Ата-аналар жиналысы өтті. » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
сентябрь
2022

Ата-аналар жиналысы өтті.

Қыркүйек айының 16-ында Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналар жиналысына арнап оқушылар шағын концерттік бағдарламаларын ұсынды. Жиналысты мектеп директоры Тулекенов Мұратбек Баянұлы бастап, жиналған жұртты жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, 2021-2022 оқу жылындағы мектеп-гимназиясының оқу-тәрбие жұмысына есеп берді. Күн тәртібіндегі 2 мәселе бойынша Усенова Салтанат ханым қамқоршылық кеңесiнiң жұмысы туралы баяндады. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Мейрбекова мектептің ішкі тәртібі туралы , соның ішінде әр оқушы мектеп-гимназия формасының үлгісі бойынша киiнiп келуі, сабаққа қажетті оқу құралдарын үнемі әкелуі, сабақтан себепсіз қалмауы, мектепке бағалы заттарды әкелуге болмайтыны туралы ескертті. Бауыржан Момышұлы: «тәртіпке бағынған құл болмайды» демекші, мектептің тәртібіне бағыну міндеті қойылды.
Жиналыс барысында, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі туралы кішігірім болса да, ой тастарлық видеороликтер көрсетілді. Әлемнің екінші ұстазы әл-Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» – деп айтып кеткендей, балалардың баянды болашақтары үшін педагогтар мен ата-аналардың күшін біріктіріп, өнегелі ұрпақ тәрбиелеу мақсатын алға қойды.Бала тәрбиесі – басты мәселе. «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды», «Тәрбиенің бастауы – отбасы», «Баланы тәрбиелеме, өзіңді тәрбиеле, себебі, бала сенен көргенін қайталайды» деп әжелер алкасының мүшесі Балабекова Аңсабала әжеміз «Балаларыңыз мықты әртіс болар, ақылды ғалым болар, бірақ ең алғашқы тәрбие – сіздерден» деп жақсылыққа, игі істерге шақырды. «Ұят болады» деген бір ауыз сөздің өзі қазақты жаман қадамға апармайтынын, үлкенге құрмет, т.б. ұлттық тәрбиемізді жаңғыртуға шақырды. Ал, ата-аналар болса, жылы лебіздерін білдірді.
Балалардың жеке бас гигиенасы бойынша аудандық орталық аурухана эпидемиологы Иманберлина Айгуль Машрупқызы баяндама оқыды. Ата-аналар өздерінің тараптарынан әр түрлі ұсыныстар, пікірлер білдіріп және сұрақтар қойды. Ата-аналар кеңесiнiң құрамы, әжелер алқасының құрамы, әкелер алқасының құрамы сайланды.
 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив