"Қош бол, алтын-ұя мектебім!" » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
июнь
2024

"Қош бол, алтын-ұя мектебім!"

Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы      мектеп – гимназиясында               2024 жылдың  14 маусым   күні  «Қош бол, алтын-ұя мектебім!»  атты   салтанатты  жиын  өтті. Жиын   мектеп-гимназия  фойесінде  сағат 10.00 – де басталды. 

Салтанатты  жиын   барысында мектеп – гимназия   ұстаздары  мен  аудандандық полиция қызметкерлері кезекшілік жүргізді.

Жиын басында мектеп – гимназия   директорының  оқу ісі  жөніндегі орынбасары     Қасымова Балауса Серғазықызы  орта   білім  туралы  аттестаты   және  жекелеген  пәндерді   оқып үйренудегі  ерекше  жетістігі үшін  мақтау   грамотасымен  марапаттау  туралы   бұйрықпен  таныстырды.

 «Алтын белгі» белгісінің иегерлеріне   жалпы орта білім туралы аттестат тапсыру құрметі  Көксу ауданының білім бөлімінің басшысы Кузбаев Қуат Жұмағұлұлына және Жетісу облыстық білім басқармасының әдістемелік орталығының директорының орынбасары Досаева Эльвира Тұрсынбековнаға берілді.

Мектеп-гимназия директоры  Тулекенов Мұратбек Баянұлы 2023-2024 оқу жылындағы бітіруші түлектерге «Ерекше үлгідегі» және жалпы орта білім туралы   аттестат   тапсырды және  мектеп бітіруші түлектердің жекелеген пәндерді меңгерудегі жетістіктері үшін  мақтау қағаздарымен марапаттады. 

Қонақтардан құттықтау сөз    Жетісу облысының білім басқармасының 

әдістемелік орталығының директорының орынбасары Досаева Эльвира Тұрсынбековнаға, Көксу ауданының білім бөлімінің басшысы Кузбаев Қуат Жұмағұлұлына берілді.     

Сынып жетекшілер атынан 11 А сынып жетекшісі А.Иманбаева, ата- аналар атынан Құмарова Меруерт Кенесбековна     құттықтау сөз сөйледі.

  «Алтын белгі» белгісінің иегері  Ерланбекқызы Жаздидар   мектеп бітіруші түлектер  атынан    мектеп – гимназия  ұстаздары мен   оқушыларына  жылы  лебізін   білдірді.

Мектеп бітіру кеші барысында  11-сыныптардың жетекшілері А.Иманбаева, Г.Султанова, С.Жапсарбаева және мектеп-гимназияның қамқоршылық кеңесінің мүшелері түлектердің ата-аналарымен арнайы киім алуға шығындардың қажетсіздігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Салтанатты жиын барысында мектеп бітіруші түлектер мектеп формасын сақтады.

Оқушылардың тұрғылықты жерлерінен сыртқа, серуенге және т.б. шығуына тыйым салынды, ата-аналар мен оқушылар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив