"Адалдық жүрген жерде-адамдық жүреді" » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
декабрь
2022

"Адалдық жүрген жерде-адамдық жүреді"

«Адалдық  жүрген  жерде- адамдық  жүреді» пікірлесу   сағаты

Мақсаты:  Оқушыларға өмірде  ата-анаға,  досқа адал бола білуге  баули отырып,әр адамның адал ісі мен адамдығы көрінетінін білуге тәрбиелеу.

Барысы:

Кіріспе.

Мұғалім: Адамның  ниеті,  ойы,  іс-әрекеті  шындыққа негізделгенде адам өзіне де,өзгеге де адал болады.Адал болу кез-келген адамның қолында. Ол біздің ішкі жан-дүниемізден бастау алады.Адамның көңілі таза,пейілі кең,адал,шыншыл болғанда әділдікке қол жеткізеді.

Адалдық  өмірінде  керек  нәрсе,

Ол да  гүлдеп,  нұрланар  көңіл  бөлсе.

Халыққа  өз  пайдасын  тигізе  алмай,

Адам  боп,  өзін-өзі  меңгермесе,-демекші әр адам дүниенің есігін ашып,шыр етіп өмірге келген күннен бастап жүрек қалауымен,ата-анасының берген тәрбиесімен,жақсылық пен жамандықты көре жүріп өмір сүре бастайды. «Дүниеде  әділдік  пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ» дегендей бүгінгі «Адалдық  жүрген  жерде- адамдық  жүреді» пікірлесу   сағатына қош келдіңдер. Оқушылар бүгінгі тәрбиелік шарамызда адалдық,адамдық жайында ойымызды ортаға сала отырайық. 

І-бөлім.

Жалпы адалдық  дегенді  қалай  түсінесіңдер?

Адал дос  дегенді  қалай  түсінесіңдер?

Адал болу  кез-келген  адамның  қолынан  келмейді?  Неліктен?

Ата-анаға, бауырға,  ортаға  жалпы  өмірде  адал  болу  дегенді  қалай түсінесіңдер?

Сен өзіңді  адал  жанмын  деп  айта  аласың  ба?

ІІ-бөлім.

Мақал-мәтел- халық  даналығының  бір  түрі. Олардың  тақырыптары  да  әр  алуан. Мақал-мәтелдің  мағына-мәні де  терең, аз сөзбен көп мағынаны, үлкен ойды жеткізеді.Ендеше бүгінгі адалдық тақырыбындағы мақал-мәтелдерді  айта отырып,мағынасын түсіндіріп өз ойымызды білдірсек. Бүгінгі тақырыбымыз «Адалдық  жүрген  жерде- адамдық  жүреді» дегенді қалай түсінесіңдер? (Оқушы ойлары) 

Осы тақырыптағы тағы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

ІІІ-бөлім.

Дайындаған  ситуациялық  сұрақтарымыз  бар. Ендеше  кезек  берейік.

1.Сенің  Айнұр  шын  сырлас, мұңдас досың.Ол сыныбында Айгүлмен ренжісіп қалады да саған келіп Айнұрдың кемшілігін  айтып досыңды жамандады.Сенің әрекетің? 

2.Ажар мен  Алмагүл сабақтан келе  жатыр  еді. Ажар жарнамадан жаңа фильмнің басталғанын көрді. Менің қалтамда анамның «самса алып жерсің » деп берген ақшасы бар. Кеттік,кино көрейік,-деді. Алмагүл:Үйден  сұранып  шыққан  жоқпыз. Іздеп  қалады  ғой,-деп  іркіліп  қалды. Ештеңе  етпес, «мектепте болдық» деп айта саламыз. Ажардың ұсынысына сен қалай жауап берер едің?

3.Менің ең жақын  досым  мектепте  бір  баламен достасқан,  ол  күнде кешке  қарай  мені өзімен бірге серуендеп жүруге шақырады.Ол: «менің анам, сенімен  бірге  жүргенімді  білсе, ол қарсы болмайды»,-дейді.Досым үйінде ата-анасы ұрыспауы үшін,мен бірнеше рет телефон арқылы өтірік айттым.Басында мен қиналмастан,оларды жасырып жүрдім,ал қазір олар мені пайдаланып жүр,ал мен күнде өтірік айтатын болдым.Менің досымнан ажырағым келмейді.Мен сонда не істеуім керек?Сендер осы сұраққа қалай жауап берер едіңдер? 

Мұғалім: Қазақ  халқы  қандай  да бір  дау  шықса  билерге  барып  істің  ақ-қарасын,  әділдігін  шешеді.  Ендеше  бүгін  оқушылардың  дайындап  келген  адалдық  жайындағы ойларына кезек берейік.(Оқушы ойлары)

Мұғалім:

Білім   мен өнерді  сүй, сусында,

Деп  айтсын  ел  «Осындай ер  тусын  да!»

Арың  адал,әділ  болсаң  әрқашан,

Дүниенің  бар бақыты  уысында.

Түспегені  абзал ғой  арға  дақтың,

Күйін  кешпе  түнде  ұшар жарғанаттың,

Адал  адам  әрқашан-еңсесі  тік,

Әділдікті ту еткін, қолғанатым.

Бүгінгі  кеште  ойымызды  ортаға  салып адалдық,  адамдық  туралы  көп нәрселер  айтылды. «Адалдық-адамдықтың  белгісі»  демекші осы  өмірде  адал болып, тек адал істер істеп адамдығымызды көрсетіп,кейінгіге үлгі болып жүрейік.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив