30
март
2018
Наурыз-жыл басы
Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында Наурыз мерекесі өтті. Әр сынып қазақтың ұлттық дастарханын жайнатып, ұлттық ән-би орындалды. Арқан тарту, қол күрес, асық ойнау, кір тасын көтеруден сайыстар ұйымдастырылды. Мерекеге ата-аналар белсенді қатысты.Аталарымыз бата беріп, әжелеріміз шашу шашты. Мектеп-гимназия фойесінде нағыз қазақ ауылы бейнесі көрсетілді, ұлттық құндылықтар насихатталды.