"Білімім-Отаныма" тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтті.
24 мамырда «Білімім – Отаныма» жалпыреспубликалық бірыңғай тәрбие сағаты аясында мектеп-гимназияның 1-11-сыныптарында тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағатының концепциясы мен сценарийін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі әзірледі.
2023-2024 оқу-жылының қорытындысында өткізілетін тәрбие сағатының мақсаты- балаларды ұстаздарды құрметтеуге, білім ұясына қамқор болуға, білім алуға құштар болуға, жыл бойы алған білімінің нәтижесін қорытындылай білуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағатына барлық оқушылар қатысты (1-11- сынып).
Тәрбие сағаты 24 мамыр күні сағат 9.00-де бір мезгілде басталды.
9.30 – Тәрбие сағаты мемлекеттік гимнмен басталды (1.50 минут).
9.32 – ҚР Оқу-ағарту министрінің жалпыреспубликаның білім алушыларына құттықтау сөзі, республика бойынша балалардың жетістіктері туралы видеоролик қойылды (ҚР ОМ ТЖҚБД, 3-5 минут).
9.35. – Алдын ала түсіріліп дайындалған әр сыныптың балаларының жыл бойы халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық білім жетістіктері мен тәрбие тағылымы бойынша бір минуттық бейнеролик көрсетілді.
Тәрбие сағаты 10.15-те аяқталды.
Іс-шараға ата-аналар қатысты. Әр баланың жақсы қасиеті, үлгілі істері, ерлік көрсеткен тұстарына ерекше назар аударылып, марапатталды.
https://www.instagram.com/reel/C7V5FN-Clgw/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/C7V41BIiCWl/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
9, 11 -сыныптың түлектері «Мен. Мектеп. Ұстаз» тақырыбында мектеп қабырғасындағы балалық шақтан болашаққа қадамы туралы өз ойлары бойынша эссе жазды.
https://www.instagram.com/p/C7V4rdACONq/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Сыныптарда түрлі спорттық жарыстар мен қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан және сыныптың үздік оқушылары мақтау қағаздармен марапатталды.
Сынып сағаттарында жыл бойы сыныпта жүргізілген жұмыстар туралы есептік ақпаратқа шолу жасалып,видеоролик, слайдтар көрсетілді.
Сынып сағаттарына қамқоршылық кеңесінің төрағасы ата-аналар кеңесінің төрағасы А.Сырманаева, ардагер ұстаз Балабекова Аңсабала Асылбекқызы қатысты.
Өткізілген іс-шаралар әлеуметтік желілерде жарияланды.
https://www.instagram.com/p/C7V3_cTiNmG/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA