«Есірткі және уытқұмар препараттар туралы»
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп – гимназиясы бойынша «Есірткі және уытқұмар препараттар туралы» оқу жұмысының өтуі туралы мәлімет
2022-2023 оқу жылы
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп – гимназиясында 21 қыркүйекте «Есірткі және уытқұмар препараттар туралы» оқу жұмысы өтті.
Іс-шараға 8-9- сынып оқушылары мен ата-аналары қатысты. Тәрбиелік іс-шара барысында «Есірткі және уытқұмар препараттар», «Ықтиярсыз темекі тарту» презентациялары көрсетіліп, оқушылар мен сынып жетекшілер өз ойларын айтып, пікір бөлісті.
Қазіргі уақытта есірткі заттардың жаңа және аз зерттелген аналогтары бар.Олардың ішінде ең белгілі тобы-негізгі химиялық әрекет ететін психотропты әсері бар өсімдік қоспасы-«Спайс»
Спайс қоспаларын шегу кезінде мынандай асқынуларға: ағзаның күшті улануына-жүрек айнуына және құсуына,жүрек соғысының жиілеуіне және артериалық қысымның жоғарылауына,естен тану, комаға түсуіне әкеліп соғады.
Спайс қоспаларын шегетіндердің барлығы тұрақты жөтеледі, көзінен жас ағады, шекпеген уақытта даусы қарлығып шығады. Созылмалы ларингит, фарингит және өкпенің қабынуы жиі дамиды. Ауыз қуысы мен көмей, жұтқыншақ пен өкпе қатерлі ісігінің дамуын өршітеді.
Спайс қоспаларын шегетіндердің орталық жүйке жүйесі жағынан реакциясы әртүрлі -бұл эйфория күйі болуы мүмкін, себепсіз есіру немесе қарқылдап күлу, координацияның бұзылуы, көз алдына жалған елестер көрінуі және дыбыстардың естілуі.
Спайс қоспаларына тәуелді адамның көңілі мен жадысы нашарлайды, ми белсенділігі төмендейді, күйзеліске түсуі жиілейді, өзіне-өзі қол жұмсау дамиды.