«Жасы кәмелетке толмағандардың Конституциялық құқықтарын қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алу және бала өміріндегі ата-аналардың рөлі» атты алқа мәжілісі өтті. » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жасы кәмелетке толмағандардың Конституциялық құқықтарын қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алу және бала өміріндегі ата-аналардың рөлі» атты алқа мәжілісі өтті.
31
март
2023

«Жасы кәмелетке толмағандардың Конституциялық құқықтарын қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алу және бала өміріндегі ата-аналардың рөлі» атты алқа мәжілісі өтті.

31 наурыз   күні   «Жасы кәмелетке толмағандардың Конституциялық құқықтарын қорғау,  құқық бұзушылықтың алдын алу және бала өміріндегі ата-аналардың рөлі» атты алқа мәжілісі өтті. Шараға Көксу АПБ ЖПКҚБ ЮПТУПИ полиция капитаны А.Тасболатова, ТІЖО Г.Т.Мейрбекова, Г.А.Құсманова, педагог-психологтар Ғ.Н.Белгібаева,М.Майкенова, медбике А.Сатай, 1-11-сынып жетекшілері, ата-аналар қатысты.

Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:

1.«Құқық бұзушылықтың алдын алу-маңызды міндет» ТІЖО Г.Мейрбекова

2.«Отбасындағы бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» педагог-психолог Ғ.Н.Белгібаева

3.«Сіз қандай ата-анасыз?»  ТІЖО Г.Мейрбекова

4.«Полиция тарапынан кәмелетке толмағандармен орын алған және кәмелетке толмағандарға   қатысты құқық бұзушылықтар мен қылмыстық әрекеттердің алдын алу және болдырмау бойынша атқарылатын шаралар» - Көксу АПБ ЖПКҚБ ЮПТУПИ полиция капитаны А.Тасболатова

5.«Бала денсаулығы- болашақ кепілі»  -   мектеп-гимназия медбикесі А.Сатай

6.«Жасы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасындағы суицидтік жағдайлардың орын алу себептері  және алдын алу» -педагог-психолог Ғ.Белгібаева .   

Бірінші мәселе бойынша  ТІЖО Г.Мейрбекова «Құқық бұзушылықтың алдын алу-маңызды міндет» тақырыбында сөз сөйлеп, қазіргі таңда  кәмелетке толмағандар арасындағы белең алып отырған құқық бұзушылық түрлеріне тоқталды. Құқық бұзушылықтардың себептері жайлы айта келе, сынып жетекшілер мен ата-аналардың тығыз байланыста болып, алдын алу шараларын бірлесе  жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

Екінші мәселе бойынша  педагог-психолог Ғ.Н.Белгібаева «Отбасындағы бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» тақырыбы аясында бейнеролик көрсетіп, бала тәрбиесі бойынша ата-аналарға кеңес берді.Соңынан   жағымды көңіл-күй қалыптастыру мақсатында, тренинг ұйымдастырды. 

Үшінші мәселе бойынша ТІЖО Г.Мейрбекова «Сіз қандай ата-анасыз?» тақырыбында ата-аналар арасында тест ұйымдастырып, қорытындысын шығарып, ата-аналарды таныстырды. Бала тәрбиесі бойынша әдебиетттермен таныстырды. Ата-аналарды балалардың құқықтарын қорғау және бала тәрбиесі бойынша білімдерін үнемі  жетілдіріп отыруға шақырды.

       Төртінші мәселе бойынша Көксу АПБ ЖПКҚБ ЮПТУПИ полиция капитаны А.Тасболатова «Полиция тарапынан кәмелетке толмағандармен орын алған және кәмелетке толмағандарға  қатысты құқық бұзушылықтар мен қылмыстық әрекеттердің алдын алу және болдырмау бойынша атқарылатын шаралар» туралы баяндама оқыды.

Бесінші мәселе бойынша мектеп-гимназия медбикесі А.Сатай «Бала денсаулығы- болашақ кепілі»   тақырыбында баяндама оқып, ата-аналарды баланың денсаулығына жауапкершілікпен қарап, дұрыс тамақтану, күн режимінің дұрыс қалыптасуының маңыздылығына тоқталды.

Алтыншы мәселе бойынша педагог-психолог Ғ.Белгібаева  «Жасы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасындағы суицидтік жағдайлардың орын алу себептері  және алдын алу» тақырыбы бойынша бейнематериал көрсетіп, балалардың мінез-құлқының психологиялық ерекшеліктеріне тоқталды. Ата-аналарға  жасөспірімдер арасындағы келеңсіз жағдайлардың алдын алу бойынша психологиялық кеңес берді.

Ата-аналар бала тәрбиесіне қатысты жағдаяттар бойынша психологтарға сұрақтар қойып, жауап алды.

Жиналыс соңында ТІЖО Г.Мейрбекова сөз алып, кәмелетке толмағандарға  қатысты құқық бұзушылықтар мен қылмыстық әрекеттердің алдын алу және болдырмау бойынша   ата-аналардың  жауапкершілігіне тоқталды.Ата-аналарды бала тәрбиесі бойынша білімдерін жетілдіруге шақырды.Ата-аналар   өткізілген іс-шара туралы кері байланыс жасап, өз ойларын ортаға салды.

Мәжіліс соңында сынып жетекшілер және ата-аналар  балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарын күшейту, балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары жоспарға сай, педагог-психологтар, сынып жетекшілер және  ата-аналармен тығыз байланыста жүргізу, сынып жетекшілер мен педагог-психологтар ата-аналардың бала тәрбиесі бойынша білімдерін жетілдіру бағытында психологиялық және педагогикалық кеңес беру жұмыстарын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. Өткізілген шара туралы анықтама әлеуметтік желілерде жарияланды.

https://www.instagram.com/p/Cqcq2gBNXkg/?utm_source=ig_web_copy_link



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив