«Цифрлық әлемге қауіпсіз қадам» тақырыбына сәйкес құзырлы органдармен өткізілген тақырыптық кездесу
2026 жылғы 3 ақпан күні Цифрлық қауіпсіздік, интернеттегі қауіп-қатерлердің алдын алу, жеке деректерді қорғау, кибербуллинг пен интернет-алаяқтықтың түрлері туралы кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында “Цифрлық әлемге қауіпсіз қадам” тақырыбында Көксу ауданы ПБ-нің ҚҚБ-нің УПП 6 УПИ полиция лейтенанты Тоқтарғожа Дәурен Дидарұлы, полиция аға лейтенанты Оразалиев Диас Қайратұлының қатысуымен кездесу өтті. Кездесу барысында оқушыларға цифрлық ортада қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері түсіндіріліп, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Іс-шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және ақпараттық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.
https://www.instagram.com/reel/DUSrp-gjIBe/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==