«SMART BALA» жобасы аясында «Заңмен үндескен өнер тапқыштыққа алғашқы қадам» идеялар алаңы тақырыбында іс-шара өтті.
2026 жылғы 22 қаңтар күні мектеп-гимназияда 5–8- сынып оқушылары үшін «Заңмен үндескен өнер тапқыштыққа алғашқы қадам» тақырыбында идеялар алаңы байқауы өткізілді. Іс-шараға мектеп-гимназия әкімшілігі, сынып жетекшілері, жоба бойынша ұйымдастырушылар және оқушылар қатысты. Іс-шараның мақсаты түсіндірілді: оқушыларға заң мен тәртіптің күнделікті өмірдегі мәнін көрсету, шығармашылық арқылы заңды түсіндіру, ойлау қабілеті мен тапқырлық қасиеттерін дамыту, топтық жұмыс және коммуникация дағдыларын жетілдіру.
Іс-шара барысында оқушылар таныстырылым жасап, ұсынылған идея мәнін бейнеледі. Әр топ өз жұмысы бойынша презентация жасап, жюри шығармашылық, идеяның көрнекілігі, топтық жұмыс және заң тақырыбына сәйкестігі бойынша бағалау жүргізді. Ең үздік шығармашылық жұмыстар дипломдар мен естелік белгілермен марапатталды, барлық қатысушыларға ынталандыру сертификаттары берілді.
https://www.instagram.com/p/DTz01q2DFID/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==