«Қыз тәрбиесі - қоғам тәрбиесі» » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
сентябрь
2023

«Қыз тәрбиесі - қоғам тәрбиесі»

Мектеп-гимназияда «Қыз тәрбиесі - қоғам тәрбиесі» тақырыбында қыздар жиналысы болып өтті. Жиналысқа 5-11 сынып қыз балалары қатысты. Аталмыш шараны құқық пәнінің мұғалімі Б.Төлеубай ашып, сөз сөйледі. Өз сөзінде қыз балаға берілетін тәрбиенің маңызы, қоғамда қыз бала тәрбиесінде жіберіліп жатқан олқы тұстарды тілге тиек ете отырып, қыздардың тән мен ар тазалығы туралы түсіндіріп, бесігінде жақсы тәрбие алған қыз бала ертеңгі ана екендігін еске салды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Құсманова мектеп жасындағы қыз балалардың тағдыры жөнінде тағылымды ақпарат беріп, қыздардың сырласы анасы болғандықтан, анасынан ешқандай сыр жасырмау керек екендігін баса айтты. Сонымен қатар қыздардың кешкі уақытта үйден шықпауын, интернет желісінде түрлі әлеуметтік желілерде отырмауын тапсырып, кеңестерін берді. Мұнан соң сөз алған мектеп медбикесі Ж.Құрманғалиева қыздар арасындағы ерте жүктіліктің салдары, денсаулыққа зияны, өмірге қауіптілігі туралы ауқымды әңгіме жүргізіп, қыздардың жеке бас гигиенасы, тазалығы жайлы түсіндірме жұмыстарын жасады. Жиналыс соңында "Инабат" қыздар клубының жетекшісі Айым Айтқазы кешкі уақытта қыдырмау, өзін дұрыс ұстау, ерсі қылықтар жасамау керектігін айтып өтті. Қыз баланы тәрбиелеу - ұлтты тәрбиелеу. Қыз балалар арасында жат қылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейте отырып, қоғам назарын қыз тәрбиесіне арнауда ақпарат беру мақсатында өткізілген жиналыста еркін пікір алмасу болып, кері байланыс жүргізілді.
 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив