«Тәуекел тобының» оқушылары » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
сентябрь
2023

«Тәуекел тобының» оқушылары

«Тәуекел топтағы» оқушылар – бұл педагогтар тарапынан ерекше көңіл бөлуді талап ететін санаттағы балалар тобы. Оларға әр түрлі өлшемдер (критерии) арқылы 4 топқа бөлінетін барлық оқушыларды жатқызуға болады.


Бірінші топ – ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ӨЛШЕМДЕР

1. Ішкі ағзаларының созылмалы ауруы бар;

2. Есту, көру, сөйлеу мүшелерінің мәселелері бар;

3. Жиі және ұзақ ауыра береді;

4. Психоневропотологта есепте тұрады;

5. Ауыр дәрігерлік отаны басынан өткізген;

6. Стресс алған.


Екінші топ – ӘЛЕУМЕТТІК ӨЛШЕМДЕР

1. Асоциалды отбасында тұрады (балаға дұрыс көңіл бөлмеу немесе агрессиялық қатынас);

2. Отбасы құрылымының бұзылуы (толық емес, тек формалды түрде толық, яғни бала тәрбиесімен ата-анасының біреуі ғана айналысады, өгей әке, өгей ананың пайда болуы және т.б.);

3. Аз қамтылған отбасында тұрады;

4. Ата-анасы ішімдік ішеді немесе есірткі қолданады;

5. Босқындар, оралмандар отбасынан (бейімделу және тіл меңгеру мәселелері);

6. Тұрғылықты жерін, мектепті, сыныбын ауыстырудағы бейімделу мәселелері;

7. Өз бетімен үйден кету.


Үшінші топ – ОҚУ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӨЛШЕМДЕР

1. Оқу үлгерімі нашар;

2. Сабақты себепсіз көп босатады;

3. Жекелеген кейбір пәндерді себепсіз босатады;

4. Оқу үлгерімі және білім сапасы түсіп кеткен.

Төртінші топ – ҚЫЛЫҚТЫҚ КРИТЕРИЯСЫ ӨЛШЕМДЕР

1. Эмоционалды-еріктік сферасында бұзылыстар бар (өзін-өзі ұстай алмау, дөрекілік, өтірік айтады, көргенсіз, эмоционалды ұшқалақ, адуындық, қорқақтық, ызақор, шектен шыққан мінез-құлық, өшпенділік, қаскөйлік, ашуланшақтық, агрессиялықтың және қаталдықтың жиі көрініс беруі, бұзақылық, тұйықтану және өзімен-өзі болып кету);

2. Пайдакүнемдік пиғылдағы әрекеттер жасау (материалдық пайда табу үшін жасалған ұсақ құқықбұзушылықтар, істер (ұрлық, алып-сатарлық, алдап кету)

3. Құрбыларымен қарым-қатынас мәселелері (жағдайсыз, формалды емес, референттік топ, тұйықтық, балалар ұжымынан шеттеп қалу, құрбыластарымен жиі болатын ұрыс-керістер, төбелестер, анти- және асоциалды сипаттағы формалды емес ұйымдарға қатысу);

4. Ата-анасымен өзара қарым-қатынастағы қиындықтар (отбасылық тәрбиелеудің жағдайсыз тұрпаты: либералдық немесе индифференттік стильдер, баладан алшақ кету, ажырасу, ата-аналармен жиі жанжалдасу және қақтығыстар және т.б.);

5. Психобелсенді заттарды қолдану (токсикомания, ішкілікке, нашақорлыққа бейімділік, соның ішінде құрамында психобелсенді заттар бар дәрілерді қабылдау);

6. Мектепішілік есепте тұратындар (кәмелетке толмағандарды мектепішілік және қалалық есепке қою туралы шешім тек қана педагогикалық кеңестің шешімімен қабылданады).

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив