жиын барысында оқушыларға Қазақстанның ата заңы -Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР Мемлекеттік рәміздері, тәрбие үштағанының идеологемалары туралы ақпарат берілді. Мемлекеттік рәміздер туралы викториналық сұрақтар қойылып, жауап алынды. Сонымен қатар тәрбие және құқық жөніндегі ментор Нүсіпжанов Саян Айдарұлымен танысты.