18 наурыз – «Ұлттық киім күні»
18 наурыз – «Ұлттық киім күні» аясында қазақ халқының ұлттық киім үлгілерін насихаттау мақсатында бірқатар мазмұнды жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, оқушылар мен педагогтер ұлттық киім киіп, мектеп-гимназияда «Ұлттық киім – ұлт айнасы» атты шара өткізілді. Іс-шара барысында ұлттық киімдердің түрлері, олардың ерекшеліктері мен тарихи маңызы туралы мәліметтер беріліп, көрме ұйымдастырылды.
Сондай-ақ ұлттық киімдердің тәрбиелік мәні түсіндіріліп, оқушылар арасында фоточеллендждер мен шағын таныстырылымдар өткізілді. Әлеуметтік желілерде ұлттық киімнің маңыздылығын насихаттайтын ақпараттар мен бейнематериалдар жарияланды.
Аталған іс-шаралар оқушылардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, халқымыздың салт-дәстүрі мен рухани құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталды.