Өзін-өзі бағалау » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72838) 2-01-16
Бухгалтерия
+7(72838) 2-01-16
Версия для
слабовидящих
03
июнь
2024

Өзін-өзі бағалау

«Жетісу облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназия» отдела образования Кербулакского районанде бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыру бойынша өзін-өзі бағалау қорытындысы

12. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мазмұнына өлшемшарттар:

       1) Білім беру ұйымының басшысымен бекітілген жұмыс оқу жоспары мен сабақтар кестелерінің болуы және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №29031 болып тіркелген) талаптарына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – ҮОЖ) сәйкестігі.

Талдау нәтижелері: 2023-2024 оқу жылында жалпы білім беретін сыныптар саны – 33, мемлекеттік тілде оқытылады. Оның ішінде 1-4-сыныптар – 12, оқушы саны – 290, 5-9-сыныптар (гимназиялық) – 15, оқушы саны – 362, 10-11-сынып – 6, окушы саны - 120. Оқу жылының соңында 772 оқушы. 

Мектеп-гимназия директорымен бекітілген жұмыс оқу жоспары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы 1-4-сынып МОН РК 08.11.2012 №500 бұйрығы бекітілген өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2023 жылғы 18 тамыздағы №264 бұйрықтың №1-қосымшасы негізінде оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптарға арналған бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарына; 5-9-сыныптар МОН РК 08.11.2012 №500 бұйрығымен бекітілген өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2022 жылғы 30 қыркүйектегі №412 бұйрықтың №16-қосымшасы негізінде Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін гимназия сыныптарына арналған бастауыш білім берудің (төмендетілген оқу жүктемесімен) үлгілік оқу жоспарына; 10-11-сыныптар МОН РК 08.11.2012 №500 бұйрығымен бекітілген өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2022 жылғы 30 қыркүйектегі №412 бұйрықтың №38, №39-қосымшалары негізінде Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін ҚГБ, ЖМБ бойынша жалпы білім берудің үлгілік оқу жоспарына;  МОН РК м.а. 2020 жылғы 12 мамырдағы №195 бұйрығымен бекітілген "ҚР мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" МОН РК 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» үлгілік оқу жоспарларына сәйкес келеді. 2024 жылғы 01 қыркүйекпен бекітілген сабақ кестесі бар. 

2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8424 болып тіркелген) жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына (бұдан әрі – ЖББ үлгілік оқу бағдарламалары) сәйкес жүзеге асырылатын оқу пәндерінің базалық мазмұнын игеру.

Талдау нәтижелері: Үлгілік оқу жоспары негізінде құрылған жұмыс оқу жоспарына сәйкес сабақ кестесі «Kundelik.kz» жүйесіне толық толтырылған. Расписание уроковндегі пән атаулары үлгілік оқу жоспарында ұсынылған пән атау бойынша жазылған. Жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар жүктелген. Мектепішілік бұйрық негізінде, тоқсандық жиынтық бағалау өткізу кестесі мектеп-гимназия директорымен   бекітілген. ТЖБ саны талапқа сай күніне 3 сабақтан аспайды, формативті бағалар қоры жеткілікті мөлшерде, БЖБ және ТЖБ қорытындысы бойынша  баллдар «Kundelik.kz» электронды журналына қойылған.

3) Білім алушылардың таным мәселелерін шешуге және субъективті жаңа білімді меңгеруге, ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті зерделеуге және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған тәрбие жұмысын іске асыру.

Тәрбие жоспары «2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы» Әдістемелік нұсқау хатқа және «Біртұтас тәрбие бағдарламасына»  сәйкес    жасалып, бекітілді.

Мектеп – гимназиясының  тәрбие   жұмысының мақсаты:

Оқушыларды   жалпы  адамзаттың  құндылықтарға   тарту, сол  құндылықтар  негізінде   мінез- құлық  қалыптастыра  отырып, іскер, бәсекеге  қабілетті   дара  тұлға  тәрбиелеу.   

Міндеттері: 

-         дарынды балаларды анықтау, олардың қабілетін дамытуға жағдай жасау;

-         ұлттық мәдениет пен өнер негізінде жан-жақты эстетикалық тәрбие беру, сұлулыққа, тазалыққа үйрету;

-         салауатты өмір сүруге тәрбиелеу, ішкілікке, есірткіге әуестенбеуіне жол бермеу;

-         мемлекет заңдарын және рәміздерін білу, оған сый құрметпен қарау;

-         еңбектің адам өміріндегі мәні мен маңызын түсіндіру;

-         ұлдар мен қыздар арасындағы сыйластық, достық қарым-қатынасты нығайтуға және бір-бірін құрметтеуге үйрету;

-         қазақ халқының ерлік, жауынгерлік тарихымен таныстыру, өз елін, жерін, қорғай алатын елжанды ұлттық  намысы бар жігерлі азаматтарды тәрбиелеу;

-         өздігімен білім деңгейін көтеруге үйретіп, өзін-өзі басқару мен тәрбиелеуге дағдыландыру;

-         қоршаған ортаны сүюге, оған өз үлесін қосуға  тәрбиелеу;

-         ұлттық қатынастың жақсы негіздерін бойына сіңіру, басқа ұлттың өкілдерін, мәдениетін, өнерін сыйлай білуге үйрету, өзара сыйластық, достық, негізінде өмір сүруіне ықпал жасау.

-   Мектеп – оқушы – ата – ана   байланысын  нығайту.

Таным мәселелерін шешуге және субъективті жаңа білімді меңгеру бағытында  оқушылардың    психологиялық    денсаулығын   сақтау,    қолайлы    әлеуметтік-психологиялық    жағдай    жасау   және    білім   беру   үдерісіне    қатысушыларға психологиялық    қолдау  көрсету жолға қойылған.

Мектеп-гимназия бойынша  психологиялық қызметті ұйымдастыру  мақсатында №162 бұйрық негізінде «Психологиялық алқалы орган» құрылды. Оқушылар арасында баланың құқықтарын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы және келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында №163 негінде«жедел анықтау» тобы құрылды.

Дамудың және оқу-тәрбие процесінің әлеуметтік жағдайын ғылыми психологиялық қамтамасыз ету, яғни білім беру процесіндегі барлық қатысушылардың денсаулығын сақтауға арналған психологиялық жағдайларды қамтамасыз ете алатын, тұлғаны дамыту мен тәрбиелеудің осы күнгі психологиялық-педагогикалық теориялары негізінде ұстаздармен, оқушылармен, ата-аналармен психологиялық, профилактикалық, түзету-дамыту жұмыстары жылдық жоспарға сәйкес жүргізілді.

Балалар мен ата-аналарға психологиялық кеңес беру үшін «қызу желі» қызметі ұйымдастырылды. Өмірдің қиын жағдайына тап болған кәмелетке толмағандарға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет туралы қоғамның ақпараттандыруын қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік желілерде «Балалардың құқығын қорғау» комитетінің 111 номерлі сенім телефондары көрсетілген хабарламалар орналастырылды. Баларға қатысты зорлық-зомбылық фактілері орын алғанда шұғыл қоңырау шалу және мәлімет алу үшін мектеп-гимназия холында орналасқан «balaqorgou» тақшайшасындағы скринкод арқылы хабарласуға болатыны оқушылар мен ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге  әр оқу  кабинетінде   сенім  телефоны  туралы   ақпараттар  ілінді.

«Сенім»  жәшігі   және  «Сенім»  телефоны   ұйымдастырылды. Сенім жәшігі аптасына бір  рет ашылып,   хаттама толтырылып тұрды.  Сенім жәшігі  жұмысын  жүргізу үшін   арнайы комиссия  құрылған.  

Барлық  сыныптардың жетекшілерімен бірлесе отырып 4  түрлі   критерий арқылы  «Тәуекел» тобына  жататын оқушылар анықталды.  Мектеп бойынша  7   оқушы  «Тәуекел» тобына тіркелді.  Бұл оқушылардың  әрқайсымен   жеке жүргізілетін  жұмыстар жоспарланып,  ол балалармен  жұмыстар   жүргізілді.

Ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті зерделеуге және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған тәрбие беру бағытында  «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында  ұлттық, адами құндылықтарға негізделген  Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты басты назарға алынған.

Тәрбиенің кешенді жоспарын іске асыруда балалардың жас ерекшеліктері ескерілген. 

Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда  оқушылардың бойында ұлттық құндылықтар: ұлттық мүдде, ар-ұят, талап құндылықтарын қалыптастыру басты назарға алынған.

2017-2018 оқу жылынан бері жүргізіліп келе жатқан «Шаңырақ» жобасы аясында жұмыс жүргізілді. 2023-2024 оқу жылында әр сынып 1 шаңырақ,барлығы 33 шаңырақ бар.

Шаңырақтар "Мектеп лигасы",«Балалар кітапханасы», «Еңбегі адал жас өрен», «Жеткіншектің жеті жарғысы», «Экранға тәуелділік: заманауи жаман әдет» тақырыбында жобалармен жұмыс жүргізді.Әр шаңырақтың атауы, ұраны бар, оқу жылына бекітілген жоспар бойынша жұмыс жүргізді.

            Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылғы қарашадағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 4 - отырысында берген тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында мектеп-гимназияда "Оқуға құштар мектеп"  жобасы аясында жұмыс жүргізілді.

Жоба аясында көркем әдебиетті жаңарту мен толықтыруға және мектеп кітапханасының материалдық-техникалық базасын нығайтуға  ерекше көңіл бөлінеді. Оқуды ынталандыру үшін оқушылар арасында ауқымды конкурстар, акциялар, челлендждер, конференциялар және басқа да іс-шаралар өткізілген. Оқу жылының басынан  отбасылық - мәдени құндылықтарды дамытуға, оқылған шығармалар бойынша пікір алмасуға, бүкіл отбасымен кітапты талқылау және оқуға бағытталған "Оқу сағаты", "Менің оқырман отбасым" акциясы жүзеге асырылған. Сонымен қатар, кітапхана жанында  "Bookcrossing" кітап сөрелері орнатылған.  "Оқуға құштар мектеп" жобасы 2020-2025 жылдарға арналған.

 «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясындағы іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілген.   Жоба аясында   әдістемелік нұсқау хатта биылғы жылы мерей тойлары аталып өтетін авторлардың шығармаларымен танысу жолға қойылған: «Әжемнің ертегілері» ата-аналармен бірлескен кітап оқу сағаттары/1-сыныптар/, Қожа Ахмет Яссауидің шығармаларымен танысу (10-11-сынып оқушылары), Төле бидің қанатты сөздерімен танысу (3-сыныптар), Бұқар жыраудың шығармаларымен танысу (7Ә сынып), Махамбет Өтемісұлының шығармаларымен танысу  (8Ә сыныбы), «Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларымен танысу (6А,6Ә сыныптар), Мәшһүр-Жүсіп шығармаларымен танысу   (5А,5Ә,5Б сыныптар), Спандияр Көбеевтің шығармаларымен танысу (2-сыныптар), Жүсіпбек Аймауытовтың шығармаларымен танысу (6Б-сыныбы), Мағжан  Жұмабаевтың шығармаларымен танысу (7А-сыныбы), Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларымен танысу(8А-сыныбы), Сәкен Сейфуллиннің шығармаларымен танысу (4-сыныптар), Қасым Қайсеновтің шығармаларымен танысу (9А сыныбы), Кемел Тоқаев шығармаларымен танысу  (7Б   сыныбы), Ғафу Қайырбековтің шығармаларымен танысу (8Б сыныбы), Мұрат Әуезовтің  шығармаларымен танысу (9Ә сыныбы), Оралхан Бөкейдің шығармаларымен танысу (9Б сыныбы).

2017-2018 оқу жылынан бері    НЗМ тәжірибесі негізінде  «Қазақтың 100 әні» жобасы аясында жұмыс жүргізілуде. Қазақ әндері арқылы оқушылардың бойынша ұлттық құндылықтарды қалыптастыру жұмысы оқу жылы барысында ұйымдастырылды, іс-шараларға ата-аналар да қатысты.Биылғы оқу жылына атаулы күндерге арналып, 20 ән таңдалып алынған: Мектебім, аяулы мектебім, Анаға сәлем, Ұстазым, Қазағым, Көзімнің қарасы, Досым, Әке туралы жыр, Атамекен, Біз – Отаның ұланымыз, Желсіз түнде жарық ай, Көк тудың желбірегені, Өз елім!, Сағындым Алматымды, Жан досым, Ауылдағы той, Құстар әні, Ақ көгершін, Қос бәйтерек, Жаным қазақ, Қазағым.  Әндер атаулы күндерге арналып жоспарланған. Қаңтар және сәуір айларында «Қазақтың 100 әні» жобасы бойынша әндерді орындау бойынша есеп беру кеші ұйымдастырылған. Оқушылар мен ата-аналар арасында «Қазақтың 100 әні» жобасы турыла сауалнама алынған. Ата-аналар жобаны қолдайды, жоба аясындағы іс-шараларға белсене қатысады.

«Қазақтың 100 әні» жобасы аясындағы іс-шараларға оқушылар белсене қатысады. Аталған жоба оқушыларды  ұлттық дәстүрлермен таныстыра отырып, олардың  бойында, ұлттық құндылықтар мен мәдениетті  және жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыруға оң ықпал етеді.

4) Білім алушылардың рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық, көркемдік-эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесін іске асыруды қамтамасыз ететін жиынтығында сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру;

Балалар кітапханасы жобасы аясында: «Ізгілікке қалам тартқан... жас ғұмыр», Қожа Ахмет Ясауидің туғанына 930 жылдығына орай: «Қожа Ахмет Ясауидің хәл хикмет ілімі», Балалар кітапханасы» жобасы   аясында: Ақын, жазушы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына орай поэзия кеші, Тоғыз айға 9 іс-шара: «Шығарма жазу: болашаққа хат» челленджі Балалар кітапханасы жобасы аясында: «Үнемі оқитын адам – табысты адам» Балалар кітапханасы жобасы аясында: Мақал – сөздің азығы, жұмбақ – ойдың  қазығы Тоғыз айға 9 іс-шара: Оқуға құштар мектеп челленджі 

Жеткіншектің Жеті Жарғысы жобасы аясында: «Адалдық- адамдықтың белгісі» Тоғыз айға 9 іс-шара: Домбырашылар челленджі «Сарыарқа», «Балбырауын», «Адай» күйлері»

Рухани-адамгершілік тәрбие бағыты бойынша оқушылардың әлеуметтік жағдайы басты назарға алынып, әлеуметтік көмек ұйымдастыру жолға қойылған.

2023 жылдың тамыз –қыркүйек айларында   «Мектепке жол» республикалық акциясы өткен.  Акция аясында   1 тамыз-30 қыркүйек   аралығында ата-аналарынан өтініш түскен 25 оқушыға 510 000тг көлемінде көмек көрсетілген.

Мектеп – гимназия бойынша оқушылардың әлеуметтік – тұрмыстық жағдайы төмендегідей:

Барлық оқушылар саны- 780 бала

Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы – 6, бала саны-9

Аз қамтылған отбасы -30, бала саны -54

Толық емес отбасы– 57, бала саны-63

Қамқорлыққа алынған оқушы -2

Көп балалы отбасы саны -161, оқушылар – 283

Жетім бала жоқ

Сәтсіз отбасы - жоқ

Үйде оқытылатын мүмкіндігі шектеулі оқушы – жоқ.

ЖБМББ қоры есебінен тегін тамақпен қамтылған  оқушы саны -54

Аз қамтамасыз етілген 30 отбасы

Мектепшілік есепте 1 бала.

АІІБ есебінде тіркелген бала жоқ.

Тәуекел тобында 7 бала.

ЖБМББ қоры есебінен 54 оқушы 40500 теңгеден ақшалай көмек алған.

Әлеуметтік   санаттағы  58 оқушы мектеп-гимназия асханасынан ЖБМББ қоры есебінен тегін тамақтанды. Тегін тамақтанатын оқушылардың сынып бойынша көрсеткіші:

Оның 1-4 сынып оқушысы 15 бала, 43 оқушы 5-11 сыныптан. 58 аз қамтылған оқушының ата-анасынан өтініштер толтырылып әлеуметтік жағдайын растайтын құжаттары   жинақталған.

Сыныптар

Оқушы саны

1

1-4- сыныптар

15

2

5-11- сыныптар

43

Тегін тамақтанатын оқушылардың әлеуметтік жағдайы:

 Жан басына шаққанда күн көріс деңгейі төмен

 АӘК 

Ата-ана қамқорынсыз қалған

51

6

1


 Сонымен бірге өгей  ата-анамен тұратын 4 (3 отбасы) оқушы бар. Ата-анасынан бөлек тұратын 9 оқушы анықталды. Ата-анасының сенім-хаты бар.

Мектеп-гимназия оқушыларын тасымалдауды ұйымдастыру мақсатында 2023 жылдың 1 қыркүйегінде  № 109 бұйрық шығарылып, ата-аналарының өтініштері негізінде 72 оқушы тасымалданды. 

Оқушылардың денсаулығы мен өмір  қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолға қойылған.

  Мектеп-гимназияға кіріп-шығу тәртібі мектеп-гимназия директорының бұйрығымен бекітілген. Оқушылар мен ұжым мүшелерерінің мектеп-гимназияда болған кездегі өмір қауіпсіздігін реттеу мақсатындағы іс-шаралары мектеп-гимназия директоры мен АПБ екіжақты бекітіліп іске асырылған.. Оқушылар мен ата-аналар мектептің ішкі тәртіп ережелерімен, мектепке алып келуге тыйым салынған заттар тізімімен таныстырылған. Сынып жетекшілеріне, мұғалімдерге  әдістемелік көмек көрсетіліп, қауіпсіздік мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оқу жылы барысында тоқсан сайын «Төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттер» бойынша  5 оқу-жаттығу ұйымдастырылып, эвакуация жасау жолдары көрсетілген. Оқу-жаттығулар шеңберінде Білім беру объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық шеңберінде бекітілген алгоритмдер   (2022 жылғы 30 наурыздағы № 117) пысықталған.

 Төтенше жағдайлар бойынша ақпараттық стенд орнатылған.

Сынып кабинеттерінде және мектеп-гимназия фойесінде  жол қозғалысы ережелері бойынша стенд  безендірілген.

«Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 506 бұйрығы аясындағы іс-шаралар жоспарланып, бекітілді.   Преподаватели, ата-аналар, оқушылары арасында «Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

1-8-сынып жетекшілерінің тәрбие жұмысының жоспарларында «Жолда жүру ережелері» тақырыптары, 1-11-сынып жетекшілерінің тәрбие жұмысының жоспарларында «Экологиялық мәдениет» бойынша тақырыптар, сонымен    бірге оқушылар мен ата-аналарға  құқықтық тәрбие беру бағытындағы іс-шаралар қамтылып,жоспарға сай жұмыс жүргізілген. Сондай-ақ өртке қарсы жағдайды тиісті деңгейде ұстау бойынша шаралар жүзеге асырылды. Мектеп дәліздерінің қабырғаларында эвакуациялау схемалары ілінген, өрт туындаған жағдайда іс-қимыл тәртібі айқындалған және зерделенген.  2023-2024 оқу жылы барысында мектеп-гимназия оқушылары мен ұжым мүшелері арасында оқыс оқиғалар орын алған жоқ.

Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша АПБ бірлескен жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында іс-шаралар жоспары жасалып,бекітілген. Жоспарға жүргізілген жұмыстардың жоспарын, анықтамалары жинақталған. Құқық кеңесінің отырысы ай сайын өткізілген. Оқу жылында өткізілген 9 отырыстың хаттамалары жинақталған.

 Тәрбие жоспарына сәйкес оқу жылы барысында оқушылар мен ата-аналар арасында жаппай құқықтық оқулар ұйымдастырылды. Тоқсан сайын «Жасөспірім және заң» тақырыбы аясында АПБ қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырылды. «Түнгі қаладағы бала» акциясы аясында ата-аналармен бірлескен рейдтер ұйымдастырылған. 

Тоқсан сайын   «Жасөспірім және заң», «Кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігі», «Балалардың қараусыздығы», «Қауіпсіз жол», «Заңға мойынсынушылық мінез-құлық-қауіпсіздік кепілі» тақырыптарында дәріс өтті. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру бойынша оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар арасында жаппай құқықтық оқу сабақтары ай сайын өткізілген.

Мектеп-гимназия оқушылары арасында құқықбұзушылық жасаған,  мектепішілік есепте, АПБ есебінде тұратын оқушылар жоқ. Мектеп-гимназия оқушылары арасында сәтсіз отбасында тәрбиеленетін оқушылар жоқ.

Оқу жылында қыркүйек және сәуір айларында   «Абайлаңыз, балалар!» атты республикалық   акция өткізілген. Барлық сыныптарда акцияға байланысты «Бағдаршам» атты сынып сағаттар өткізіліп, жол ережелері туралы түсінік берілген. Акция аясында «Абайлаңыз,балалар!» атты ата-аналар жиналысы өткізіліп, жаңа оқу жылы басталуына байланысты ата аналарға оқушылардың жолдағы қауіпсіздігі жайлы кеңестер беріліп, «Балалар-жаяу жүргіншілер» тақырыбында әңгімелесулер ұйымдастырылған.

 Зияткерлік байқаулардың нәтижесі

 аудандық

облыстық

 республикалық

 халықаралық

59

30

53


Азаматтық-патриоттық тәрбие қалыптастыру жұмысын ұйымдастыруда   Қазақстан Республикасының  мемлекеттік рәміздерін насихаттау басты назарға алынған.

2023 жылдың 1 қыркүйегімен мемлекеттік рәміздерді насихаттау жұмысын ұйымдастыру туралы  бұйрықпен комиссия құрылған. Мероприятие жоспары бекітілген. Жоспарға сай жұмыс жүргізіліп, жинақталған.  Государственные символыді насихаттау комиссиясының отырысы тоқсан сайын өткізілді.

   Мектеп-гимназия бойынша мемлекеттік рәміздер талапқа сай орналастырылған.  ҚР мемлекеттік рәміздерін құрметтеу, насихаттау жұмыстары   жоспарға сай ұйымдастырылды.

ҚР мемлекеттік Гимнін әр дүйсенбі күні  орындау жолға қойылған.

1 қыркүйек-Білім күніне арналып «Мектебім-мейірім мекені» тақырыбында   алғашқы сынып сағаттары , салтанатты жиын өтіп, мемлекеттік рәміздер насихатталды.

1 қыркүйекте ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ»   атты Жолдауы ұжым мүшелері арасында талқыланды. Жолдау оқушылар мен ата-аналар арасында насихатталды. Аудандық «Нұрлы Көксу» газетіне президент Жолдауы туралы   Ж.Абишеваның  мақаласы жарияланды. 

Өткізілген іс-шаралардың жоспарлары, анықтамалары бар. Өткізілген іс-шаралар әлеуметтік желілерде, мектептің ресми сайтында жарияланған.

Мемлекеттік тілді насихаттау мен оқытуды жетілдіру мақсатында іс-шаралар жоспары бекітілген. Жоспарға сай жұмыс жүргізілген. Мемлекеттік тілді насихаттау мен оқытуды жетілдіру жұмысына ағылшын тілі пәнінің мұғалімі   С.Жапсарбаева  бекітілген. Тілдер ӘБ мұғалімдері  қыркүйек айында Тілдер айлығын ұйымдастырып өткізген.

Оқу жылы барысында қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілдерінің ӘБ тілдерді насихаттау мақсатында үлгі сабақтары мен сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырған.

Ұлттық мүдде құндылығын қалыптастыру бойынша «Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасы аясында оқушыларға азаматтық патриоттық тәрбие беру бойынша   1 қыркүйек - білім күні «Мектеп – мейірім мекені» «Мектебім-мейірім мекені», «Білімім-Отаныма», Жеткіншектің Жеті жарғысы жобасы аясында: «Тарих пен тіл тамырлас», Жеткіншектің Жеті жарғысы жобасы аясында«Жеңісімді Тәуелсіздікке арнаймын!», Жеткіншектің Жеті жарғысы жобасы аясында: «Көк тудың желбірегені», Жеткіншектің Жеті жарғысы жобасы аясында«Ұлттық рух – тәуелсіздік тірегі»,

Жеткіншектің жеті жарғысы жобасы аясында: «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» мемлекеттік тілді оқытудың озық әдіс- тәсілдерін көрсету, 

«Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасы аясында:  «Толық адам» ілімі және бүгінгі жастар «Кітапқа жазылмаған тарих» атты Ерлік сабақтары,

Тоғыз айға 9 іс-шара: Мемлекеттік Гимнді бірыңғай орындау,   Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным!, Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасы аясында: «Өнегелі өмір», Жеткіншектің Жеті жарғысы жобасы аясында:   «Сен және Заң», Жеткіншектің Жеті жарғысы жобасы аясында: Өрле, Қазақстан!, Жеткіншектің Жеті жарғысы жобасы аясында: «Ұлы Дала мұрагерлері», Жеткіншектің Жеті жарғысы жобасы аясында: «Жеңіс деген шат күлкісі баланың», Жеткіншектің Жеті жарғысы жобасы аясында: «Халықтың ерлігі ғасырлар бойы өмір  сүреді!», Жеткіншектің Жеті жарғысы жобасы аясында: «Тағдырыңның кілті – өз қолыңда!», Тоғыз айға 9 іс-шара: «Жасыл мекен» челленджі өткізілді.

Көркемдік-эстетикалық бағыт бойынша  оқушыларға  қосымша білім беруді ұйымдастыру жолға қойылған.

  1-4- сыныптың 206 оқушысы мектеп-гимназиядағы үйірмелерге қатысты. Мектеп-гимназияда үйірмеге қатысу пайызы-26,8.

Мектеп-гимназияның 217 оқушысы аудандық «Өнер» мектебіне  9 бағыттағы түрлі үйірмелерге қатысты. Вокал-27, домбыра-40, қобыз-6, сазсырнай-1, сальфеджио-3, барабан-2, фортепиано-1, сурет-47, хореграфия-76.

Одан басқа мектеп-гимназияның 15 оқушысы  Талдықорған қаласындағы, аудандық мәдениет үйі, «Али» фирмасы ұймдастырған түрлі үйірмеге қатысты. Мектеп-гимназиясы бойынша 1-4- сыныптарда жаратылыстану-математикалық бағытында  15 үйірме жүргізілді, оны ұйымдастырған 1-4-сынып жетекшілері.  

Көркем-эстетикалық бағыт бойынша  жетістіктер саны:

 аудандық

облыстық

 республикалық

 алықаралық

12

1

12


 Еңбек тәрбиесін іске асыру бойынша «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Еңбекке деген саналы көзқарас қалыптастыру мақсатында кәсіби бағдар беру жұмысы жоспарға сай ұйымдастырылды. 

Еңбегі адал жас өрен жобасы аясында:  «Адал азамат – әділеттіҚазақстан, Еңбегі адал жас өрен жобасы аясында:  «Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі күн үшін», Еңбек күні:«Қоғамдық игілікке қызмет ету» тақырыбында білім беру ұйымың қызметкерлеріне құрмет көрсету акциясы, Еңбегі адал жас өрен жобасы аясында:   «Оян, ар мен адалдық, Еңбегі адал жас өрен жобасы аясында:  «Әкеге-ізет, анаға – құрмет», Еңбегі адал жасөрен жобасы аясында:  Су мен электр энергиясын үнемдеуге бағытталған «Үнемділік- ұқыптылық», Еңбегі адал жас өрен жобасы аясында:  Су мен электр энергиясын үнемдеуге   бағытталған «Үнемділік инноваторы», Еңбегі адал жас өрен жобасы аясында:   «Бейбітшілік пен келісім сабақтары» форматында  мотивациялық кездесулер,

Еңбегі адал жас өрен жобасы аясында:Таным.Тағылым.Тәрбие», Школьникам кәсіби бағдар беру аясында: «Профи TIME» мамандықтар әлемінде, Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында: Қалдықтарды табысқа айналдырайық, Еңбегі адал жас өрен жобасы аясында: «Табиғат тамашалары» тақырыбында іс-шаралар ұйымдастырылды.

«Жас Ұлан» ұйымының жұмысы:

Мектеп-гимназияда «Жас Ұлан»  оқушылардың өзін-өзі басқару  ұйымы бар, ұйым мүшелері әр  түрлі   іс-шараларды ұйымдастыруға қатысты.    

             Балалар ұйымының мақсаты: балаларды қазақ халқының ұлттық мәдениеті әлеміне енгізу, оларды рухани- адамгершілік құндылықтарын, адам мен табиғаттың бірлігін, туған жерге деген сүйіспеншілікті, еңбекқорлықты, мейірімділікті қабылдауына ықпал ету.

             Балалар ұйымының міндеттері келесі тармақтарды қамтыды: әр оқушының жеке басының зияткерлік, адамгершілік және эмоционалды көрінісі үшін жағдай жасау; балаларды құрметтеуге тәрбиелеу, балалардың өткеніне, өз халқының тарихы мен мәдениетіне, отбасы мен отбасылық дәстүрлеріне құрметпен және ұқыпты қарауға тәрбиелеу; сынып ұжымын қалыптастыру және жеке тұлғаны дамыту үшін жағдай жасау.

             Балалар ұйымының жұмысы әр түрлі іс-әрекеттерді көрсететін жоспар негізінде жүзеге асырылады. Балалар ұйымының негізгі бағыттары:

1.       Эстетикалық бағыт

2.       Өлкетану

3.       Экология

4.       Спорт

5.      Патриоттық бағыт

Балалар ұйымына мектептің барлық оқушылары кіреді. Балалар ұйымында  балалар  Мәдениет, қайырымдылық, спорт, Білім, құқықтық тәртіп, БАҚ, Еңбек және экология министрлері болып жұмыс істейді. Әр министр бір жыл бойы өз жұмысын адал және жауапкершілікпен атқарды. Көшбасшылар мен кіші тәлімгерлер түрлі мәдени-ойын-сауық, танымдық іс-шаралар ұйымдастырды, олар: мұғалімдер күні, Дублер күні, Денсаулық күні, жәрмеңке, жаңа жыл, Еске алу вахтасы, соңғы қоңырау. Мектептің барлық оқушылары осы іс-шараларға белсенді қатысты. Сондай-ақ жалпы қалалық және мектеп іс-шараларына белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Әр аптаның басында мектеп президенті жалпы мектептік линейканы өткізді, онда әр сынып үлгерімінің қорытындысы жарияланды; кезекшілер кезекшілік туралы есеп берді.

Айына екі рет оқушылар кеңесінің отырыстары өткізілді, онда әр министр атқарған жұмысы туралы есеп берді және келесі айға жоспар жасалды.

Балалар ұйымы «Жүрек жылуы» жобасы аясында нәтижелі жұмыс жүргізді. Жобаны педагог-ұйымдастырушы А.Жұмабек дайындады. «Жүрек жылуы» жобасы облыстық семинарда таныстырылып, іс-тәжірибесі таратылды.  

  «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұланбасы болып 10А сынып оқушысы Сеилхан Аруна «Мектеп Парламентінің» ұланбасы болып 10Ә сынып оқушысы Акимжанова Жансая сайланды. Балалар ұйымының ұйымдастыруымен әр дүйсенбі күні тақырыптық апталық жиын өткізу жолға қойылған. Апталық жиындарда «Біртұтас тәрбие бағдарламасы», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің террористік тұрғыдан осал объектілері мен білім және ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығы, Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 506 бұйрығы, құқық бұзушылықтың  алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы тақырыптар қамтылды. 

Школьникам әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубы «Ардагер», «Сөнбес жұлдыздар», «Асыл мұра» бағыттары бойынша ізденіс жұмыстарын жүргізді. 

«Адал ұрпақ», «Жалын» жас құтқарушы клубының жұмысы және «Полицияның жас көмекшілері» тобы мен «Қалқан» жас инспекторларының тобы жоспарға сай жұмыс жүргізді.

"Ұшқыр ой алаңы" пікірталас клубының жұмысын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Тынысбек пен орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Д.Абитаева жүргізді.

«Жас Ұлан» БҰ оқу жылында «Жылы жүрек» қайырымдылық жобасы аясында нәтижелі жұмыс жүргізіп, түрлі қайырымдылық көмектерді іске асырды.

             Балалар ұйымының өткізген іс-шаралары мен ұжымдық-шығармашылық істері оқушылар ұжымын  біріктіруге, үлкендерге құрметпен қарауға , тәртіптілік пен дербестікке ықпал етті.

   Дене тәрбиесін іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында  оқу жылында келесі іс-шаралар  өткізілген: Қыркүйек айында  «Денсаулық фестивалі» өткен. "9 аға 9 іс-шара» аясында қыркүйек айында «Сергіту сәті» өтті.

Салауатты өмір салтын насихаттау бағытында: «Ұлттық мектеп лигасының» ашылуы, «Денсаулық күні», «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі»   ақпараттық-түсіндірме жұмысы, Ұлттық мектеп  лигасы жобасы аясында: «Тоғыз құмалақ-day», Тоғыз айға 9 іс-шара: Асық ату челленджі, Дүниежүзілік денсаулық күніне орай: «Ұлттық мектеп лигасы» жобасы, білім

алушылардың денсаулығы мен әл- ауқатын нығайту үшін  спорттық ойындар, Тоғыз айға 9 іс-шара: Шахмат ойнау челленджі ұйымдастырылды.

  Ұлттық мектеп лигасы жобасы аясында: Спорт ардагерлерімен  достық кездесулер  өткізілді.

Оқу жылы барысында «Мектеп лигасы» жобасы аясында «Көңілді старт» спорттық спорттық іс-шаралар, отбасылық спорттық жарыстар  ұйымдастырылды.

    Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы іс-шаралар «Денсаулық» бағдарламасына сай іске асырылды.

Мектеп-гимназияда 6 спорттық секция аптасына 3 күн  жұмыс жасады. Әр секцияға 15 оқушыдан 90 оқушы қамтылған.   Баскетбол үйірмесін –Е.Сейтқазы мен Т. Керимбеков,  футбол   үйірмесін Ж.Қасымжанов, волейбол   үйірмесін С. Кусманов пен Б.Рахымжанов, шахмат  үйірмесін Ж. Дюсенбеков жүргізді.

Аудандық спорт мектебіне және Талдықорған қаласындағы үйірмелерге мектеп-гимназияның 90 оқушысы қатысты. Шахмат-6, каратэ-14, дзю-до-13, бокс-10,футбол-19, күрес-10,волейбол-15,грек-рим-3, жүзу-7, үстел теннисі-1.

 Спорттық байқаулардағы оқушылардың жетістіктер саны:

 аудандық

облыстық

 республикалық

 халықаралық

26

15

6


Әдістемелік жұмыс.

Сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігінде 33  сынып жетекші, оның ішінде бастауыш сыныптарда 12 сынып жетекші, орта буында 15 сынып жетекші және жоғарғы буында 6 сынып жетекші бар.  

Оқу жылында   әдістемелік жұмыстың келесі түрлері қолданылды:

1. Сынып жетекшілерінің жеке және топтық кеңестері.

2. Сынып жетекшілерінің әдістемелік семинарлары.

3.Озық тәжірибені зерттеу және тарату.

Сынып жетекшілерімен әдістемелік және кеңес беру жұмыстары жүргізілді, тақырыптық сынып сағаттарын өткізу бойынша қажетті нұсқаулық берілді.

2023-2024 оқу жылында сынып жетекшілерінің ӘБ семинарлары келесі тақырыптар бойынша өткізілді:

 1. "Балалардың, сынып жетекшілер мен ата-аналардың шығармашылық ынтымақтастығы- тәрбие жұмысының негізгі  шарты"

2. Тәрбие жұмысындағы сынып жетекшісінің заманауи моделі"

3. "Тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы сыныптан тыс шаралардың тиімді әдіс-тәсілдері"

4. "Сынып жетекшілердің  шеберлігін жетілдіру- тәрбие жұмысының сапасын арттырудың негізгі шарты"

Сонымен бірге сынып жетекшілер ӘБ 7 отырысы өтті. ӘБ отырыстарында   төмендегі мәселелер қаралды:

 1.  Тәрбие   жұмысын ұйымдастыру Сынып жетекшілердің тәрбие жұмысының жоспарын бекіту және тексеру.

2.Тәрбие  сағаттарының   тиімділігі. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында құндылықтардың қалыптастырылуы

3.Мектеп-гимназияда қауіпсіз орта қалыптастырудағы жұмыстың жүргізілуі. Буллингтің алдын алу жұмысы.

4.1-8-сынып оқушылары арасында жол-қозғалыс оқиғаларының алдын алу жұмыстарының жүргізілуі.

5.Оқушылардың қосымша білім алумен қамтылуы және оның нәтижесі.

6.«Шаңырақ» жобасы бойынша  1-11-сыныптарда жүргізілген жұмыстарды тексеру қорытындысы

7.«Қазақтың 100 әні» жобасы бойынша 1-11-сыныптарда жүргізілген жұмыстарды тексеру қорытындысы.

8.Ата-аналар лекторийінің бала тәрбиесіне ата-ана жауапкершілігін көтеру мақсатындағы жұмысының нәтижелілігі .

2023-2024 оқу жылы ішінде жас сынып жетекшілеріне ТІЖО, педагог - психолог және әдістемелік бірлестіктің басшысы келесі мәселелер бойынша консультациялар өткізді:

* сынып жетекшісі қызметінің мазмұны

* сынып жетекшісінің құжаттамасын рәсімдеу

* Сыныптағы тәрбие жұмысын жоспарлау: ұйымдастыру, әдістері мен формалары

* тұлғаға бағытталған сынып сағаты: мазмұны мен ұйымдастырылу ерекшеліктері

* сынып жетекшісінің жұмысындағы тәрбие процесінің диагностикасы

* сынып жетекшісінің жұмысындағы Денсаулық сақтау технологиялары

* баланың рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастыру бойынша отбасы мен мектептің өзара іс-қимылы.

Сонымен қатар, үлкен секцияаралық жұмыс жүргізілді: сыныппен тәрбие жұмысын жоспарлауға, сынып жетекшісінің сынып ұжымымен жұмысын ұйымдастыруға, балалар ұжымын зерделеу, сауалнама, диагностика бойынша материалдар жинауға көмектесу. Оқу-тәрбие процесінің жай-күйін зерделеу барысында анықталған педагогикалық тәжірибені зерделеу, қорыту және тарату педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға ықпал етеді.

Жыл бойы сынып жетекшілері тәрбие жұмысының барлық бағыттары бойынша іс-шаралар ұйымдастырып, өткізді. 

 «Шаңырақ» жобасымен бірге  2023-2024 оқу жылында акциялар мен әлеуметтік жобалар іске асырылды:

 «Абайлаңыз,балалар!»

«Жасөспірім және заң»

«Қауіпсіз терезе»

«Біз буллингке қарсымыз»

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ»

16 ақпанда аудандық "Шебер-сынып" байқауында ТІЖО Г.Мейрбекова және Г.Кусманова, педагог-ұйымдастырушы А.Жұмабек,әлеуметтік педагог Р.Джауыншинова, педагог-психолог Ғ.Белгібаева және сынып жетекші Ж.Абишевадан тұратын команда "Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысын ұйымдастыру" бойынша шебер-сынып өткізіп, 2-орын иеленді.

23 ақпанда "Білім беру ұйымдарында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы" қызметін дамыту шеңберінде мектеп пен отбасының өзара іс-әрекетін нығайту" тақырыбындағы облыстық семинарда мектеп-гимназиядағы "Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының" жұмысын ұйымдастыру бойынша ТІЖО Г.Мейрбекова,Г.Кусманова,педагог-ұйымдастырушы А.Жумабек,әлеуметтік педагог Р.Джауыншинова іс-тәжірибемен бөлісіп қайтты. Семинарда 6 Б сынып жетекшісі А.Даутова "Позитивті ата-ана психологиясы" тақырыбында тренинг ұйымдастырды.

 17 сәуір күні   мектеп-гимназияда Балпық би ауылындағы мектептердің "Құқықтық бұзушылықтың алдын алу бойынша мектептің жұмысын ұйымдастыру" тақырыбындағы тәрбие жұмысының аймақтық семинары өтті. Семинарда мектеп-гимназияның ТІЖО Г.Мейрбекова, ТІЖО Г.Кусманова,педагог-психологтар Ғ.Белгібаева,М.Майкенова, педагог-ұйымдастырушы А.Жұмабек,әлеуметтік педагог Р.Джауыншинова, сынып жетекшілер ӘБ жетекшісі Ж.Абишева "Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысын ұйымдастыру" тақырыбында шебер-сынып өткізді.

26 сәуір күні ТІЖО: Г.Т.Мейрбекова және Г.А.Кусманова, педагог-психолог М.Майкенова,педагог-ұйымдастырушы А.Жұмабек,әлеуметтік педагог Р.Джауыншинова Алғабас орта мектебінде өткен аудандық семинарда "Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының" жұмысын ұйымдастыру бойынша шебер-сынып өткізді.

Сынып жетекшілерінің жұмысын жетілдіру.

Сынып ұжымының тәрбие қызметін талдау негізінде биылғы жылы барлық сынып жетекшілері тәрбие жұмысының жоспарларын құрды деп айтуға болады, онда келесі бөлімдер көрсетілген:

 «Біртұтас тәрбие бағдарламасы»  бойынша іс-шаралар

- ата-аналармен жұмыс.

Сынып жетекшілері өз алдына келесі тәрбиелік міндеттерді қойды:

- «Шаңырақ» қауымдастығының жұмысын жетілдіру;

- құқықтық сауаттылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру;

- салауатты өмір салтын қалыптастыру;

- отбасымен тығыз байланысты қамтамасыз ету, ата-аналарды сынып пен мектептің қоғамдық өміріне тарту;

«Қазақтың 100 әні» жобасы аясындағы жұмысты ұйымдастыру.

-«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясындағы жұмысты ұйымдастыру.

Оқу жылы барысында сынып жетекшілер циклограммаға сәйкес апта сайын сынып сағатын, сынып жиналыстарын, тоқсан сайын ата-аналар жиналыстарын ұйымдастырды. Әр сынып «Шаңырақ» жобасы аясында жұмыс жүргізді.

Ең белсенді сынып жетекшілері: Г.Мусанова, А.Ахметжанова, Д.Бектемисова, А.Досанова, Ә.Кемелова, Г.Кргабакова,С.Қасымбаева,А.Даутова,Ж.Абишева, Ә.Тоқан, А.Иманбаева.

Кәсіби біліктілікті жетілдіру бойынша: 18-29 қыркүйек аралығында ТІЖО: Г.Мейрбекова, Г.Кусманова,   педагог-психолог М.Майкенова,   әлеуметтік педагог Р.Джауыншинова, менеджер Ж.Айкенова, 12 сынып жетекші: 

1. Абишева Жадыра  

2. Айдарқызы Мөлдір 

3. Досанова Айгерім  

4.Жағыпер Гүлнар  

5.Жапсарбаева Сәуле 

6.   Кусманова Бағлан

7. Қасымбаева Сая

8. Мұратқызы Марал

9.   Мусанова Гүлназ  

10. Төлеубай Баятхан  

11. Төлеубай Қымбат  

12. Шайза Гулина  

барлығы 17 педагог «Адамның үйлесімді дамуы» институтының ұйымдастыруымен «Ата-аналарды педагогикалық-психологиялық ағартудың ғылыми негіздері» тақырыбында өткен 80 сағаттық курста оқып, сертификат иеленді.

Сонымен бірге 30 қазан-03 қараша аралығында ТІЖО: Г.Мейрбекова, Г.Кусманова «Адамның үйлесімді дамуы» институтының ұйымдастыруымен «Жағымды тәрбие ортасын қалыптастыру» тақырыбында өткен 40 сағаттық курста оқып, сертификат иеленді.

Желтоқсан айында 6 Б сынып жетекшісі А.Даутова «Адамның үйлесімді дамуы» институтының ұйымдастыруымен «Зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында өткен 80 сағаттық курста оқып, сертификат иеленді.

«Зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбы бойынша өткен курстың материалдары сынып жетекшілер арасында таныстырылып, таратылды. 

Алдағы оқу жылына келесі міндеттер қойылады: 

  - «Біртұтас тәрбие бағдарламасы»  аясында оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру жұмысын жандандыру;

-Ата-аналар мен оқушылар арасында құқықтық мәдениет қалыптастыру бағытындағы жұмысты жалғастыру;

-Тәрбие жұмысы бойынша авторлық бағдарламалар жасауды жандандыру;

-Тәрбие жұмысы бойынша БАҚ мақалалар жариялау деңгейін көтеру;

-   Оқушылар арасында әлеуметтік жобаларды дайындауға ықпал ету;

-Оқушылардың қабілеттерін дамыта отырып, шығармашылық, мәдени, спорттық бағыттағы байқауларға қатысуды жалғастыру.

-Озық іс-тәжірибені зерттеу және тарату;

-Ата-аналардың белсенділігін арттыру;

Мектепішілік бақылау жоспары бойынша төмендегі бағыттағы жұмыстар басты назарға алынды:

1. Тәрбие  сағаттарының   тиімділігі. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында құндылықтардың қалыптастырылуы;

2.Қауіпсіз орта қалыптастыру жұмысының жүргізілуі.Буллингтің алдын алу жұмысы

3.Білім  беру   ұйымдарында   психологиялық-педагогикалық қолдау   қызметтін  ұйымдастыру және әлеуметтік  педагог пен психологтың бірлескен жұмыс жоспарының орындалуы №377 бұйрық бойынша;

4.Оқушылар дың ата- аналарының қатысуым ен өтетін жиналыст ар мен шаралард ы өткізу сапасы;

Ата-аналармен жұмыс:  

Тәрбие жоспарында ата-аналармен жүргізілетін жұмыстар/жиналыстар мен құқықтық оқытулар/ жоспарланды. Оқу жылының басында өткен жалпымектептік ата-аналар жиналысында Ата-аналар кеңесінің,Әжелер алқасының,Әкелер алқасының құрамдары сайланды. Жоспарға сай жұмыс жүргізілді.

Жалпымектептік ата-аналар кеңесінің отырысы, Әкелер мен Әжелер алқасының отырысы тоқсанына 1 рет өтеді. Сыныптың ата-аналар комитетінің жұмысы сынып жетекші жоспарына сай жүргізілді. Отырыстары тоқсан сайын өтеді. Сынып жетекшілер оқу жылының басында бекітілген жоспарға сай берілген тақырыптар бойынша ата-аналар жиналыстарын өткізді. Ата-аналар жиналыстарында құқықтық оқыту, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерімен бірге  «Родителям педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету» бастын назарға алынған.

Ата-аналар   кеңесінің мүшелері мектеп асханасының жұмысын бақылауға қатысты. Тоқсан сайын жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді және сауалнамалар алынды. Балалардың психикалық денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша дәрістер ұйымдастырылды.

Ата-аналар арасында тоқсан сайын «Лаңкестік  қаупі  туралы», ЖЖЕ және жол- көлік оқиғаларының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу жолға қойылған.

 «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» жұмысы:

Тәрбие жұмысының жоспарында және мектепішілік бақылау жоспарында «Ата-аналар мектебі» мен «Даналық клубының» жұмысы қамтылды.

2023 жылдың 3 қазандағы №211 бұйрық негізінде «Родителям педагогикалық-психологмялық қолдау көрсету орталығы құрылды.    Орталықтың арнайы кабинеті бар. Сабақ бағдарламасы бекітілген, сабақ кестесі бойынша сабақтар өткізілді.

 «Ата-аналарды педагогикалық-психологиялық қолдау» тақырыбында өткен «Адамның үйлесімді дамуы» институтының 80 сағаттық курсында 17 педагог оқып, сертификат иеленді.

Оқу жылы барысында 1-4-сынып ата-аналарына арналған 8 сабақ, 5-9-сынып ата-аналарына арналған 8 сабақ, 10-11-сынып ата-аналарына арналған 8 сабақ- барлығы 24 сабақ  және «Даналық мектебінің»: «Ата өсиеті»-2, «Әже даналығы»-2, «Жеңге кеңесі»-2, «Аға қамқорлығы»-2  іс-шарадан, барлығы 8 іс-шара өтті.

      

5) Білім алушылардың жеке мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, бейінді оқытуды іске асыру (оқытудың тереңдетілген және стандартты деңгейі).

Талдау нәтижелері: Білім алушылардың жеке мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, бейінді оқытуды іске асыруда (оқытудың тереңдетілген және стандартты деңгейі) зерделенді. Бағаланатын кезеңге 2023-2024 оқу жылында  мектептің бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына негізделіп құрылған оқу жұмыс жоспарында, сабақ кестесінде, күнтізбелік-тақырыптық жоспарда, электрондық журналда міндетті оқу пәндері мен таңдау бойынша бейіндік оқу пәндерін үйлестіру негізінде бейіндік оқыту жүргізілді.

2023-2024 оқу жылында 10а, 10ә, 11а, 11ә-сыныптары жаратылыстану-математикалық бағытта, 10б, 11б-сыныптары қоғамдық-гуманитарлық бағытта оқыту ұйымдастырылды. 2022 жылғы 30 қыркүйектегі №412 бұйрықтың №38, №39-қосымшаларына сәйкес вариативті оқу жүктемесінен 11а, 11ә-сыныптарында  «Математикалық сауаттылық», «Табиға құбылыстар физикасы», 10а, 10ә-сыныптарында  «Математикалық сауаттылық», «Қиындығы жоғары есептерді шығару», 11б-сыныбында «Grammar in reading», «Абайтану», 10б-сыныбында «Learn English», «Абайтану» элективті курстары оқытылды.

      6) ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылардың ерекшеліктерін және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып оқыту процесін ұйымдастыру ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылардың жоқ болуына сәйкес жүргізілмейді.

      7) ҮОЖ сәйкес жүзеге асырылатын вариативтік компоненттің факультативтері мен таңдау курстарын іске асыру; 

Оқу жұмыс жоспарында 1-11-сыныптардағы вариатив компоненттері дұрыс бөлінген. «Kundelik.kz» жүйесінде 1-11-сыныптарға берілген қосымша сабақтар кестесінде барлық мұғалімнің күнтізбелік-тақырыптық жоспары 100% толтырылған. 

Вариативтік оқу жүктемесінен 1а, 1ә, 1б, 3а, 3ә, 3б, 4а, 4ә, 4б-сыныптарына «Қызықты математика», 2а, 2ә, 2б-сыныптарына «Қызықты математика», «Логика әлемі» , 5-9-сыныптарда 1 апталық жүктеме сағатпен «Дене шынықтыру: спорттық ойындар», 0,5 апталық жүктеме сағатпен 5-8-сыныптарда, 1 апталық жүктеме сағатпен 9-сыныптарда «Жаһандық құзыреттілік» курсы, гимназиялық компоненттен 5а, 5ә, 5б-сыныптарда гимназиялық компоненттен «Дыбыстар әлемі», «Әдебиет әлемі», «Қалыптан тыс математика», «Қызықты математика», «Салауаттану», «Every day English», «Young translator», «The grammatical structure of the English» курсы, 6а, 6ә, 6б-сыныптарында гимназиялық компоненттен «English is the key to success» «Логика-математика», «Математикалық логика», «Математикалық сауаттылық», «Робототехника», «Балалар мен жасөспірімдер психологиясы» курстары, 7а, 7ә, 7б-сыныптарында гимназиялық компоненттен «Морфология», «Мамандықтар әлемі», «Физика әлемі», «Робототехника», «English is a global language», «Contemporary speaking English» курсы және «Алгебра», «Физика», «Химия» пәндерінен таңдау курстары, 8а, 8ә, 8б-сыныптарында гимназиялық компоненттен «Жас эколог», «Қызықты химия», «Теңдеулер мен теңсіздіктер», «Мазмұнды есептер шығару», «Робототехника», «Жылу құбылыстары», курстары және таңдау пәндерінен «Қазақ тілі», «Алгебра», «Физика» курстары, 9а, 9ә, 9б-сыныптарында гимназиялық компоненттен «Абайтану», «Туризм географиясы», «Күрделі есептерді талдау», «Информациятық жүйелер», «Прогрессия», «Алгебралық теңдеулер мен теңсіздіктер», «Determine complex English» курстары, «Алгебра», «География», «Физика» пәндерінен таңдау курстары, «Топография және картография негіздері» элективті курстары оқытылды. 11а, 11ә-сыныптарында  «Математикалық сауаттылық», «Табиға құбылыстар физикасы», 10а, 10ә-сыныптарында   «Математикалық сауаттылық», «Қиындығы жоғары есептерді шығару», 11б-сыныбында «Grammar in reading», «Абайтану», 10б-сыныбында «Learn English», «Абайтану» элективті курстары, 10-11-сыныптарда 1 апталық жүктеме сағатпен «Жаһандық құзыреттілік» курсы оқытылды. 

8) "Өмір қауіпсіздігінің негіздері" міндетті оқу курсын игеру:

Оқу процесі кезінде жүргізілетін және міндетті болып табылатын "Өмір қауіпсіздігінің негіздері" оқу курсының мазмұнының инвариантты оқу пәндерінің аясында жүргізілуіне талдау жасау үшін пән мұғалімдерінің «Кundelik.kz» электронды журналындағы күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары, электронды сынып журналдары зерделендіНәтижесінде күнтізбелік-тақырыптық жоспарларда, электронды журналда «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсын өткізу жоспарланған 1-3-сыныптарда «Дүниетану» оқу курсының аясында 6 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен, 4-сыныптарда «Дүниетану» оқу курсының аясында 8 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен, 5-9-сыныптарда дене шынықтыру оқу курсының аясында 15 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен; алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларымен "Алғашқы әскери және технологиялық дайындық" оқу курсының аясында электронды журналда жазылған  тақырыптарда 12 сағаттық «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының тақырыптары кіріктірілген. 

9) "Жолда жүру ережелері" міндетті оқу курсын іске асыру;

Талдау нәтижелері: Сынып сағаттары есебінен және сабақтан тыс уақытта сынып жетекшілерімен іске асырылатын "Жолда жүру ережелері" мен "Жол қозғалысы ережелері" оқу курстарының орындалуы «Күнделік» электрондық журналдар арқылы зерделенді. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына 2-қосымшасы және 3-қосымшасы "Жол қозғалысы ережелері" оқу курсы 5-8-сыныптарда сыныптан тыс уақыттарда және сынып сағаты есебінен 10 сағат көлемінде жүргізіледі, сынып журналының жеке бетінде сабақтың тақырыбы мен сабақтың өткізілген күні көрсетіліп жазылады«Жолда жүру ережелері» оқу курсының бағдарламаларына, сынып жетекшілердің жылдық жұмыс жоспарларына, 5-8-сыныптардың сынып журналдарына талдау жүргізіліп, қорытындысында жолда жүру ережелерін оқыту сабақтары электронды журналда толтырылуы бойынша сынып сағаттарына толық енгізілген.

10) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 30721 болып тіркелген) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сақтау.

Мектеп-гимназия қажетті педагогикалық кадрлармен толық қамтылған. Барлық педагогтердің лауазымы диплом бойынша жоғары білімді 78 педагог, арнайы орта 2 педагог. Барлық педагогтердіңдиплом бойынша мамандығы тиісті бейіндеріне сәйкес. Тиісті бейіні бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжаты бар педагогтердің үлесі- 100%.

Басшы кадрлар мен педагогтердің біліктілігін арттыру курстары бойынша, біліктілік талаптарына және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесінзерделей келе 2023-2024 оқу жылында 8 педагог біліктілікті арттыру курсынан өткен.

2023-2024 оқу жылында педагог кадрлардың сапалық құрамы бойынша жалпы мұғалім саны – 80. Педагог-шебер – 1, педагог-зерттеуші – 19, педагог-сарапшы – 18, педагог-модератор – 23; екінші санатты – 2; педагог – 17; Негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын жоғары және бірінші санатты педагогтердің, педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің педагогтердің жалпы санынан үлесі-47,5 %.  Оның ішінде, бастауыш білім беру деңгейіндегі педагогтер саны – 20  педагог. Педагог-шебер – 0, педагог-зерттеуші – 4, педагог-сарапшы – 7, педагог-модератор – 2, педагог-7. негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын жоғары және бірінші санатты педагогтердің, педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің бастауыш білім беру деңгейіндегі педагогтердің жалпы санынан үлесі 55%-ды құрайды.

5-11-сынып бойынша педагогтер саны - 60. Педагог-шебер – 1, педагог-зерттеуші – 15, педагог-сарапшы-11, ІІ санат -2, педагог-модератор – 21, педагог-10. Негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын жоғары және бірінші санатты педагогтердің, педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейіндегі педагогтердің жалпы санынан үлесі 45% -ды құрайды.

Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы, оның ішінде компьютерлердің болуы, оқу зертханаларының, оқу пәндік кабинеттерінің және оқытудың техникалық құралдарының болуы туралы мәліметтер. Мектеп ғимарат типтік жобада. Салынған жылы - 2008 ж, Ғимараттағы жобалау қуаттылығы - 600, жалпы көлемі - 10691 м2, тиімді көлемі - 5834 м2. Оқу кабинеттер – 46, Оқу лаборатория – 3, Акт залы – 1, Дене шынықтыру залы – 1, бассейн – 1, Дәретхана – 48,  Қолжуғыштар – 32. Мектепте 2 информатика кабинеті бар; №36 кабинетінде 16 ноутбук (оқушыларға) және 1 моноблок (мұғалімге),  №31 кабинетінде 15 ноутбук (оқушыларға), 1 моноблок (мұғалімге) және 1 шкаф бар. Информатика сабағын өту барысында Skretch up, Skretch, Python, Inkscape, Lego Mindstorms Education Ev3, Access бағдарламалары қолданылады. Мүгедектердің саниарлық тораптарға (әмбебап кабинасы бар дәретхана, қолжуғыш, унитаз, раковина, дабыл түймесі, тұтқалар, ілгектер) қолжетімділігі қамтамасыз етілген. Мектепте сыртқы және ішкі бейнебақылаулар орнатылған. Мектепте 80 Мбит/с   жылдамдықтағы 2 интернет қосылымы бар. Бейнебақылау камералары барлығы - 51. Ішкі - 29. Сыртқы - 22.    Мүгедектердің кіру топтарына кіруін қамтамасыз ету: сыртқы баспалдақ, пандус, кіру платформасы, кіре беріс есік, ішкі есік, есік табалдырығы сәйкес келеді. Мүгедектердің объектідегі бұқаралық ақпарат құралдарына және телекоммуникацияларға қолжетімділігін қамтамасыз ету (тактильді ақпарат құралдары бар, белгілер бар, дабыл бар). Объектінің аумағына кіруін қамтамасыз ету (жердегі тұрақ ) бар. Су, кәріз жүйесі мен жылу жүйесі орталықтандырылған, өрт дабыл қондырғылары және бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Бастауыш сынып оқушылары үшін жеке пайдалану үшін жабдықталған шкафтар бар. 

edu. kz аймағында үшінші деңгейдегі домендік атауы: zhalaiyri-balpyk.koksu.edu.kz 

Медициналық қзмет көрсетудің болуы, оның ішінде медициналық путің және қызметке лицензияның болуы туралы мәліметтер: Мектепте медицина  кабинеті бар. Медициналық қызметпен айналысуға мектеп лицензия нөмірі Лицензияның №14014194, берілген уақыты 24.09.2014 ж.  

Санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы туралы мәліметтер: Мектепте  асхана бар, тамақтандырумен қамтамасыз етілген растайтын құжаттары талапқа сай жинақталған. Ыдыс жуу цехы, қойма және қызметкерлерге арналған санитарлық орындар жабдықталған. Ас ішетін залында үстелдер, орындықтар, қол жуатын раковина, сұйық сабын, қоқыс салатын жәшіктер талаптарға сәйкес орналастырылған. Асхана қызметкерлері уақытылы медициналық тексеруден өткені туралы санитарлық кітапшалары жинақталған. Жұмыс барысында арнайы киім үлгілері (халат, фартук, орамал, екінші аяқ киім, ас пісіру барысында қолдарына арнайы резеңке бес саусақты қолғап) қарастырылған. Бекітілген ас мәзірі қабырға ілмесінде көрсетіледі. Су, кәріз жүйесі мен жылу жүйесі орталықтандырылған, өрт дабыл қондырғылары және бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Тамақтану обьектісінің санитарлық қағидалары мен нормаларға сәйкестігі туралы санитарлық-эпидемиjлогиялық қорытындысы жоқ. ЖК «Кусманов» Жалға алушы: Кусманов О.Н. ЖСН: 650630300882

Оқу, көркем және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер: Мектеп-гимназияда кітапхана бар. Кітапхананың жалпы көлемі 208 ш.м., кітапхана екі бөлімнен тұрады: оқу залы абонементпен бірге және кітап сақтау қоймасы. Отыратын орындардың жалпы саны – 20, кітап, оқулықтарға арналған стеллаждар – 36. Кітапханада 6 компьютер бар. 2023-2024 оқу жылындағы жалпы кітап қоры 21148, оның ішінде 17972 оқулықтар, көркем әдебиет 3066; қазақ тіліндегі кітаптар 19378; электронды оқулықтар 24, әдістемелер 10, 188, оқулық флешка 154.

13. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің білім алушыларының оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне өлшемшарттар:

      1) Білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемінің сәйкестігі және сақталуы;

Талдау нәтижелері: Үлгілік оқу жоспарының инварианттық және вариативтік компонентінің орындалуын растайтын сабақ кестесі «Kundelik.kz» жүйесінен тексерілді,  электронды   журналдар толтырылған, сағат сандары  оқу жоспарына сәйкес келеді. 2023-2024 оқу жылында оқушылардың апталық инварианттық және вариативтік компоненттегі оқу жүктемелері «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604, 2022 жылғы 03 тамыздағы №348   бұйрығымен бекітілген максималды көлеміне «Kundelik.kz» сәйкес келеді, апталық инварианттық және вариативтік компоненттегі апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі сақталған. Бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру деңгейіндегі оқу жүктемесінің көлемі білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптардан аспайды.

2) білім алушылардың инвариантты және вариативті компонентін (арнайы білім беру ұйымы үшін түзету компоненті) құрайтын оқу жүктемесінің жалпы көлемінің, сондай-ақ ҮОЖ-мен белгіленген сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесінің сәйкестігі және сақталуы;

Талдау нәтижелері: Үлгілік оқу жоспарының инварианттық және вариативтік компонентінің орындалуын растайтын сабақ кестелері, жұмыс оқу жоспарлары жинақталған, электрондық журналдар толтырылған, 1-11 сыныптардың апталық және жылдық оқу жүктемелері үлгілік оқу жоспарында белгіленген сыныптар бойынша сәйкес, талаптар сақталған. Апталық және жылдық оқу жүктемелері инвариантты және вариативті компоненттер бойынша үлгілік оқу жоспарымен анықталған оқу жұмыстарының барлық түрлерін қамтиды. 2023-2024 оқу жылында 1-сыныптарда оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі 19,5 сағаттан, 2-сыныптарда 24 сағаттан, 3-4-сыныптарда 26 сағаттан, гимназиялық 5-6-сыныптарда 33,5 сағаттан, гимназиялық 7-сыныптарда 36,5 сағаттан, гимназиялық 8-сыныптарда 37,5 сағаттан, гимназиялық 9-сыныптарда  40 сағаттан, жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарда 35 сағаттан, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарда 35 сағаттан аспайды.

1-11-сыныптарда білім алушылардың инвариантты және вариативті компоненттерден тұратын оқу жүктемесінің жалпы көлемі, сондай-ақ сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесі үлгілік оқу жоспарына сәйкес мектептің оқу жұмыс жоспарларында, сонымен қатар сабақ кестелерінде, сынып журналдарында белгіленген, инвариантты және вариативті компонентін құрайтын оқу жүктемесінің жалпы көлемі, сондай-ақ сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына және үлгілік оқу жоспарына сәйкес келеді.

3) сыныптарды, оның ішінде инклюзивті білім беру шеңберінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, топтарға бөлуге қойылатын талаптарды сақтау.

Талдау нәтижелері: Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына негізделіп құрылған оқу жұмыс жоспарларында, сабақ кестелерінде, электронды сынып журналдарында топтарға бөлу қарастырылған. Мектеп бойынша сыныптағы білім алушылар саны 24 және одан артық болғанда сыныпты жекеленген пәндерден екі топқа бөлу жүзеге асырылған. 2023-2024 оқу жылында 2а-сыныбы 25 оқушы, 2ә-сыныбы 24 оқушы, 2б-сыныбы 22 оқушы «Орыс тілі», «Цифрлық сауаттылық» пәндерінен, 3а-сыныбы 26 оқушы, 3ә-сыныбы 20 оқушы, 3б-сыныбы 24 оқушы, 4а-сыныбы 27 оқушы, 4ә-сыныбы 23 оқушы, 4б-сыныбы 23 оқушы «Орыс тілі», «Цифрлық сауаттылық», «Шетел тілі» пәндерінен, 5а-сыныбы 24 оқушы, 5ә-сыныбы 26 оқушы, 5б-сыныбы 26 оқушы, 6а-сыныбы 24 оқушы, 6ә-сыныбы 24 оқушы, 6б-сыныбы 25 оқушы, 7а-сыныбы 24 оқушы, 7ә-сыныбы 27 оқушы, 7б-сыныбы 22 оқушы, 8а-сыныбы 26 оқушы, 8ә-сыныбы 22 оқушы, 8б-сыныбы 24 оқушы, 9а-сыныбы 25 оқушы, 9ә-сыныбы 21 оқушы, 9б-сыныбы 22 оқушы «Орыс тілі», «Шетел тілі», «Информатика», «Көркем еңбек» пәнінен, 10а-сыныбы 24 оқушы, 10ә-сыныбы 23 оқушы, 11а-сыныбы 22 оқушы, 11ә-сыныбы 21 оқушы «Орыс тілі», «Шетел тілі», «Информатика» топқа бөлініп оқытылады. 

14. Білім алушылардың дайындық деңгейіне өлшемшарттар:

            1) ЖБП үлгілік оқу бағдарламалары мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) талаптарына сәйкес тиісті білім беру деңгейінің әрбір білім беру саласы (және оқу пәндеріне) бойынша білім алушылардың дайындық деңгейі (оқытудан күтілетін нәтижелер);

2023-2024 оқу жылында аралық және қорытынды аттестаттау бойынша мектепішілік бұйрық шығарылған, емтихан комиссиясы, емтихан кестесі құрылған, аралық аттестаттау бойынша 5-8, 10-сыныптардан «Қазақ тілі» пәні бойынша емтихан өткізілді. емтихан қорытындысы бойынша 

сынып

саны

«5»

«4»

«3»

Б/с

үлгерім

сынып

саны

«5»

«4»

«3»

Б/с

үлгерім

24

7

13

4

83%

100%

26

4

16

6

77%

100%

26

18

4

4

85%

100%

22

9

6

7

68%

100%

26

5

17

4

85%

100%

24

9

8

6

71%

100%

24

7

9

8

67%

100%

10а

24

7

7

10

58%

100%

24

6

12

6

75%

100%

10ә

23

18

3

2

91%

100%

25

10

14

1

96%

100%

10б

17

6

10

1

94%

100%

24

7

9

8

67%

100%

22

4

12

6

73%

100%

27

9

14

4

85%

100%








5-10

358

126

154

77

78,2%









9-сыныптар 

сынып

9а-сынып 25 оқушы

9ә-сынып 21 оқушы

9б-сынып 22 оқушы

пән

«5»

«4»

«3»

Б/с

«5»

«4»

«3»

Б/с

«5»

«4»

«3»

Б/с

Қазақ тілі

11

11

3

88%

8

7

6

71,4%

3

16

3

86,3%

Алгебра 

5

14

6

76%

8

12

1

95,2%

6

10

6

72,7%

Орыс тілі

20

5

-

100%

14

7

-

100%

12

10

-

100%


11-сыныптар

сынып

11а-сынып 22 оқушы

11ә-сынып 21 оқушы

11б-сынып 13 оқушы

пән

«5»

«4»

«3»

Б/с

«5»

«4»

«3»

Б/с

«5»

«4»

«3»

Б/с

Қазақ тілі

13

9

-

100%

12

9

-

100%

9

3

1

92,3%

Алгебра 

18

4

-

100%

16

5

-

100%

5

6

2

84,6%

Қазақстан тарихы

14

6

2

91%





7

5

1

92,3%

2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы №52 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13137 болып тіркелген) білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарына сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге асыру мен қалыптастырушы және жиынтық бағалау талаптарын сақтау; 

Талдау нәтижелері:2023-2024 оқу жылында  электронды журнал зерделенді, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге асыру мен қалыптастырушы және жиынтық бағалау жүргізу барысында  барлык талаптар сақталған, электронды журналда  толық бағалары  қойылған. Барлық пәндер бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына   2-қосымшасына сәйкес білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарына сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге асыру мен қалыптастырушы және жиынтық бағалау талаптарын сақтау қаралды, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың қалыптастырушы және жиынтық бағалау талаптары сақталған.

3) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) талаптарына сәйкес ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларды оқыту кезінде инклюзивті білім берудің (дамудың бұзылуын түзету және әлеуметтік бейімдеу) талаптарын орындау;

Талдау нәтижелері: Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылар жоқ.

15. Оқу мерзіміне өлшемшарттар:

      1) тиісті деңгейдегі жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын игеру мерзімдеріне қойылатын талаптарды сақтау:

Талдау нәтижелері: Өзін-өзі бағалау материалдары білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне орналастырылады. Мектеп-гимназияда мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі-төрт жылды, негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі-бес жылды, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын игеру мерзімі-екі жылды құрайды. Мектеп-гимназия жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын игеру мерзімдеріне қойылатын талаптарды сақтайды.

2) сыныптар бойынша оқу жылының ұзақтығына және күнтізбелік жылдағы каникул уақытының ұзақтығына қойылатын талаптарды сақтау:

Талдау нәтижелері: Орта білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 04 қазандағы №304 бұйрығы бойынша оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11-сыныптарда – 34 оқу аптасы; 1-11 – сыныптарда: 1-тоқсан – 8 оқу аптасы, күзгі демалыс – күнтізбелік 7 күн (2023 жылғы 30 қазаннан бастап 5 қарашаны қоса алғанда);

      2-тоқсан – 8 оқу аптасы, қысқы демалыс – күнтізбелік 10 күн (2023 жылғы 29 желтоқсаннан бастап 2024 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда);

      3-тоқсан – 10 оқу аптасы, көктемгі демалыс – күнтізбелік 11 күн (2024 жылғы 21-31 наурыз аралығында);

      1-сыныптарда қосымша демалыс – күнтізбелік 7 күн (2024 жылғы 5-11 ақпан аралығында) деп көрсетілген. «Kundelik.kz» электронды журналында осы кезең көрсетілген. Мектеп-гимназияда сыныптар бойынша оқу жылының ұзақтығына және оқу жылындағы каникул уақытының ұзақтығына қойылатын талаптар сақталған.


1. Өзін-өзі бағалау комиссиясының төрағасы, 

мектеп-гимназия директоры                      М.Тулекенов

Комиссия мүшелері:

2. Касымова Балауса Сергазыновна –оқу ісі жөніндегі орынбасары;

3. Нурдаулетова Айдынгуль Журековна –әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары;

4. Мейрбекова Гульнара Тагаевна –тәрбие ісі жөніндегі орынбасары; 

5. Кусманова Гулбак Алкайдаровна –тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.