Рухани-адамгершілік тәрбие іс-шаралары » Страница 2 » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
KIVA тобының мүшелері, сіздерді өмірге позитивті көзқараспен қарауға шақырады
06
апрель
2026
KIVA тобының мүшелері, сіздерді өмірге позитивті көзқараспен қарауға
6 сәуір  күні  KiVa тобының мүшелері  балалар мен жасөспірімдер арасында өмірге позитивті қарым-қатынас және жағымды мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, қоршаған ортаның кері әсеріне бетпе-бет тұра алу қабілетін дамыту мақсатында бейнеролик түсірді. Бейнероликтің мазмұны: балалардың позитивті қарым-қатынас жасауын, қиындыққа сабырмен төтеп беруін, достарымен және отбасы мүшелерімен сыйластықта болуын көрсету. Сонымен қатар, қоршаған ортаны құрметтеу, жағымды мінез-құлық және өз-өзіне
«Буллингтен қорған!»
30
март
2026
«Буллингтен қорған!»
«Буллингтен қорған!», «Ойынға салауатты көзқарас» тақырыптарында 5–7-сынып оқушылары арасында апталық жиын өтті 📚✨ Жиын барысында оқушыларға буллингтің алдын алу ⚠️, оның зардаптары ❗ және өзара құрмет 🤝 пен қолдау көрсету туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, ойынға тәуелділіктің алдын алу 🎮🚫, уақытты тиімді пайдалану ⏳ және салауатты өмір салтын ұстану 🏃‍♂️🥗 мәселелері талқыланды. Оқушылар белсенді қатысып 🙋‍♂️🙋‍♀️, өз ойларын ортаға салып 💬, сұрақ-жауап арқылы пікір алмасты
«Жер үшін жауапкершілік – әр азаматтың міндеті»
30
март
2026
«Жер үшін жауапкершілік – әр азаматтың міндеті»
«Жер үшін жауапкершілік – әр азаматтың міндеті» Мектеп- гимназияда аталған тақырыпта сынып сағаты өтті. Сабақ барысында оқушылар қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау және жер ресурстарын тиімді пайдалану туралы ой бөлісті. Табиғатқа жанашырлықпен қарау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды. 🌱 Оқушылар өз пікірлерін білдіріп, туған жерге деген жауапкершілікті сезінудің маңызын түсінді. ✨ Мұндай тәрбиелік шаралар жас ұрпақтың экологиялық санасын қалыптастырып,
“Балалар кітапханасы”
23
март
2026
“Балалар кітапханасы”
Каникул жоспарына сай “Балалар кітапханасы” жобасы аясында 2б сынып оқушылар өздері оқып жатқан “Бір беттік кітап” бойынша ойларымен бөлісті. Сынып жетекші Абдрахманова А.  
"Балалар кітапханасы"
21
март
2026
"Балалар кітапханасы"
"Балалар кітапханасы" жобасы аясында 3 Ә сынып оқушылары "Отбасы хрестоматиясының" "Бір беттік кітабын" оқуда. Сынып жетекшісі Д.Сагиева
15 наурыз – Қайырымдылық күні
15
март
2026
15 наурыз – Қайырымдылық күні
15 наурыз – Қайырымдылық күні .Қайырымдылық күні аясында оқушыларды мейірімділікке, жанашырлыққа тәрбиелеу мақсатында түрлі қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды. Оқушылар мен педагогтер бірлесіп әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға көмек көрсетіп, игі істерге атсалысты. Сонымен қатар сыныптарда «Жақсылық жасаудан шаршама» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізіліп, қайырымдылықтың қоғамдағы маңызы түсіндірілді.
«Қоғам және мемлекет қайраткерi, Алаш қозғалысының жетекшiсі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туғанына 160 жыл (1866–1937)» тақырыбында көрме және тәрбиелік шара
26
февраль
2026
«Қоғам және мемлекет қайраткерi, Алаш қозғалысының жетекшiсі Әлихан
2026 жылғы  26 ақпан  күні мектеп-гимназияда «Қоғам және мемлекет қайраткерi, Алаш қозғалысының жетекшiсі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туғанына 160 жыл» тақырыбында көрме және тәрбиелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға сынып жетекшілері, тарих пәнінің мұғалімдері, кітапхана меңгерушісі және оқушылар қатысты. Қатысушылар Әлихан Бөкейхановтың өмірі, қоғамдық-саяси қызметі, Алаш қозғалысына қосқан үлесі және шығармашылығы туралы мәлімет алды. Көрмеде портреттері, фотосуреттері, қолжазбалары,
«Алғыс – ізгі ниет» тақырыбында өткен мектепішілік челлендж
25
февраль
2026
«Алғыс – ізгі ниет» тақырыбында өткен мектепішілік челлендж
2026 жылғы 25 ақпан  күні 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Алғыс – ізгі ниет» атты мектепішілік челлендж өткізілді.   Челлендж барысында қатысушылар: Бір-біріне, ұстаздарына және ата-аналарына алғыс хаттар жазып, ризашылықтарын білдірді; Сынып немесе топ болып 1–2 минуттық алғыс видеороликтерін дайындап, мектептің әлеуметтік желілері мен ақпараттық тақтасында көрсетті; Іс-шара барысында оқушылардың бір-біріне деген сыйластығы, позитивті қарым-қатынасы артты, алғыс айту мәдениеті насихатталды.
«Жасампаздық туа біте ме, әлде қалыптаса ма?»  тақырыбында ұйымдастырылған дебат
24
февраль
2026
«Жасампаздық туа біте ме, әлде қалыптаса ма?» тақырыбында
Мектеп-гимназияда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру және өз пікірін еркін, дәлелді түрде жеткізе білу дағдыларын арттыру мақсатында «Жасампаздық туа біте ме, әлде қалыптаса ма?» тақырыбында дебат ойыны өткізілді. Дебат ойыны барысында оқушылар екі топқа бөлініп, берілген тақырып аясында өз көзқарастарын білдіріп, дәлелдер келтіріп, пікір алмасты. Бір топ жасампаздық адамның бойына туа біте берілетін қасиет екенін дәлелдеуге тырысса, екінші топ