"Ардагерлер-асыл ерлер" » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
февраль
2024

"Ардагерлер-асыл ерлер"

2024 жылдың 2 ақпан күні   мектеп-гимназия мәжіліс залында «Ардагерлер-асыл ерлер» атты Көксу ауданынан Ауған соғысына қатысқан ардагерлермен   кездесу өтті. Шараға    6-11-сынып оқушылары, мектеп-гимназия ұстаздары  қатысты. Кездесуді өткізуге мектеп-гимназияның «Жас Ұлан» БҰ  және мектеп Парламенті белсенді  түрде атсалысты.

  Кездесуге Ауған соғысының  ардагерлері: 

 Ишмуханбетов Серік Намазбаевич, Жексенов Қадылбек Нұрбекович қатысып, оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, естелік әңгімелер айтты.Ардагерлерге мектеп-гимназия оқушылары ыстық ықыластарын білдірді. Қонақтар мерекелік шара ұйымдастырған гимназия ұстаздары мен оқушыларына алғыстарын білдірді. 

         Кездесу барысында Қазақстан Республикасы өз алдына тәуелсіздік алған жылдарда да Ауған соғысы ардагерлерін назардан тыс қалдырмай, олардың ерлігінің ұрпаққа патриоттық тәрбие берудегі  үлгі  өнегесі   мол екендігі жайлы айтылып,әлемде соғыс оты жанбасын,жасампаз Отанымыз бейбітшілік пен татулықтың арқасында  даму жолында өркендей берсін деген тілектер айтылды.Мерекелік кездесу патриоттық әндермен өрнектеліп,бейнефильмдер мен презентациялар көрсетілді. «Паншер патшасы» атанған қазақтың «қара майоры» Керімбаев Борис Төкенұлының ерлікке толы өмірі туралы мәлімет беріліп, бейнефильм көрсетілді.

Мектеп-гимназиясы бойынша Ауған соғысы  аяқталуының 35 жылдығына  арналып атқарылған  іс-шаралар туралы мәлімет ғаламтор желісінде жарияланды.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив