«Балалар қауіпсіздігінің алдын алу, ата-ананың бала өміріне жауапкершілігі» тақырыбындағы ата-аналар жиналысы өтті. » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Балалар қауіпсіздігінің алдын алу, ата-ананың бала өміріне жауапкершілігі» тақырыбындағы ата-аналар жиналысы өтті.
10
октябрь
2022

«Балалар қауіпсіздігінің алдын алу, ата-ананың бала өміріне жауапкершілігі» тақырыбындағы ата-аналар жиналысы өтті.

Жетісу облысының білім басқармасының 2022 жылдың 

4 қазанындағы №42-42/165 хатына   сәйкес, 2022 жылдың 10 қазан күні Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында «Балалар қауіпсіздігінің алдын алу, ата-ананың бала өміріне жауапкершілігі» тақырыбындағы ата-аналар жиналысы өтті.

Жиналысқа 1-11-сынып оқушыларының ата-аналар комитеттерінің төрағалары мен ата-аналар кеңесінің мүшелері қатысты.

Ата-аналар жиналысы мектеп-гимназия директоры Тулекенов Мұратбек Баянұлының кіріспе сөзімен басталды, соңынан педагог-психолог Ғ.Белгібаева жағымды көңіл-күй қалыптастыру мақсатында, тренинг ұйымдастырды. 

Ата-аналар жиналысы  үш тақырыптық алаңдарға бөлініп ұйымдастырылды.

1-алаңда педагог-психолог Белгібаева Ғайнигүл Ноғарбекқызы «Балалар мен жасөсріпімдер арасындағы суицидтің алдын алу» тақырыбында, 2-алаңда мектеп-гимназияның қоғамдық инспекторы, тарих пәнінің мұғалімі Абишева Жадыра Мейрамханқызы «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы  құқықбұзушылықтың  алдын алу» тақырыбында, 3-алаңда Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Темірбеков Дидар Айтқұрманұлы «Төтенше жағдайлардың  алдын алу» және  медбике А.Сатай «Алғашқы медициналық көмек көрсету» тақырыптарында  жұмыс ұйымдастырылды.

Ата-аналар жиналысына  Көксу   ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау капитаны Қасенов Жасұлан Сейтжанұлы арнайы келіп қатысты.

Тақырыптық алаңдардағы топтық жұмыстан кейін ата-аналар мектеп-гимназия мәжілім залына жиналып, өткізілген іс-шара туралы кері байланыс жасап,өз ойларын ортаға салды. Жаңаша форматта ұйымдастырылған ата-аналар жиналысының жұмысы нәтижелі болды.

Жиналысқа барлығы   64 ата-ана, 40 мұғалім қатысты.













Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив