«Жаңа ой – жаңа мүмкіндік!» тақырыбында психологиялық тренинг
2025 жылғы 3 ақпан күні мектеп-гимназияда «Жаңа ой – жаңа мүмкіндік!» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Іс-шараға мектеп психологы және оқушылар қатысты. Тренингтің мақсаты – шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, позитивті көзқарас қалыптастыру, шешім қабылдау дағдыларын жетілдіру және қатысушылардың жеке мүмкіндіктерін кеңейту болды.
Тренинг барысында қатысушылар өздерін таныстырып, көңіл-күйлерін білдірді. «Менің жаңа мүмкіндігім» және «Сөз шеңбері» жаттығулары арқылы шығармашылық ойлау дамытылды. Сондай-ақ, «Мәселеден мүмкіндік жасау» және «Менің жетістігім» жаттығулары арқылы проблемаларды шешу қабілеттерін жетілдіру, жаңа мүмкіндіктерді тану және позитивті ойлау дағдыларын қалыптастыру жұмыстары жүргізілді.
Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, тренингтен алған әсерлері мен жаңа идеяларын ортаға салды. Іс-шара қорытындысында психолог күнделікті өмірде жаңа идеяларды байқап көру және қиындықтарды мүмкіндіктер ретінде қабылдау қажеттігін ескертті.
Тренинг оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өз мүмкіндіктерін бағалауға және жаңа идеяларды өмірде қолдануға бағытталған.
https://www.instagram.com/reel/DUSUbGGjKem/?igsh=OGM4ZGNqazBuanR5