17
март
2026
17 наурыз – «Шаңырақ күні»
17 наурыз – «Шаңырақ күні» аясында мектепте ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылды. Аталған күн отбасы бірлігін нығайтуға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеуді мақсат етті. Іс-шара барысында оқушыларға ұлттық дәстүріміздің ажырамас бөлігі болып саналатын Наурыз бата беріліп, ақ тілектер айтылды. Бата беру арқылы жас ұрпаққа ізгілік, мейірімділік, береке-бірлік ұғымдары насихатталды.
Мереке аясында оқушылар арасында ұлттық ойындар ойнатылып, «Асық ату», «Арқан тарту», «Тақия тастамақ» сияқты ойындар арқылы балалардың ептілігі мен ұйымшылдығы дамытылды.
https://www.instagram.com/reel/DWDr8PSDJS6/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==