"Ардагерлер-асыл ерлер"
Мектеп-гимназияның 9-11- сынып оқушылары арасында «Ауғанстан-жүректегі жара» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. 5-11-сынып оқушылары «Ауғанстан-жүекртегі жара» тақырыбы аясында қабырға газеттерін дайындады.
2023 жылдың 14 ақпан күні мектеп-гимназия мәжіліс залында «Ардагерлер-асыл ерлер» атты Көксу ауданынан Ауған соғысына қатысқан ардагерлермен кездесу өтті. Шараға 7-10-сынып оқушылары, мектеп-гимназия ұстаздары қатысты. Кездесуді өткізуге мектеп-гимназияның «Жас Ұлан» БҰ және мектеп Парламенті белсенді түрде атсалысты.
Кездесуге Ауған соғысының ардагерлері:
1. Сейтов Мырзабек Қызайбекұлы
2.Ишмуханбетов Серік Намазбаевич
3. Байсеркенов Асхат Бахытжанұлы
4. Басшиев Ғапу Кабытаевич қатысып, оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, естелік әңгімелер айтты.Ардагерлерге мектеп-гимназия оқушылары ыстық ықыластарын білдірді. Қонақтар мерекелік шара ұйымдастырған гимназия ұстаздары мен оқушыларына алғыстарын білдірді, мектеп-гимназия директоры Тулекенов Мұратбек Баянұлын «Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл» төсбелгісімен марапаттады және мектеп-гимназия директоры Тулекенов Мұратбек Баянұлын және ТІЖО Мейрбекова Гүлнар Тағайқызын «Жетісу облысы ӘДӘ Ауған соғысы ардагерлерінің одағы» ҚБ төрағасы Е.Ерғожановтың Алғыс хатымен марапаттады.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы өз алдына тәуелсіздік алған жылдарда да Ауған соғысы ардагерлерін назардан тыс қалдырмай, олардың ерлігінің ұрпаққа патриоттық тәрбие берудегі үлгі өнегесі мол екендігі жайлы айтылып,әлемде соғыс оты жанбасын,жасампаз Отанымыз бейбітшілік пен татулықтың арқасында даму жолында өркендей берсін деген тілектер айтылды.Мерекелік кездесу патриоттық әндермен өрнектеліп,бейнефильмдер мен презентациялар көрсетілді. «Паншер патшасы» атанған қазақтың «қара майоры» Керімбаев Борис Төкенұлының ерлікке толы өмірі туралы мәлімет беріліп, бейнефильм көрсетілді.
https://www.instagram.com/p/Coo1xzHrD3x/?utm_source=ig_web_copy_link
https://www.instagram.com/p/Coo1dlcrDfx/?utm_source=ig_web_copy_link
https://www.instagram.com/p/CoozqjgLeQ7/?utm_source=ig_web_copy_link
https://www.instagram.com/p/CooyK4drjp2/?utm_source=ig_web_copy_link
Мектеп-гимназиясы бойынша Ауған соғысы аяқталуының 34 жылдығына арналып атқарылған іс-шаралар туралы мәлімет ғаламтор желісінде жарияланып, аудандық «Нұрлы Көксу» газетіне жіберілді.