"Абайлаңыз,балалар!" » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
октябрь
2023

"Абайлаңыз,балалар!"

Көше қиылысында жол қозғалысын реттеуші тұрған жағдайда жолдың арғы бетіне қалай өтуге болады? Анықталғандай, осындай жағдайды реттейтін жол қозғалысы ережелері туралы оқушылардың кейбірі білмейді. Сондықтан, тәртіп сақшылары «Абайлаңыз, балалар!» акциясы аясында оқушыларға арнап «Көшеден қалай өтуге болады?» тақырыбында практикалық сабақ өткізді.
Іс-шараның басты мақсаты – балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу және балаларға көшелер мен жолдарда өздерін қалай ұстау керектігін үйрету. Мектеп-гимназия оқушылары бағдаршам белгілерімен, жолда жүру ережелерімен, жаяу жүргіншілер жолы, көше жиегіндегі жолдармен жүру керектігі, жолдағы қауіпсіздік ережелерін мүлтіксіз орындау қажеттілігі туралы мағлұмат алды.
Практикалық сабақ ашық аспан астында жол белгілері мен таңбалардың макеттері орналасқан мектеп-гимназия алдында жалғасын тапты. Мұнда оқушылар жол қозғалысын реттеушінің белгілерімен танысты.
Балаларға полиция қызметкерінің арқа тұсынан жаяу жүргіншілер қандай белгіде өте алатыны түсіндірілді. Ал, реттеушінің қолдары төмен түсіп тұрғанда көше қиылысын реттеушінің арқа және кеуде жақтарынан өтуге болатыны айтылды. Оқушылар тәртіп сақшыларына қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Алған білімдерін сақшылардың балаларға арнап дайындаған жадынамаларымен бекітті.
 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив