Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті. » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
февраль
2018

Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті.

2018 жылдың14 ақпан күні мектеп-гимназия мәжіліс залында Кеңес әскерлерінің Ауған республикасынан шығарылғанына 29 жыл толуын атап өту мақсатында Ауған соғысының ардагерлерімен мерекелік кездесу өтті. 

Кездесуге Ауған соғысының ардагерлері: Басшыбаев Ғафу Қабытайұлы, 

Жақсылықов Берікбай Қырықбайұлы,Табылдинов Советхан Жұмаділұлы, 

Жексенов Қадылбек Нұрбекұлы және мектеп-гимназия әжелер алқасының мүшесі Райымбекова Гүлнұр Шалбайқызы, аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Дәурен Молдағали, мектеп-гимназия ұстаздары мен оқушылары қатысты. 

Мектеп-гимназия директоры Мұратбек Баянұлы Төлекенов адамзат тарихындағы Ауған соғысының алар орны жайлы әңгімеледі. Кездесуге келген ардагерлерді бейбіт күннің мерейлі мерекесімен құттықтап, сол сұрапыл жылдарда көрсеткен ерліктері үшін алғыс білдіре отырып, жерлестеріміздің Отан алдындағы борыштарын атқару жолындағы жарқын жолдары- жас ұрпаққа үлгі болып қала беретінін тілге тиек етті. 

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы өз алдына тәуелсіздік алған жылдарда да Ауған соғысы ардагерлерін назардан тыс қалдырмай, олардың ерлігінің ұрпаққа патриоттық тәрбие берудегі үлгі өнегесі мол екендігі жайлы айтылып, әлемде соғыс оты жанбасын, жасампаз Отанымыз бейбітшілік пен татулықтың арқасында Елбасымыздың бастауымен даму жолында өркендей берсін деген тілектер айтылды.Мерекелік кездесу әнмен өрнектеліп, бейнефильмдер мен презентациялар көрсетіліп, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру бағытында тағлымы мол естеліктер айтылды. 

Соғыс ардагерлері оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, мерекелік шара ұйымдастырған мектеп-гимназия ұстаздары мен оқушыларына алғыстарын білдірді. 

Кездесу мазмұнды өтті. 

 

 

 

 

 


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив