"Баланың бас ұстазы-ата-ана" » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
январь
2024

"Баланың бас ұстазы-ата-ана"

2024 жылдың 31 қаңтар күні Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы  орта  мектеп-гимназия ата-аналары арасында   «Баланың басты ұстазы-ата-ана». «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, буллингтің, кибербуллингтің, зорлық-зомбылықтың, лудоманияның алдын алудағы отбасының рөлі» тақырыбындағы ата-аналар жиналысы семинар-практикум түрінде өтті. Шараға мектеп-гимназия ата-аналар комитетітінің төрағасы А.Сырманаева, қамқоршылық кеңесінің төрағасы С.Усенова, 1-11-сыныптардың ата-аналар комитеттерінің төрағалары, сынып жетекшілер, ТІЖО Г.Мейрбекова, Г.Кусманова, педагог-психологтар Ғ.Белгібаева, М.Майкенова қатысты. Барлығы 33 ата-ана, 10 мұғалім қатысты.

Педагог-психолог Ғ.Белгібаева семинарға қатысушылар арасында жағымды көңіл-күй қалыптастыру мақсатында психологиялық тренинг ұйымдастырылды.

ТІЖО Г.Мейрбекова оқушыларға қатысты зорлық-зомбылықты, жәбірлеуді (буллингті), кибербуллингті анықтап, алдын алу, қорғауды ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №386 бұйрығымен және оқушыларды мектепішілік есепке алуды ұйымдастыру 2023 жылғы 28 желтоқсандағы №398 бұйрықпен, Жетісу облысында кәмелетке толмағандардың  жыныстық тиіспеушілігіне қарыс қылмыстардың жолын кесу және азайту жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған кешенді жоспарымен, «Зорлық-зомбылыққа, буллингке,кибербуллингке ұшыраған немесе оған куә болған кәмелетке толмағандарды ерте анықтау және көмек көрсету әдістемесін бекіту туралы ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №917  бірлескен бұйрығымен таныстырып, аталған бағыттағы жұмыстарды  іске асырудағы ата-аналардың  жауапкершілігін атап өтті. 

Сынып жетекшілер ӘБ жетекшісі Ж.Абишева ата-аналармен «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, буллингтің, кибербуллингтің, зорлық-зомбылықтың, лудоманияның алдын алудағы отбасының рөлі» тақырыбында  топтық жұмыс ұйымдастырды.

 Шара барысында ата-аналарға бала тәрбиесіне қатысты бейнефильмдер көрсетіліп, талқылау ұйымдастырылды. 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив