Попечительский советінің №2 отырысының хаттамасы » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72838) 2-01-16
Бухгалтерия
+7(72838) 2-01-16
Версия для
слабовидящих
28
декабрь
2020

Попечительский советінің №2 отырысының хаттамасы

Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназия директорының    қамқоршылық кеңесіне  білім беру қызметтерін сапалы ұсыну туралы есебі

1. 2019-2020 оқу жылындағы атқарылған оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы  

Мектеп-гимназияның  педагогикалық ұжымы 2019-2020 оқу жылында «Оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыра отырып, функционалдық сауаттылығын дамыту және жеке тұлға бойында жалпыадамзаттық құндылықтарды  қалыптастыру» өзекті мәселесі бойынша өз жұмысын жалғастырды.

Оқу жылы бойына құрылған оқу-тәрбие жоспарында мектепішілік бақылауға 109 сұрақ жоспарланды. Мектепішілік бақылау 6 бағыт бойынша құрылды. Жаппай оқытудың жүргізілуін бақылау бағыты бойынша оқушылардың сабаққа қатысуы, тоқсан сайынғы қозғалысы мен оқу үлгерімі, Мектеп құжаттамасының жүргізілуін бақылау бағыты бойынша 1-11-сыныптарда электрондық журналдарының жүргізілуі, оқушы жеке құжаттарын, оқушы дәптерлерінің жүргізілуін тексеру, Оқу пәндерінің оқытылу жағдайын және МЖМБС орындалуын бақылау бағытында 1-сыныптардың мектепке бейімделуі, 5-сыныптардың негізгі сатыға өтуіне байланысты бейімделу кезеңіндегі қалыптасуы, 4-сыныптардың орта буынға дайындық деңгейлері, жекелеген пәндердің оқытылуын тексеру, Педагог кадрлардың әдістемелік жұмысын бақылау бағыты бойынша пән мұғалімдерінің дарынды оқушылармен жүргізген жұмыстарының сапасын тексеру, педагог мамандардың аттестаттаудан өтуі, мектептегі педагогикалық қауымдастық жұмысының жүргізілуі, жас мамандар мен тәлімгер мұғалімдер арасындағы жұмыстардың жүргізілуі, ЖМЦ пилоттық жоба бойынша үш тілде оқытылатын пәндердің оқытылуы, мұғалімдердің өзара сабаққа қатысуы, Тәрбие жұмысын бақылау бағыты бойынша тәрбие тұжырымдамасында берілген бағыттар бойынша сынып жетекшілердің жүргізген жұмыстары, «Туңан жер» бағдарламасы» аясындағы «Шаңырақ» жобасымен жұмыс, «100 кітап», «100 ән» жобалары бойынша жүргізілген жұмыстар, Санитарлық-гигиеналық режимнің, ТҚ сақталуын бақылау бағытында мектеп-гимназиядағы жылу, ауа және жарық режимінің жағдайы, пән кабинеттерінің санитарлық жағдайы тексеріліп, анықтамалар жазылды, педагогикалық кеңес, кіші педагогикалық кеңес, директор жанындағы мәжіліс хаттамаларына жазылды. Мектепішілік бақылау барысында жіберілген кемшіліктер бойынша мұғалімдерге ескерту жасалды. Білім сапасын төмен көрсеткен сыныптар мен жекелеген пәндерге сабаққа қатысу кестесі құрылып, мектеп-гимназия әкімшілігі тарапынан білім сапасының төмен болу себептерін анықтау мақсатында сабаққа қатысу жүргізілді. 

Преподавателидің кәсіби біліктілігін арттыру жоспары уақтылы жүргізілді. Өзін-өзі тану пәні бойынша жас маман Әдібаева Ұ.А., педагог-психолог Г.Белгібаева, үштілділік бойынша биология пәні мұғалімі М.Тукенова, дене шынықтыру пәні мұғалімдері  С.Кусманов, Д.Нурманбетов, Ж.Касымжанов, жаз мезгілінде «Абайтану» курсы бойынша Б.Қасымова,  деңгейлік курс бойынша директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А.Жунисов курстан өтті. Оқу-тәрбие үрдісінде мұғалімдердің шеберлігін арттыру мақсатында әр тоқсанда пән апталықтары мен бірлестік отырыстары, семинарлар  өтті. 

ЖМЦ пәндердің үш тілде оқытылуы пилоттық жобасы бойынша 9а-сыныпта информатика, 9ә-сыныпта биология, 7ә-сыныбында химия пәндері оқу жоспарының вариативті бөлігі есебінен ағылшын тілінде жүргізілді. 

Мектеп-гимназияда бірлестік онкүндігі жоспар бойынша өтілді. Пән апталықтарының жұмыстары жинақталып, қорытынды жазылды

            2019-2020 оқу  жылында  мектеп-гимназияда   7 жас   маман  жұмыс  істеді. Оларға   мектепішілік бұйрық   негізінде  тәлімгерлер  бекітілді.

Аты-жөні

Пәні

Тәлімгер аты-жөні

1.

Мәжен Н.М.

Шет тілі

Мұратқызы М.

2

Сейтнұр Н.М.

Шет тілі

Жапсарбаева С.Т.

3

Хусаинова А.А.

Шет тілі

Жағыпер Г.

4

Жүрек Б.А.

Информатика 

Байғондинов Ж.С.

5

Әдібаева Ұ.А.

Педагог-психолог

Белгібаева Ғ.Н.

6

Дюсенбеков Ж.Н.

Дене шынықтыру

Кусманов С.Д.

7

Рамазанов А.А.

Көркем еңбек

Карбузова С.К.

Тәлімгерлердің жас маманмен жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. Пән бойынша қысқа мерзімді жоспар құру үлгісі көрсетіліп, сыныптан тыс іс-шараларын жүргізуге көмектесті. Қажетті әдебиеттермен таныстырылып, сабақтарына жоспар құрып, өткізулеріне ықпал етті. Жас мамандардың теориялық білімдерінің жоғары, шығармашылықпен жұмыс істей алғанымен, тәлімгермен арадағы сабақтастық жүйелі жүргізілмеді. Жас мамандармен жұмыс  барысында әлі де болса тәлімгерлермен және тәжірибелі ұстаздармен тығыз жұмыс жүргізілуі керектігі ұсынылды.   

Мектеп-гимназия 2018-2019 оқу жылында швейцариялық әріптестермен бірлескен «IMT class» атты жоба 2019-2020 оқу жылында ары қарай жүргізілді. Школьникам тапсырмалар жіберіліп, қашықтықтан тест жұмысын тапсырып, сертификатқа ие болды. Оқу жылының соңғы тоқсанында енгізілген қашықтықтан оқытуға байланысты оқушылар жалғастыра алмады.

            2018-2019 оқу жылында басталған Орталық Азия университетімен байланыс 2019-2020 оқу жылында өз жалғасын тапты. Оқушылардың білім сапасына зерттеу жұмыстары жүргізілді. Оқушылардан сауалнама алынып, университет қызметкерлері қорытындысын шығарды. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы физика, химия, биология, информатика және ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне курстар ұйымдастырылып, сабақ барысында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланудың жолдары көрсетілді. 

          Дарынды оқушылармен жылдық жұмыс жоспары құрылды. Соның нәтижесінде төмендегідей жетістіктерге қол жеткізілді:

2019-2020 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылар олимпиадасының аудандық кезеңіне мектеп-гимназиядан 8-11-сыныптардан 11 пән бойынша 43 оқушы қатыстырылды. Оның 34 оқушысы ІІ кезеңге өтті. Аудандық пән олимпиадасының қорытындысы бойынша барлығы 23 оқушы жүлделі орын иеленді.

Оның ішінде, 16 оқушы І орын.          

Оқушының аты-жөні

Сынып

Пән аты

Орын

Пән мұғалімі

1

Ерболат Аяулым

9

қазақ тілі мен әдебиеті

І

Иманбаева А.С.

2

Нәсіпхан Шуақ

11

қазақ тілі мен әдебиеті

І

Даутова А.С.

3

Аитова Алина

9

орыс тілі 

І

Жумагулова А.К.

4

Алдаберген Аружан

10

орыс тілі 

І

Альмерекова Н.М.

5

Алтынбекова Қымбат

11

орыс тілі 

І

Сыдыкжанова Ж.С.

6

Жүрек Ислам

11

ағылшын тілі

І

Мәжен Н.М.

7

Манап Бақдана

10

Қазақстан тарихы

І

Абишева Ж.М.

8

Бүрлібай Сая

11

Қазақстан тарихы

І

Көбеева М.С.

9

Мейрамбекқызы С.

9

құқық

І

Төлеубай Б.

10

Утепбергенұлы М.

10

информатика

І

Байғондинов Ж.С.

11

Даниял Жансая

11

математика

І

Кусманова Б.Б.

12

Әнуархан Гүлдана

9

физика

І

Какаманова Т.А.

13

Баймұрза Біржан

10

физика

І

Какаманова Т.А.

14

Ораз Жанерке

10

химия

І

Тоқан А.

15

Керимбай Айқын

10

биология

І

Тулендинова Ж.М.

16

Серікқызы Қорлан

9

география

І

Сандыбаева С.У

6 оқушы ІІ орын иеленді.

Оқушының аты-жөні

Сынып

Пән аты

Орын

Пән мұғалімі

1

Матайбай Сабира

10

қазақ тілі мен әдебиеті

ІІ

Касымова Б.С.

2

Таңатаров Ернар

9

информатика

ІІ

Матайбай С.Б.

3

Нұркелді Өрен

11

информатика

ІІ

Байғондинов Ж.С.

4

Мырзакерім Елдос

11

физика

ІІ

Кусманова Г.А.

5

Жұмағалиқызы Нұрай

9

химия

ІІ

Тоқан А.

6

Арғынбай Динара

11

география

ІІ

Сандыбаева С.У.

            1 оқушы ІІІ орын иеленді.

Оқушының аты-жөні

Сынып

Пән аты

Орын

Пән мұғалімі

1

Есиркегенова Ақбота

11

құқық

ІІІ

Көбеева М.С.

             Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадасының облыстық кезеңіне 10 оқушы қатыстырылды. 

Аты-жөні

сынып

пән

1

Ерболат Аяулым

9

қазақ тілі мен әдебиеті

2

Нәсіпхан Шуақ

11

қазақ тілі мен әдебиеті

3

Аитова Алина

9

орыс тілі

4

Алтынбекова Кымбат

11

орыс тілі

5

Бүрлібай Сая

11

Қазақстан тарихы

6

Даниял Жансая

11

математика

7

Әнуарқан Гүлдана

9

физика

8

Утепбергенұлы Мейірлан

10

информатика

9

Керімбай Айқын

10

биология

10

Ораз Жанерке

10

химия

Оның ішінде, 2 оқушы жүлделі орын иеленді. 1 оқушы  ІІІ орын  (қазақ тілі мен әдебиеті) Ерболат Аяулым 9-сынып оқушысы.   1 оқушы  ІІІ орын (орыс тілі) 9-сынып оқушысы Аитова Алина. 

Ырысбай Ұ. аудандық Абай оқулары   «Өлең – сөздің  патшасы, сөз сарасы» ІІ орын;

Әбілқасым Айназ аудандық Абай оқулары   «Абайдың қара сөздері» ІІ орын;

Нәсіпхан Шуақ аудандық «Жарқын болашақ» олимпиадасының  «Жас қаламгер» номинациясынан ІІ орын;

Жеңісханқызы Аяжан аудандық «Жарқын болашақ» олимпиадасының  «Әнші бұлбұлдар» номинациясынан Бас жүлде;

Әбілқасым А. аудандық  Әбіш Кекілбаев  оқулары «Мәнерлеп оқу» номинациясы ІІ орын;

Аудандық  Әбіш Кекілбаев  оқулары «Сахналық қойылым» номинациясы бойынша  ІІ орын;

Облыстық ғылыми жобалар конкурсы қазақ әдебиеті секциясы бойынша Оян М. ІІ орын;

Нұрлыбайқызы А. аудандық мектеп оқушылары арасында өткен аудандық М.Мақатаев оқуларынан ІІІ орын; 

Облыстық «Зерде» жобалар конкурсы тарих секциясы бойынша Жұмахан Н. ІІІ орын;

Облыстық «Зерде» жобалар конкурсы орыс тілі секциясы бойынша Оразбай А. ІІІ орын;

Облыстық «Зерде» жобалар конкурсы дүниетану  секциясы бойынша Айтпай А. ІІІ орын;

Облыстық «Зерде» интелектуалды ойыны бойынша Мырзакерім Е. ІҮ орын.

Республикалық жаратылыстану пәндері бойынша жасөспірімдер олимпиадасы Құдайберген Бекарыс ІІ орын.

            Сонымен қатар, қашықтықтан өткізілетін олимпиадаларға қатысқан оқушылар мен мұғалімдер жүлделі орындарды иеленді.

2019 жылы «Педагогикалық идеялар» фестиваліне қатысқан жас маман ағылшын тілі пәні мұғалімі Мәжен Н.М. жүлделі ІІ орын иеленді.

Облыстық «Жетісу дарыны» балалар мен жастарға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған пән мұғалімдерінің қашықтық олимпиадасында информатика пәні мұғалімі Байғондинов Ж.С. жүлделі ІІІ орын иеленді.   

Жылдық  қорытындысы бойынша білім сапасының сандық есебі

сынып

Оқушы  саны

Бағалары

Білім сапасы



«5»

«4»

«3»


27

16

8

3

89

30

21

9


100

26

16

10


100

1-сынып

83

53

27

3

96

29

9

15

5

83

27

10

15

2

92

26

10

11

5

81

2-сынып

82

29

41

12

85

24

6

14

4

83

27

6

16

5

81

26

6

13

7

73

3-сынып

77

18

43

16

79

30

12

9

9

70

27

5

14

8

70

23

5

14

4

82

4-сынып

80

22

37

21

74

1-4-сынып

322

122

148

52

84

26

3

23


100

27

1

13

13

52

23

1

15

7

69

5-сынып

76

5

51

20

74

22

3

13

6

73

26

9

10

7

73

26

5

13

8

69

6-сынып

74

16

37

21

72

21

5

11

5

76

24

12

11

1

96

21

3

8

10

52

7-сынып

66

20

30

16

76

28

3

17

8

71

28

7

10

11

61

8-сынып

56

10

27

19

66

28

5

12

11

61

26

1

9

16

38

9-сынып

54

6

21

27

50

5-9-сынып

326

57

166

103

68

10а

24

6

5

13

46

10ә

23

3

12

8

65

10-сынып

47

9

17

21

55

11а

16

7

6

3

81

11ә

17

5

9

3

82

11-сынып

33

12

15

6

82

10-11-сынып

80

21

32

27

66

1-11-сынып

728

201

345

182

75

Мектеп-гимназия бойынша төмен сапа көрсетіп отырған сыныптар 5ә-сыныбы 52%,   9ә-сыныбы  38%, 10а-сыныбы  46% білім сапасын көрсетті.   

            2019-2020 оқу жылының соңында  1-11-сыныптардағы оқушылар саны – 728 оқушы, оқу үздігі – 201, оқу екпіндісі –345, орташа оқитын оқушылар – 182. Білім сапасы – 75%, үлгерімі – 100%.   

Мектеп бітірген 32 оқушының 24-і мемлекеттік грант,1 –облыс әкімінің гранты,1 колледж гранты, барлығы 26 оқушы грант иеленді. 5 оқушы ақылы жоғары оқу орындарына, 1 ақылы колледжге оқуға түсті.

Әртүрлі деңгейдегі байқауларға қатысқан оқушылардың жетістіктері:

«Мұрагер» интеллектуалды білім порталы ұйымдастырған олимпиададан 8-сынып оқушысы Үкібасова Айдана 2-орын, Айдар Ақтоты 2-орын, Айдынқызы Алтынай 1-орын, Ерімбет Фатима 1-орын, Жұмағұл Жанель 1-орын, Құттыбек Еңлік 1-орын иеленді. Дайындаған қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Г.Ахметова алғыс хатпен марапатталды.

3-7 қазан аралығында қол күресінен өткен Азия кубогында Сейткерім Тоғжан 3-орын иеленді.

Балпық бидің 325 жылдығына орай тоғызқұмалақтан өткен аудандық сайыста Серікқызы Назерке 1-орын иеленді.

Каратэден өтке облыстық жарыста Нұржанұлы Досжан 1-орын иеленді.

Дзюдодан аудандық жарыста Сейткерім Тоғжан 1-орын иеленді.

ҚР спорт шебері Нұрман Жұмабек Қабылбекұлын еске алуға арналған облыстық ашық турнирде 65 кг салмақта 9а-сынып оқушысы Сейткерім Тоғжан  ІІІ орын иеленді.

Қазақ күресінен 2002-2003 жылы туылған қыздар арасында өткен Алматинская областьның чемпионатында 63 кг салмақ дәрежесінде 9а-сынып оқушысы Мейрамбек Кәусар ІІ орын иеленді.

4а-сынып оқушысы Алмабай Арлан Сарқан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Грек-рим күресінен 2008-2010, 2004-2006 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы КСРО спорт шебері Қапсаламов Бақтай Рамазанұлын еске алуға арналған ҮІІІ дәстүрлі Республикалық турнирде 27 кг салмақ дәрежесінде жүлделі ІІІ орын иеленді. 

7а-сынып оқушысы Алмабай Әділет Алматинская область Көксу ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен еркін күрестен 2005-2006 жылы және 2007-2008 жылы туған жасөспірім ұлдар арасында еркін күрестен ардагер жаттықтырушысы Дауталиев Жұмағали Кінәзұлының 60 жас мерейтойына арналған Алматинская область Көксу ауданының ашық турнирінде 35 кг салмақ дәрежесінде ІІ орын иеленді. 

Мектеп-гимназиясының командасы аудан оқушылар арасында "Мектеп лигасы" бойынша 7-8-сыныптар арасында шахматтан жалпыкомандалық есепте І орын, ал тоғызқұмалақтан ІІІ орын иеленді. Ал 7 -сынып оқушысы Нұрбек Сая тоғызқұмалақтан қыздар арасында ІІ орын иеленді. 

6а-сынып оқушысы Бекежан Абылайхан Республикалық "Қазақстан Таланттары" рухани-патриоттық байқауында "Эстрада вокал" номинациясы бойынша жоғары деңгей көрсеткен өнері үшін ІІІ дәрежелі лауреат дипломымен марапатталды. 

            Қазақстан Республикасы “Білім туралы” Заңының  орындалуы

Қазақстан Республикасының Конституциясында   жалпы орта білім беру туралы   айтылған. Мектеп-гимназияда жалпыға бірдей біліммен қамту және оқушылардың себепсіз түрде сабақтан қалмауына байланысты, іс-шаралардың орындалуына байланысты оқушылардың қозғалысын белгілеп отыратын жеделдеме мәлімет даярланып, жүргізіліп отырды.

Оқу жылының басында оқушыларды жалпыға бірдей оқумен қамту іс-шаралары жоспары белгіленіп, жұмыстар жүргізілді. Орындалып жатқан жұмыстардың нәтижелері №1 КПК, №6 директор жанындағы отырыста қаралып, нәтижелері шығарылып отырды.

Мектептің оқу-тәрбие үрдісінде арнайы оқу жоспары бойынша:

Мектепалды даярлық сыныптарда білім беру үрдісі ҚР Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» МОН РК 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2018 жылғы 10 қазандағы № 556 бұйрығының 1-қосымшасы негізінде жүргізілді.

1-4-сыныптарда оқу үрдісі ҚР Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» МОН РК 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы МОН РК 2018 жылғы 4 қыркүйектегі №441 бұйрықтың №1-қосымшасы негізінде жүргізілді.

5-9-сыныптарда білім беру үрдісі ҚР Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» МОН РК 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы МОН РК 2018 жылғы 4 қыркүйектегі №441 бұйрықтың 4-қосымшасы негізінде оқытылды.

10-сыныптарда білім беру ҚР Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» МОН РК 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы МОН РК 2019 жылғы 15 мамырдағы №205 бұйрықтың 2-қосымшасы негізінде жүргізілді.

11-сыныптарда білім беру үрдісі ҚР Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» МОН РК 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы МОН РК 2013 жылғы 25 шілдедегі №296 бұйрықтың 8-қосымшасы негізінде жүргізілді.

            5-9-сыныптар гимназиялық сағаттар есебінен жекелеген пәндер бойынша қосымша сабақтар оқытылды.

2.2020-2021 оқу жылына көрсетілген міндеттер алынды:

1. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік білім стандартында көрсетілген міндетті базалық білім деңгейін әрбір оқушының меңгеруін қамтамасыз ету.

2. Оқу бағдарламасына сәйкес оқушылардың білім және үлгерім сапасының деңгейін көтеру.

3. Оқушылардың сапалы білім, саналы тәрбие алуына деген қызығушылығын арттыру.

4. Оқушыларды интернет кеңістіктегі мінез-құлық мәдениетін, қарым-қатынас мәдениетін, өз ойларын білдіруді, этикалық нормаларды сақтауға үйрету. Оқушылардың өзін-өзі басқару жұмысын қайта жаңғырту, интернет мінез-құлық және балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету

5. Әр пәннің  мұғалімі оқушылармен бірге ғылыми жобалармен жұмыс жасауына, дарынды, қабілетті балалармен жұмыстан нәтиже көрсетуіне бағыт беру, әртүрлі деңгейдегі пәндік олимпиадаларға қатысуын жоғары дәрежеде ұйымдастыру, «Жетісу дарыны» шығармашылық орталығы ұйымдастырып отырған барлық байқауларға қатысуды қамтамасыз ету.

6. Азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу.

7. Школьникам академиялық адалдық, оқудағы адалдық және өзінің мінез-құлқына жеке жауапкершілік принциптерін дарыту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру

8. Мектептің бала тәрбиесіндегі отбасы, әлеуметтік ортамен бірлігін нығайтып, мектеп жасындағы әр оқушының міндетті орта білім алуын қамтамасыз ету.

9. Оқу кабинеттерінде дидактикалық материалдар, көрнекіліктер қорын көбейту, зертханаларды жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, кабинеттерді заман талабына сай жабдықтау.

10. Республикалық, облыстық, аудандық ақпараттық орталықтармен байланыс орнату

11. Қорытынды аттестаттауға оқушыларды дайындау мақсатында жоғары нәтижеге бағытталған дайындық бағдарламасының орындалуын қатаң қадағалап, талдау жасап отыру. 

12. 12 жылдық білім беруге көшуге дайындықты жалғастыру..

13. Гимназиялық сағаттарды бала мүмкіндіктерін ашуда тиімді пайдаланып, қазақ тілі, ағылшын тілі, биология, физика, информатика, математика  пәндерінен қосымша оқытуды жүргізу.

14. Бағытқа сәйкес  пәндерді оқытуды қамтамасыз ету, ЖОО-мен мамандық таңдауға қатысты келісімшарт негізінде жүйелі жұмыс жүргізу.

15. Мектеп-гимназияда факультатив, үйірме, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын жалғастыру

16. Преподавателидің біліктілігін арттыру курстарынан өтуін ұйымдастыру

17. Халықаралық TIMSS, PISA, PIRLS зерттеулерінің бағдарламаларын негізге ала отырып, оқушылардың  функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында  жұмыс жүргізу.

18. Жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес оқытуды ұйымдастыру.

19. Үш тілде білім беруді ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыс жүргізу, жаратылыстану-математикалық циклдағы информатика, биология, химия пәндерін үш тілде оқытуды ұйымдастыру.

20. Латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшуге дайындық жүргізу.

21. Орталық Азия Университетімен, «IMT Class» швейцариялық пилоттық жобасымен, оқулықтарды апробациядан өткізу бойынша жұмыстарды жалғастыру.

22. Білім беру проблемаларын шешуге бағытталған авторлық бағдарламалар дайындау жұмысын жалғастыру.

23. Қазақ халқының ән өнері арқылы ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатындағы «Қазақтың 100 әні» жобасын жалғастыру.

24. Кітаптың пайдасын арттыру мен кітап оқуды қолдау мақсатында «Кітап оқу сәні» - оқушылар арасындағы кітап оқу сағаттарын сақтап, әдеби кітапты күнделікті оқытуды тәжірибеге айналдыру.

25. Қашықтықтан оқыту кезінде оқушылар мен педагог қызметкерлердің денсаулығын сақтау мақсатында қашықтан білім беруді тиімді ұйымдастыру.

26. Қашықтықтан білім беру кезінде «Daryn.online.kz» қазақстандық білім платформасының мүмкіндіктерін тиімді пайдалану.

27. «Кезекші сыныптарда» оқытылатын 1-4-сынып оқушыларының сапалы білім алуын қамтамасыз ету, санитарлық нормалардың сақталуын бақылау.

28. Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру.

29. Пән мұғалімдерінің инклюзивті білім беру бойынша курстан өтуін ұйымдастыру.


3. 2020-2021 оқу жылының басында 1-11-сыныптарда барлығы 750 оқушы тіркелді. Сыныптар саны-30. Мектепалды даярлықта 73 оқушы бар. Барлық мұғалімдер саны-80. Жоғары білімді-77, арнаулы орта білімді-3 мұғалім. Педагог зерттеуші-22, педагог-сарапшы-18, педагог-модератор-21, санаты жоқ-19 мұғалім.

Мектеп-гимназия бойынша көп балалы отбасылар саны-136, көпбалалы отбасы оқушы саны-214. Толық емес отбасы саны-55, бала саны-65. Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы/ бала/ саны-6.

Жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған оқушылар жоқ.

2020-2021 оқу жылы басталғалы бері осы күнге дейін «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында 32 оқушыға 243 000 мың теңге қаржы көлемінде көмек көрсетілді.

ЖБМББ қоры есебінен 94 оқушы тегін тамақпен қамтылатын оқушылар тізімінде тұр.

72 оқушы тасымалмен қамтылатын оқушылар тізімінде тұр. ІІ тоқсанда бастауыш сыныптардың 30 оқушысы тасымалданды.

Мемлекет тарапынан әлеуметтік көмек қажет ететін оқушыларға арналып, 50 ноутбук, 25 планшет,14 компьютер алынды. Оның ішінде 50 ноутбук,11 планшет және 3 компьютер өз өтініштеріне сай көп балалы, толық емес және көмек қажет ететін оқушыларға таратылып берілді.

ЖБМББ қоры есебінен АӘК алатын 6 оқушыға оқу құралдары мен спорттық аяқ киімдер барлығы 108 000 теңгеге алынып берілді.Сонымен бірге, осы балаларға 42 000 теңгеге спорттық киім алынып берілді.

Көп балалы, аз қамтылған,толық емес отбасы балаларына жалпы саны 48 оқушыға қыстық куртка, етік барлығы 810 000 теңгеге алынып берілді.

2020-2021 оқу жылының І жартыжылдық қорытындысы бойынша барлығы 753 оқушының 161 үздік,345 екпінді,196 оқушы орта. 74,5 % білім сапасын көрсетіп отыр.

2020-2021 оқу жылының І жартыжылдығында ұстаздарымыз бен оқушыларымыз аудан, облыс көлеміндегі іс- шараларға  белсенді қатысып, төмендегідей жетістіктерге жетті:

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Ахметова облыстық «Жетісу кітапқұмарлары» байқауына қатысып, ІІ орын иеленді.

Республикалық педагог мамандар арасында өткізілген «Лучший мақала» байқауында мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлзира Ахметова І дәрежелі дипломмен марапатталды.  

«Өнеге» интелектуалды білім порталының Республикалық қашықтан өткізген «Ашық тәрбие сағаты» байқауында Райымбек Жаңагүл  І дәрежелі дипломмен марапатталды.  

Сурет бойынша «Менің Отаным-қазақстан» атты аудандық байқауға қатысқан 9 ә сынып оқушысы Шалқанова Томирис  бас жүлде иеленіп, мақтау қағазбен және сыйлықпен марапатталды.

 9 ә сынып оқушылары Ахмет Амира, Женисова Нұрай, Қалиясова Нұрай, Сасан Диана, Тастыбай Аяулым, Айдар Ақтоты, Шалқанова Томирис “Елбасы медалі» бағдарламасы бойынша республикалық байқауға қатысып, қола медаль иеленді. «Елбасы медалі» -жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Бағдарлама 7 негізгі бағыттардан тұрады: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, эспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы. Бағдарлама 14 пен 29 жас  аралығын қамтиды. 2020 жылы «Елбасы медалі» бағдарламасына 11 мыңнан астам жастар қатысты. 9 желтоқсанда «Елбасы медалі» бағдарламасына қатысушыларды марапаттау жөніндегі комиссияның отырысы өтіп, 1000 қатысушыны қола медальмен марапаттау туралы шешім қабылдады. 

«Алтын күз» ІІІ Республикалық өнер және шығармашылық байқауына қатысып, Баймұрат Іңкар І орын, Сембек Азат ІІ орын, Жұмахан Айдана І орын, Құттыбек Жанерке ІІ орын, Арын Сезім І орын иеленді. Қатысуды ұйымдастырған сынып жетекшілері Жексембаева Орынбасар мен Бидайбекова Фарида алғыс хатпен марапатталды. Республикалық «Алтын күз»   шығармашылық байқауында 9 -сынып оқушысы Жапархан Үміт І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі – Гүлзира Ахметова.

Республикалық дарынды оқушылар порталының   қолдауымен ұйымдастырылған «Қаһарман» атты шығармашылық байқауда «Лучший» деп танылған 8-сынып оқушысы Тоқтар Алина І   дәрежелі дипломмен марапатталды. Қатысуды ұйымдастырған педагог-ұйымдастырушы А.Жұмабек және сынып жетекшісі С.Жапсарбаева алғыс хаттармен марапатталды.

«Жемқорлық-індет, жою-міндет» тақырыбында ұйымдастырылған аудандық сурет байқауында Бақытқызы Айша ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Тоғызқұмалақтан өткен облыстық жарыста 5-сынып оқушысы Құсайын Амина ІІІ дәрежелі диплом иеленді.

«Дарын Азия» - халықаралық үш тілде оқытатын оқу орталығы ұйымдастырған «Математика пәні» халықаралық байқауында 6 сынып оқушысы Алмабай Арлан І дәрежелі Дипломмен марапатталды.  Жетекшісі – Райымбек Жаңагүл

 «Абай – дана, Абай – дара қазақта!» атты республикалық байқауда Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлзира Ахметова дайындаған 9 сынып оқушылары: Тастыбай Аяулым, Айдынқызы Алтынай - І дәрежелі Дипломмен, Жұмағұл Жанэль, Даниял Ақмейір ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды. 

Республикалық «Поэзия әлемі» шығармашылық байқауында І дәрежелі Дипломмен 5 сынып оқушысы Болатбекқызы Мәрмәр марапатталды.   Жетекшісі: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлзира Ахметова.

Республикалық қашықтан өткізілген «Абай мұрасы – қазақтың қасиетті қазынасы» атты байқауда 9- сынып оқушысы Сасан Диана жүлделі І орын иеленді. Жетекшісі – Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлзира Ахметова. 

ILEADER.KZ Республикалық дарынды оқушылар порталының қолдауымен ұйымдастырылған жалпы республикалық байқауға қатысып, «AllAbout myself» атты шығармашылық байқауда Сұлтанғазықызы Аруза І дәрежелі Дипломмен марапатталды. Жетекшісі – Жапсарбаева Сәуле.

«Лучший ғылыми жоба» атты шығармашылық байқауда 8- сынып оқушысы Нұркасымова Акбота  І дәрежелі Дипломмен марапатталды. Жетекшісі – Жапсарбаева Сәуле.

Республикалық «Жас шебер» шығармашылық байқауында І дәрежелі Дипломмен 8- сынып оқушысы Нұрбаққызы Жаңыл марапатталды.  Жетекшісі – Карбозова Сауле.

«Мұрагер» интелектуалды білім порталы ұйымдстырған «Қыс қызығы» байқауында Мұхтар Айкүнім І орын иеленді. Жетекшісі – Масақбаева Айгүл. 

Республикалық қашықтан өткізілген «Мәнерлеп оқу» байқауында Искакова Калия Көсембайқызының оқушылары – Сайлаубай Ерболат пен Шалқыбек Аман жүлделі І орын иеленді. 

«Атамұра» интелектуалды білім порталы ұйымдастырған «Таңғажайып картина» байқауында Искакова Калия Көсембайқызының 3 оқушысы Бас жүлдені жеңіп алды. Олар: Жанат Данир, Шалқыбек Аман, Сайлаубай Ерболат.

"Тәуелсіздік - тәңірден келген тәтті сый" атты   республикалық байқауда 6 «ә» сынып оқушысы Жадыра Өнерқызы ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды. Жетекшісі –   Гүлнәр Жағыпер.  

"Тәуелсіздік - тәңірден келген тәтті сый" атты   республикалық байқаудың «Көркем жазу өнері» номинациясында 9 сынып оқушысы Ерімбет Фатима  І дәрежелі Дипломмен және 5 сынып оқушысы Бақыт Сандуғаш   ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды. Жетекшілері – Гүлзира Ахметова.

Республикалық «Поэзия әлемі» шығармашылық байқауында ІІ дәрежелі Дипломмен мектепалды даярлық тобының оқушысы Шалқыбек Аман марапатталды.   

«Алтын қыран» ерекше дарын иесі зияткерлік олимпиадасына қатысқан 4- сынып оқушылары: Сапарби Азиза  ІІ дәрежелі Дипломмен, Абдрахман Нұрислам ІІІ дәрежелі Дипломмен, Қалияс айым ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды. Жетекшілері – Бектемисова Динара. 

«Қызықты математика және Логика» республикалық олимпиадасында 2 сынып оқушылары -  Мұратқызы Айгерім мен Сапарби Алихан І орын, Мұхамед Мәриям ІІ орын иеленді. 





Мектеп-гимназия директоры                              М.Тулекенов




Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы бойынша  2020-2021 оқу жылында қамқоршылық кеңестің атқарған жұмысының есебі.

 Ата-аналардың мектеппен қарым-қатынастағы басты рөлі – серіктестік. 

Осы мақсатта     Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында  қамқоршылық кеңесі қызметін ұйымдастыру және жүргізу бойынша жұмыс тобы   құрылған. Попечительский советі туралы ереже дайындалған. Кеңес құрамына ата-аналар, мұғалімдер, барлығы 9 адам бар. Попечительский советтің төрағасы болып  Ш.Нұрғалиева сайланды.

Попечительский советі 4 комиссиядан тұрады, олардың әрқайсысы жеке 

бағдарламаны жүзеге асырады: 

1. «Денсаулық, жайлылық, қауіпсіздік»  комиссиясының атсалысуымен  қыркүйекте «Денсаулық фестивалі-2020», Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған минифутболдан жарыс өтті. Жарысқа 1-11-сынып оқушыларының әкелерінен тұратын 15 команда қатысты.Тартысты өткен жарыста 4"Б" сыныбының әкелері І орын, 1 "А" сыныбының әкелері ІІ орын, 7"А" сыныбының әкелері ІІІ орын иеленді.  Жеңімпаздар   мақтау қағаздармен, кубоктармен марапатталды. Алдағы уақытта аналар арасында волейболдан жарыс өткізу жоспарланып отыр. 

Попечительский совет мүшелері оқушылардың  ыстық тамақпен қамтылуы мен тамақтың сапасын бақылауда ұстайды.Қазіргі кезде асхана уақытша   жұмыс жасап тұрған жоқ.

2.«Педагогтерді, қызметкерлерді, оқушыларды әлеуметтік қорғау»  комиссиясының атсалысуымен  2020-2021 оқу жылында    республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында барлығы 32 оқушыға 243 000( екі жүз қырық үш мың) теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. 

3. «Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру. Білім беру» комиссия мүшелерінің атсалысуымен 18 қыркүйек күні қазақ отбасының  өнегелі құндылықтарын насихаттау мақсатында  «Мен өз баламды мақтан тұтамын» атты отбасылық тәрбиелік шара өтті. Шараны 2ә және 6ә сынып оқушыларынан тұратын «Асыл арман» шаңырағы ұйымдастырды. Шараға Асқаровтар, Шабанбаевтар, Айдыновтар және Қожахметовтер отбасылары қатысты.
 Әр отбасы өз балаларының оқуда, спортта,өнерде қол жеткізген табыстары мен бірге өз отбасындағы құндылықтарын паш етіп, өнерлерін ортаға салды.
 Асқаровтар отбасы- ұлттық тәрбиені, Шабанбаевтар -салауатты өмір салтын ұстануды, Айдыновтар-имандылықты, Қожахметовтар отбасы- жанұядағы ауызбірлік пен махаббаттың жарқын бейнесін жоғары деңгейде танытты. 

«Өлкетану» бағытында мұражайларға  саяхат-сабақтар жоспарланып, қазіргі таңда мектеп-гимназия оқушылары  З.Тамшыбаева, Н.Алдабергенов, М.Тынышбаев, І.Жансүгіров мұражайларына және Б.Римова атындағы облыстық драма театрына саяхатқа апарылды.

4. «Әлеуметтік серіктестік» комиссиясының атсалысуымен  25 қыркүйек күні «Ұлытау» шаңырағының оқушылары  «Ата-ана жұмысындағы 10 күн» тәжірибесіне қатысып, кәсіби бағдар алды. «Асыл қазына» шаңырағының оқушыларымен  29 қыркүйек күні «Көшбасшылық сабақтары» тақырыбында туған ауылды еңбегімен көркейтіп жүргеy жеке кәсіпкерлер Т.Жүнісова және Б.Жұмахановпен кездесу өтті.

Сонымен қатар 28 қазан күні Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру   мақсатында  ұйымдастырылғын «100 ағаш» акциясы  аясында   60 000 (алпыс мың) теңгеге 30 түп бүрлі ағаш, 105 000 (жүз бес мың) теңгеге қарағай, 7000 (жеті мың) теңгеге  30 түп раушангүл сатып алынып, мектеп-гимназия аумағына отырғызылды.   Алдағы уақытта  мектеп-гимназия аумағын    тағы 55 қылқан қылқан жапырақты ағаштармен безендіру жоспарланып отыр.

Кеңес отырысы әр тоқсанда бір рет өтеді және ашық сипатқа ие. 

Попечительский советі заңды тұлға мәртебесінсіз қоғамдық ынталы топ ретінде жұмыс  жасайды; ұйымның банкте шоты, мөрі жоқ; құжаттама және есеп-қисап жүргізетін ақылы штаты жоқ.

Попечительский советі нәтижелі  жұмыс жасау барысында 

  келесі оң өзгерістер байқалады: 

-кеңес –  алқалы басқару формасы; 

 -қоғамдық-саяси және мәдени-көпшілік жұмыс жандана түсті. 

Попечительский советі өзін-өзі басқару органы ретінде жалпы білім беретін мектептерде қамқоршылық кеңестері қызметінің Үлгілік ережелеріне және оны сайлау тәртібіне сәйкес жұмыс жасайды. 

 Мектеп-гимназиядағы  қамқоршылық кеңесінің  қызметінің басты тақырыбы: дарынды және аз қамсыздандырылған балаларды қолдау,   балалар мен жасөспірімдер үшін акциялар ұйымдастыру және өткізумен қатар мектеп-гимназияда  инновацияға қолдау көрсету болып табылады. 



Попечительский советінің төрағасы Ш.Нұрғалиева

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив